Ұлыстың Ұлы күніне орай Мұнайлыда еліміздің дүлдүл жүйріктері арасынан аламан бәйге өтеді.
Бәйге десе делебесі қозып, жігері артып, қомданып қалатын барша ат сүйер қауымды, қызықты әрі тартысты бәйгенің куәгері болуға шақырамыз.
29 наурыз күні өтетін аламан бәйгенің бағдарламасы:
1. Аламан бәйге - 18 шақырым
2. Құнан бәйге - 7 шакырым
3. Тай бәйге - 3 шақырым және қыз қуу.
Басталуы: сағат 10:00
Өтетін орны: Батыр ауылдық округі, 17-ші бекет жанындағы бәйгетөбе
Бәйге Мұнайлы ауданы әкімдігінің қолдауымен және Маңғыстау облысы ұлттық спорт түрлері федерациясы қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өтеді.