Сыбайлас жемқорлық қоғамдық дерт

Сыбайлас жемқорлық дегеніміз – заңда қарастырылмаған жеке немесе дәнекерлер арқылы мүліктік игілікке және мемлекеттік функцияларды атқаратын басымды тұлғалардың және де соларға теңестірілген тұлғалардың, лауазымдық дәрежелерін қолдана отырып және де лауазымының мүмкіндіктерін өз мүддесіне қолдана отырып мүліктік табыс алу үшін жасалынатын қадамдар.

ҚР «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының  негізгі мақсаты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға, сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiнен туындайтын қауіп қатерден, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, анықтау, олардың жолын кесу және ашу, олардың зардаптарын жою және кiнәлiлердi жауапқа тарту, сыбайлас жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың түрлерiн, сондай-ақ пайда болу жағдайларын белгілейді.

Cыбайлас жемқорлық заманның ағысымен өсіп келе жатқан, мол қаражат болған жерге тамырын тереңінен жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған қоғамдық дерт. Осындай келеңсіз құбылыстармен күрес жүргізу тек сот және құқық қорғау мемлекеттік органдардың міндеті ғана емес, әрбір ұлтжанды азаматтардың парызы. Мұндай ауыр дертті тек мемлекет және құқық қызметкерлерінің күшімен жеңу өте қиын. Жемқорлықтың алдын бүкіл халық болып қолға алсақ қана тоқтатуға болады. Сол себептен барлық мемлекеттік органдар мен лауазымды адамдар өз құзыретінің шегінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегияның негізгі басымдықтарының бірі – сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет деңгейін қалыптастыру болып табылады. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарастарын қалыптастыру мақсатында бөлімде тұрақты түрде  жиналыс өткізіледі. Жиналыстың негізгі идеясы, мақсаты қызметкерлерге  жемқорлыққа қарсы заңнаманы, сыбайлас жемқорлық туралы ұғымды түсіндіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдар бойынша шараларды жетілдіру, қызметкерлер арасында заңдылық пен жемқорлыққа қарсы тәртіп орнату, сыбайлас жемқорлық құбылыстарына қарсы әрекет ете білуге тәрбиелеу.

Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын, құрметтеуге міндетті. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды бір науқандық шара ретінде қарамай бұл мәселемен баршамыз бір кісідей атсалысып, күресуіміз  қажет.

Дата публикации
01 июня 2023