Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы
(2024 жылдың 26-28 наурызы аралығында)
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-R-1 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, парасаттылық ынтымақтастық және өзара іс-қимыл, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
Е-R-1 |
354 069 |
406 714 |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шыққанға 2026 жылдың 16 қарашасына дейін) Санаты Е-R-1, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындау және қызметтен босату; «Мұнайлы ауданы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің жұмыстарын үйлестіру, директорын тағайындау және қызметінен босатуды жүзеге асыру; Заңнамаға сәйкес қызметкерлерді көтермелеу, материалдық көмек көрсету; Бөлім қызметкерлеріне тәртіптік жаза белгілеу сауалдарын шешу; Бөлім қызметкерлері арасында әдеп нормаларының сақталауын бақылау; Бөлім құрылымын әзірлеу жұмыстарын бақылау; Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау шараларын қадағалау; Цифрландыру бойынша тиісті шараларды қабылдау; Мемлекеттік қызметтердің уақытылы және сапалы көрсетілуін қадағалау; Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін, шағымдарын, үндеулерін қарастыру; Бюджетті экономикалық талдау, жоспарлау және орындалысын бақылау; Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды бақылау; Жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау жөніндегі мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды бақылау; Халықты жұмыспен қамту, кедейшілікті төмендетуге арналған бағдарламаларды жүзеге асыруды бақылау; Мекемелерде еңбек ақы берешегін болдырмау, қызметкерлердің еңбек құқығын қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық меморандумына қол қойылуын бақылау; Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне, қатысушыларына және ардагерлеріне әлеуметтік көмек көрсету жұмыстарының ұйымдастырылуын қамтамасыз ету; Азаматтардың әлеуметтік-әлсіз топтарын, басқа да әлеуметтік қорғау санатындағы азаматтарға мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек, тұрғын үй көмегін көрсетуді бақылау; Мүмкіндігі шектеулі балаларға үйден әлеуметтік көмек көрсету бөлімшесі арқылы, өзге адамның көмегін қажет ететін мүгедек балаларға үйлерінде әлеуметтік көмек көрсетуді үйлестіру және бақылау; Үйден оқып тәрбиеленетін мүгедек балалардың шығындарын өтеуді қадағалау; Денсаулығына байланысты құқықтарын жүзеге асыра алмайтын және міндеттерін орындай алмайтын іс-әрекетке қабілетсіз немесе шектеулі қабілеті бар кәмелетке толған азаматтарға қамқоршылық тағайындалуын үйлестіруді бақылау; Мүгедектің жеке оңалту бағдарламасына сәйкес, қажетті құралдармен қамтамасыз етуді бақылау; Нысаналы топтағы азаматтарды жұмыспен қамтудың белсенді шараларына тартылуын және әлеуметтік көмек тағайындалуын қадағалау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім
Қызметтер (қоршаған ортаны қорғау және өмір тіршілігінің қауіпсіздігі, әлеуметтік жұмыс, гигиена және өндірісте еңбекті қорғау); Бизнес, басқару және құқық (менеджмент, халықаралық құқық, еңбекті ұйымдастыру және нормалау, құқықтану, маркетинг, мемлекеттік аудит, экономика, қаржы, есеп және аудит, мемлекеттік және жергілікті басқару, мемлекеттік саясат, мемлекеттік басқару, өңірлік даму); Педагогикалық ғылымдар (педагогика және психология, әлеуметтік педагогика және өзін-өзі тану); Денсаулық сақтау (медицина); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (психология, әлеуметтану, қоғамдық байланыс).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі.(2-қосымша)
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________
e-mail: _________________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________________
________________ ______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
|
Қазақстан Республикасы |
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________ |
фото |
|||
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________ |
||||
|
ЖСН / ИИН 1 _______________________ |
||||
|
Туған кезі / Дата рождения |
||||
|
Туған жері / Место рождения |
||||
|
Ұлты / Национальность |
Білімі / Образование |
|||
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
||||
|
Мамандығы / Специальность |
||||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|||
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
||||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ |
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|||
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|||
|
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж |
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|||
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
|||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||
|
Жүктеу |
||||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц