Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесінің бірі. Жемқорлық бүгін ғана пайда болған дүние емес. Сан ғасырлар бойы тамырын тереңге жайған індет іспетті. Күнделікті естіп, көріп жүргендіктен құлағымызға да үйреншікті болып кеткендей.
Иә, сыбайлас жемқорлықпен күресу – бүгінгі таңда күн тәртібінен түспей тұрған күрделі мәселелердің бірі. Әлемнің көптеген елдері секілді біздің мемлекетіміз де сыбайлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағытталған мақсатты жұмыстарды жүйелі түрде жүргізіп келеді. Жасыратыны жоқ, сыбайлас жемқорлықтың жиі бой көрсететін түрі – парақорлық. Бірінші кезекте пара берудің себептерін, пара алудың жағдайларын түп-тамырын жою үшін қоғам болып бірігіп, белсенділік танытуымыз қажет. Яғни, пара беру де, пара алу да үлкен қылмыс ретінде саналатындай қоғамдық сана қалыптасуы қажет.
Бүгін Көбіміздің түпкі санамызда жемқорлықпен тек мемлекет ғана күресу керек деп ойлаймыз. Бұл өте қате пікір. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сыбайлас жемқорлық қылмыстары әлеуметтік тұрғыдан пайда болғандықтан, оны болдырмау мен алдын алуды барлық мемлекеттік мекемелер қамтамасыз ету қажет. Әр мемлекеттік органдарда қатардағы маманнан бастап, басшылардың жұмысы қоғам мен ақпараттық құралдардың назарында болуы тиіс.
Бүгінгі таңда «Әділдік жоқ жерде пара алу жүреді» деген сөз халық арасында белең алған. Егер сыбайлас жемқорлық жойылса, халықтың сенімі пайда болып, күдік те сап тыйылар еді. Сондықтан еліміздің әрбір азаматы ҚР Конституциясын, құқықтарын жетік біліп, жіті түсініп, абыройы мен қадір-қасиетіне құрметпен қарауға тиісті. Және әрбір Қазақстандық, әр отбасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бүкіл қоғамның әр азаматтың ісі екендігін түсінуі керек. Сонда ғана сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді