Ғылыми сараптама жүргізу - жемқорлықтың алдын-алудың басты кепілі!

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және жемқорлық факторларын анықтау үшін мемлекеттік органдардың нормативтік актілері жемқорлыққа қарсы күрес тұрғысынан талдану қажеттігін Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында нақты айтқан болатын.

          Осы орайда, Қазақстан Республикасының «Құқықтық актілер туралы» Заңы нормативтік құқықтық актілердің жобалары міндетті тәртіппен сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама (бұдан әрі - ғылыми сараптама) жасалуға жататындығы жөнінде нормамен толықтырылды.

Сонымен қатар, нормативтік құқықтық актілерге сараптама жүргізу тәртібін нақты айқындайтын Нормативтік құқықтық актілердің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары (бұдан әрі- сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидалары) /ҚР Үкіметінің 2020 жылғы 16 шiлдедегi № 451 қаулысы/ қолданысқа енді.

          Ғылыми сараптаманың мақсаты сыбайлас жемқорлық нормаларын анықтау, оларды жоюға бағытталған ұсынымдарды әзірлеу болып табылады.

          Міне, осы уақыттан бастап мемлекеттік тіркеуге жіберілгенге дейін мәслихаттардың, әкімдіктердің, әкімдердің және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілерінің жобалары ғылыми сараптаманың қорытындысымен әділет органына келісуге жіберіледі.

Қазіргі уақытта, ғылыми сараптаманы жүргізуді Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясы жүзеге асырады (Үйлестіруші).

Әзірлеуші органдар ғылыми сараптама жүргізу үшін нормативтік құқықтық актілер жобаларын бұлтты құжат айналымы бірыңғай жүйесі арқылы Үйлестірушінің мекенжайына жібереді.

          Сараптама жүргізу үшін әзірлеуші органмен Үйлестірушіге жіберілетін құжаттар, сондай-ақ сараптама жүргізілмейтін нормативтік құқықтық актілердің тізбесі сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама жүргізу қағидаларында нақты айқындалған /қағиданың 21, 5 тармақтары/.

          Сараптама жүргізу мерзімі заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілер жобалары және оған құжаттар Үйлестірушіге ұсынылған күннен бастап 10 жұмыс күнінен аспайды.

          Осылайша, мемлекеттік тіркеуге дейін жергілікті мемлекеттік органдармен әзірленетін және қабылданатын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы ғылыми сараптама қорытындысының болуы міндетті!

          Қорыта айтқанда, ғылыми сараптама жүргізу - сыбайлас жемқорлықтың алдын-алудың басты кепілі деп білемін!

 

 

Маңғыстау облысының әділет департаментінің

нормативтік құқықтық актілерді тіркеу бөлімі

Дата публикации
03 июля 2023