«Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Санаты Е-R-1, 1 бірлік.

Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы

 

(2023 жылдың 5 шілдесі мен 11 шілдесі аралығында)

 

Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:

Е-R-1 санатының ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдерінің, аудандық атқарушы органдары бөлімдері басшыларының мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына мынадай талаптар** белгіленеді:

жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары не орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;

мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-3, D-4, D-O-3, Е-3, D-R-3, E-R-3, E-G-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;

4) республикалық және жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердегі жұмыс өтілі үш жылдан кем емес оның ішінде басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес.

 

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:

Санаты

Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты

 

min

max

Е-R-1

354 069

406 714

«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы i.nurmukhan@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:

«Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы. Санаты Е-R-1, 1 бірлік.

Функционалдық міндеттері: «Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы бекітілген ережеге сәйкес бөлімнің жұмысын ұйымдастыру. Аудан аумағында қоғамдық келісімді, ішкі саяси тұрақтылықты нығайту, мемлекеттік рәміздерді пайдалану саласындағы мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру. Аудан деңгейінде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүзеге асыру. Тілдерді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру. Стратегиялық және ағымдағы жоспарларды дайындап, бекітеді. Ауылдық округ әкімдерінің, аймақтық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік ішкі саясат жөніндегі ақпараттық-насихаттау қызметіне бақылау жасап, үйлестіріп отыру. Аудан әкімдігі жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің іс-шара, жұмыс жоспарларын әзірлеу, отырысын ұйымдастыру, өткізу, хаттама дайындау. Саяси партиялар, ұлттық-мәдени бірлестіктермен, діни және өзге де қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру. Мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты қалыптастыру және іске асыру. Аудан әкімдігі жаныдағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің іс-шара жоспарын, жұмыс жоспарын әзірлеу, комиссия отырыстарын өткізу. Мемлекеттік тілді қолдану өрісін кеңейтудің, сондай-ақ осы ауданда тұратын халықтар тілдерінің дамуының бағдарламаларын дайындау және іске асыру. Ономастикалық комиссияның жұмысын үйлестіру. Ономастикалық обьектілердің атауларын реттеу, обьектілерді атау, қайта атау жөніндегі жергілікті жерлерден түскен ұсыныстарды саралау, тиісті құжаттарды рәсімдеу жөніндегі жұмыстар жүргізу. Үкіметтік емес ұйымдармен қоғамдық-саяси мәселелер бойынша өзара әрекет жасау. Саяси партиялардың, Үкіметтік емес ұйымдардың, Рухани жаңғыру, әлеуметтік желі, Жастар ресурстық орталығының жұмысы туралы апта сайын облыстық ішкі саясат басқармасына апталық ақпарат жолдап отыру. Рухани жаңғырудың аудандық офисінің жұмысын үйлестіру. Мемлекеттік мекеменің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің аясын айқындайды, бұйрықтар шығарады. Заңнамамен белгіленген тәртіпте бөлім қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жаза қолдану мәселесін шешеді. Бөлімнің қаржы шаруашылық жұмысын үйлестіру. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекетті ұйымдастыруға дербес жауапты болады. Мемлекеттік сатып алу туралы шарттар бойынша өз міндеттемелерін орындамаған не тиісінше орындамаған өнім берушілермен сот отырысына талап қоюшы өкілі ретінде сотқа қатысу. Қаржының шығысталуына бақылау жасауға.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.

Педагогикалық ғылымдар (Тіл және әдебиет мұғалімдерін даярлау); Өнер және гуманитарлық ғылымдар (Гуманитарлық ғылымдар); Әлеуметтік ғылымдар, журналистика және ақпарат (Әлеуметтік ғылымдар, Журналистика және ақпарат). Бизнес, басқару және құқық (Бизнес және басқару, Құқық).

Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:

1) Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;

2) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн  ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі. (2-қосымша)

Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.

Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.

Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.

Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.

Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.

Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.

Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.

Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.

Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.

Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.

Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.

Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.

Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар  А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.

Шағым жасау тәртiбi:

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.

Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.

 

 

 

 

 

 

 

Б" корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына орналасуға
конкурс өткізу қағидаларының
2-қосымшасы

Нысан

 

 

 

 

____________________________
(мемлекеттік орган)

 

Өтініш

Мені_______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.

«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттенемін.

Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге келісімімді білдіремін.

Мемлекеттік қызметші өзінің жақын туыстары (ата-аналары (ата-анасы), балалары, асырап алушылары, асырап алынған балалары, ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), аталары, әжелері, немерелері), жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары (жұбайының (зайыбының) ата-анасы бір және ата-анасы бөлек аға-інілері мен апа-сіңлілері (қарындастары), ата-аналары және балалары) атқаратын лауазымға тікелей бағынысты болатын мемлекеттік лауазымды атқара алмайды, сондай-ақ жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) және (немесе) жекжаттары тікелей бағынысында бола алмайтыны туралы талаппен таныстым.

Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________

     (иә/жоқ)

Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.

Қоса берілген құжаттар:

_________________________________________________________________

_____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мекенжайы: __________________________________________________

Байланыс телефондары: _______________________________________

e-mail: ______________________________________________________

ЖСН: ______________________________________________________

 

_________    _________________________________________________

       (қолы)                             (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))

 

        20 __ ж. "___"_______________

 

 

Қазақстан Республикасы
Мемлекеттік қызмет істері
агенттігінің төрағасы
2021 жылғы 10 қыркүйектегі
№ 158 Бұйрығына
2-қосымша

Мемлекеттік қызметшінің қызметтiк тiзiмі Послужной список государственного служащего

Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________

фото
түрлі түсті,
30х40 мм

Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________

ЖСН / ИИН 1 _______________________

Туған кезі / Дата рождения

 

Туған жері / Место рождения

 

Ұлты / Национальность

 

Білімі / Образование

 

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения

 

Мамандығы / Специальность

 

Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками

 

Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание

 

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали

 

Арнайы тексеру нәтижелері/
Результаты специальной проверки

 

Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год)

 

Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу

 

Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений

 

Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж

 

Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим

 

Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы

 

Отбасылық жағдайы / Семейное положение

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Күні / Дата

қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации

қабылданған / приема

босатылған / увольнения

     
   

Жүктеу

         

      Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
05 июля 2023