«Баянды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкім орынбасары. Санаты Е-G-1, 1 бірлік.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы

 

(2023 жылдың 07-11 желтоқсаны аралығында)

 

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

 

Е-G-1 санатының аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар белгіленеді:

 

Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

            мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;

            жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

            1) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-6, C-5, C-O-6, C-R-5, D-5, D-O-6, D-R-5, E-5, E-R-5, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

            2) жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

            3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес.

 

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

min

max

Е-G-1

354 069

406714

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

 

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы e.aimurzayeva@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Баянды ауылы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің әкім орынбасары. Санаты Е-G-1, 1 бірлік.      

Функционалдық міндеттері: Қазақстан Республикасының Жер кодексіне сәйкес жеке тұрғын-үй құрылысына және кәсіпкерлік нысандарының құрылысына байланысты жер бөлу, оның барысын қадағалау арқылы жұмыс жүргізу. Шағын орта кәсіпкерлік объектілеріне Жер учаскелерін таңдау комиссиясының қаралуына жататын тиісті құжаттарды дайындау. Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының жанындағы «Мұнайлы ауданы аумағынан жер учаскелерін бөлу, жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгерту және өзге де жер қатынастары мәселелерін қарау жөнінде» тұрақты комиссияның қарауына келіп түскен құжаттарды дайындау, жолдау, қаралып келген құжаттардың хаттамаға сәйкес, тиісті жауаптарын беру, шешімдердің жобаларын дайындау, оларды тіркеу. Келісілмеген жағдайда, тиісті хаттарды дайындау. «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Елді мекен шегінде обьекті салу жер учаскесін беру», «Сауда-саттық (конкурстарды, аукциондарды) өткізуді талап ептейтін мемлекет меншігіндегі жер учаскелеріне құқықтарда алу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрлерін және әр айда мемлекеттік көрсетілген қызметтер туралы есеп беруге жауапты. Мемлекеттік қызмет көрсетуінің жүрісі жайлы тиісті ақпаратты жоғары органға табыстау, мемлекеттік қызмет көрсетудің бекітілген тізімі мен стандарттарына сәйкес жеке және заңды тұлғаларға мемлекеттік қызмет көрсету бойынша жұмысына жауапты. Жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасын әзірлейді және оны жергілікті қоғамдастық жиналысының бекітуіне ұсынады. Жергілікті қоғамдастық жиынын, жергілікті қоғамдастық жиналысын өткізуді ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. Азаматтардың арыз-шағымдарын қарайды және бекітілген кестеге сәйкес ауыл тұрғындарын қабылдайды. Тұрғындардың діни сауаттылығын арттыру, экстримистік идеологияны қабылдамауды қалыптастыру бағытында және профилатикалық екпеден бас тартуды болдырмау мақсатындағы жұмыстарға жауапты. Мүдделі органдарға тапсырылатын тоқсандық, жылдық есептердің уақытылы және сапалы орындалуына жауапты. Тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастырады. Халықтың әлеуметтiк жағынан әлсіз топтарына қайырымдылық көмек көрсетуді үйлестіреді. Төтенше оқиғалардың алдын алу. Жедел қызмет түрлерінің жұмысын үйлестіру және бақылау. Жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасайды. Шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асырады, «Е-халық», «Е-лицензия», «Е-өтініш», «Бұлтты құжат айналымының бірыңғай жүйесі» базалары арқылы келіп түскен өтініштерді қарау, сапалы орындау. «Easy Project» кросс-платформасына ағымдағы жылы іске асырылатын барлық жобалардың уақытылы, сапалы енгізілуін бақылау және орындалуын қамтамасыз ету. Өз құзыретi шегiнде елдi мекендердi сумен жабдықтауды ұйымдастырады және су пайдалану мәселелерiн реттейдi. Елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастырады. Кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізеді. Жыл сайынғы әкімнің есеп беру кездесуін, ауыл әкімінің есебін, слайд көрмесін дайындап ұйымдастыруға, мемлекеттік рәміздердің жағдайына жауапты. Мереке күндері бекітілген кезекшілік кестеге жауапты. Өз құзыретiне жатқызылған мәселелер бойынша өзiне жүктелген мiндеттердiң iске асырылуы үшiн ауыл әкімі алдында жауап бередi. Бекітілген ережеге сәйкес аппараттың жұмысын ұйымдастыру, Әкім уақытша қызметте болмаған кезде қызметтік құжаттарға қол қою.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн  ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі.(2-қосымша)

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар  А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

«Б» корпусының мемлекеттік

әкімшілік лауазымына

орналасуға конкурс өткізу

қағидаларының

2-қосымшасы

 

 

Нысан

 

      __________________________

      __________________________

      __________________________

(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

 

Мені____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

(иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

________________________________________________________________________

Мекен жайы: ____________________________________________________________

Байланыс телефоны: _____________________________________________________

e-mail: _________________________________________________________________

ЖСН: __________________________________________________________________

 

________________                                                                        ______________________________

(қолы)                                              (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

    

  «___»_______________ 20 __ ж.

 

 

 

 

 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 158 Бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі Послужной список государственного служащего

Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________

фото
түрлі түсті,
30х40 мм

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________

ЖСН / ИИН 1 _______________________

Туған кезі / Дата рождения

 

Туған жері / Место рождения

 

Ұлты / Национальность

 

Білімі / Образование

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы / Специальность

 

Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали

 

Арнайы тексеру нәтижелері/
Результаты специальной проверки

 

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год)

 

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений

 

Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж

 

Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим

 

Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы

 

Отбасылық жағдайы / Семейное положение

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған / приема

босатылған / увольнения

     
   

Жүктеу

         

      Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
08 декабря 2023