Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күшін жою туралы

 

Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабының 2 тармағына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Осы шешімнің қосымшасына сәйкес Мұнайлы аудандық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мұнайлы аудандық

мәслихатының төрағасы                                                            Б. Билялов

 

 

Мұнайлы аудандық мәслихатының күші жойылды деп танылған кейбір шешімдерінің тізбесі

 

  1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3564 болып тіркелген).
  2. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы №32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3736 болып тіркелген).
  3. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 3 қазандағы №45/438 «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 10 желтоқсандағы № 32/341 «Мұнайлы ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4001 болып тіркелген).
  4. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2019 жылғы 28 қарашадағы №47/448 «Мұнайлы ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, әкетуге және көмуге арналған тарифтерді бекіту туралы» шешімі (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4050 болып тіркелген).
  5. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2022 жылғы 7 қыркүйекте №21/129 «Мұнайлы аудандық мәслихатының 2018 жылғы 30 наурыздағы №21/264 «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусы мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің қызметін бағалаудың әдістемесін бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы» шешімі.

 

Дата публикации
08 сентября 2023