Конкурстық комиссиясының қорытынды отырысының 2023 жылғы 2 маусымдағы №03-1-7/25 хаттамасынан ҮЗІНДІ
2023 жылғы 2 маусымдағы Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Б» корпусының бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидаты іріктеу жөніндегі конкурстық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) қорытынды отырысы өтті.
Өткізілген әңгімелесудің нәтижесі бойынша Комиссия:
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметінің /кадр қызметінің/ бас маманы (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты еңбек демалысынан шыққанға 2024 жылдың 6 желтоқсанына дейін), (санаты Е-4, 1 бірлік) бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға кандидатқа қатысты оң қорытынды қабылданбады.