Мемлекеттік қолдау шараларының бірі – кәсіпкерлікті дамыту бағытындағы жеңіл пайызбен несиелендіру және қайтарымсыз гранттар болып табылады:
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясындағы шағын несиелеу.
Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған жол картасы аясында кәсіпкерлерге жеңіл пайызбен несие беру мақсатында мемлекеттік қаражаттан Маңғыстау облысына 1 млрд. теңге (Ақтау мен Жаңаөзен қалаларына 500 млн. теңге) бөлінді. Басты талап – «Бастау Бизнес» және т.с.с. оқуларды бітіруі туралы сертификат. Несие 24 млн. теңгеге дейін 6 пайызбен инвестициялық мақсаттарға 5 жылға дейін, ал айналым қаражатын толықтыру үшін 3 жылға дейін беріледі.
Несие берудің операторы - «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ-ы болып табылады.
Толық ақпаратты Ақтау қаласы, 35 шағын ауданда орналасқан «Атамекен» МОФ 1 қабатында алуыңызға болады.
Қосымша ақпарат: 2021 жылы «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында дамыту мақсатында микрокредит 29 жасқа жетпеген 15 жас кәсіпкерлерге 135 млн. теңге бөлінді.
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы берілетін қайтарымсыз грант.
«Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ арқылы кәсіпкерлерді қолдау мақсатында қайтарымсыз негізде 1 225 200 теңге (400 АЕК) мөлшерінде мемлекеттік гранттар беру ағымдағы жылдың наурыз айынан бастап жоспарланған.
Гранттар берудің негізгі міндеті тұрғындарды өз бизнесін ашуға және кәсіпкерлік мақсаттарға ынталандыруға бағытталған. Грант алудың басты талабы «Атамекен» МОФ «Бастау Бизнес» оқуын бітіруі туралы сертификат немесе қысқа мерзімді сертификат болып табылады.
Бұрын осы бағдарлама бойынша грант алмаған адамдар, оның ішінде жастар, көп балалы және аз қамтылған отбасылардың мүшелері, жауапкершілігі шектеулі еңбекке қабілетті адамдар, көшіп-қонушылар және оралмандар грантқа үміткерлер бола алады.
Сізді қызықтыратын толық ақпаратты сайттан көре аласыздар www.adilet.zan.kz немесе «Ақтау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ 29 ш/а, 24 үй мекен-жайына барып, 8 (775) 118 35 53 телефонына қоңырау шалыңыз.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясындағы қайтарымсыз гранттар.
«Бизнестің жол картасы - 2025» бағдарламасы аясында 2 млн. - 5 млн. аралығында қайтарымсыз грант 2018 жылдан бастап, жыл сайын бөлінуде.
Грант бөлудің басты міндеті жас кәсіпкерлерді жеке кәсібін бастау болып табылады.
Операторы - Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы.
Қайтарымсыз грант алудың басты талаптары:
- 29 жасқа жетпеген жас кәсіпкер болу;
- Өз аймағында қарастырылмаған жаңа, инновациялық жоба болуы тиіс.
Осы жылы 30 қыркүйекке дейін өтінімдер қабылданды.
Толық ақпаратты «Маңғыстау облысының кәсіпкерлік және сауда басқармасы» ММ алуыңызға болады.
Қосымша ақпарат:
- 2020 жылы 6 жас кәсіпкерлерге 21 млн. теңге (Ақтау қаласы бойынша 1 жас кәсіпкерге 4,5 млн. теңге);
- 2021 жылы 9 жас кәсіпкерлерге 35 млн. теңге (Ақтау қаласы бойынша 5 жас кәсіпкерлерге 20,8 млн. теңге).