Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесіне шағымдану тәртібі

Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) оларды лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтер көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

 

Көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының мемлекеттік қызметтерді көрсетуге қатысты шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне) шағымдану үшін шағым көрсетілетін қызметті берушінің басшысына жіберіледі.

 

Шағым жазбаша нысанда почта арқылы, портал арқылы немесе қолма-қол көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне жұмыс күндері беріледі.

 

Шағымда:

1) жеке тұлғаның - оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), пошталық мекен-жайы, байланыс телефоны көрсетіледі;

2) заңды тұлғаның - оның атауы, поштасының мекен-жайы, шығыс нөмірі мен күні көрсетіледі. Шағымға көрсетілетін қызметті алушы қол қояды.

 

Шағымның қабылданғанын растау - шағымды қабылдаған адамның аты-жөні, шағымға жауап алу уақыты мен орны көрсетілген, көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі мен күні) болып табылады.

 

Портал арқылы жүгінген кезде шағымдану тәртібі туралы ақпаратты Бірыңғай байланыс орталығының 1414, 8 800 080 7777 телефондары арқылы алуға болады.

 

Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайларда, көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.

Дата публикации
11 декабря 2023