Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2024 жылғы 27 ақпандағы №03-1-7/16 хаттамасынан ҮЗІНДІ
2024 жылғы 27 ақпандағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия:« Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жалпы бөлімінің бас маманы (санаты Е-4, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидат Усенова Айсулу Куатбаевнаға қатысты оң қорытынды қабылданды.