Mемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Маңғыстау облысы бойынша тексеру комиссиясының (бұдан әрі – Тексеру комиссиясы) мүшесі А. Касенованың қатысуымен «Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты», «Баянды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемелеріне және «Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесіне бюджет қаражатының және мемлекет активтерін пайдалану тиімділігіне жүргізілген мемлекеттік аудит нәтижелері бойынша дөңгелек үстел өткізілді.

Өткізілген отырыста, аудитпен анықталған бұзушылықтар талқыланып, бұзушылықтардың алдын алу және болдырмау мақсатында түсіндірме жұмыстары  жүргізілді.

Отырыс нәтижесімен, аудит объектілеріне орын алған бұзушылықтарды жою бойынша, тапсырмалармен ұсынымдар жолданып, оларды қолданыстағы заңнамаларда көзделген мерзімде орындау міндеттелді.

Дата публикации
29 декабря 2023