Жолаушылар мен багажды автомобильмен ауданiшiлiк тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарландыру
- Мұнайлы ауданының әкiмдігі, 2024 жылы Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылы мекен-жайы бойынша жолаушылар мен багажды автомобиль көлігімен тасымалдау мақсатында, аудан елдi мекендерiн жалғастыратын тұрақты тасымалдау маршруттарына қызмет көрсету құқығына арналған конкурсты өткiзу туралы хабарлайды.
- Конкурсқа мынадай маршруттардың пакеттерi (маршруттар) шығарылады:
№1 лот «Маңғыстау-Баянды-Маңғыстау» маршруты.
Конкурстың өтетін күні 11 наурыз 2024 жыл Маңғыстау ауылы «Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» ММ-нің ғимараты 1 қабат кіші мәжіліс залы сағат 15:00-де.
- Конкурсқа меншiк нысанына қарамастан, меншiк құқығында немесе өзге де заңды негiздерде автокөлiк құралдары бар кез келген
жеке және заңды тұлғалар қатысады.
- Конкурсқа қатысуға тiлек бiлдiрушiлер конкурстық құжаттардың жиынтығын алуға жазбаша өтiнiмдi Мұнайлы ауданы Маңғыстау ауылында орналасқан қоғамдық ұйымдар ғимаратының 3-қабатында орналасқан «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесіне ұсынуы тиiс.
- 5. Конкурстық құжаттарды алуға өтiнiмдердi қабылдаудың және конкурсқа қатысуға өтiнiмдердi қабылдаудың соңғы мерзiмi: 2024 жылғы 26 ақпан.
- Анықтама алу үшiн телефондар: (87292) 46-62-29. (87292) 46-62-30.