«Бизнеске жол» жобасы кәсіпкерлердің мәселелерін шешуге бағытталған

«Бизнеске жол» - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің кәсіпкерлерді қорғау жобасы. Жобаның мақсаты – шағын және орта кәсіп иелерінің жерді рәсімдеу, сәулет және басқа да бақылаушы органдардан рұқсат алу, коммуникацияларды қосу, сондай-ақ мемлекеттік қолдауды (кредиттер, гранттар, субсидиялар) алу кезінде кездесетін проблемаларды шешу болып табылады.

Жоба аясында Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті ашықтық пен айқындықты қамтамасыз ете отырып, бизнес субъектілерінің мәселелеріне ден қоюда. Жыл басынан бері 700-ден аса кәсіпкердің құқығы мен мүддесі қорғалды.

Кәсіпкерліктің дамуы үшін қолайлы орта құрылуы маңызды екені белгілі. Алайда, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке өңірдегі бизнес өкілдері көбінесе жерді жалға алу, қайта рәсімдеу, инфрақұрылым, артық құжат жинау сынды кедергілерге тап болатынын айтып, шағымданады.

Сондықтан, бизнесті жүргізу процесінде әкімшілік кедергілер немесе басқа да сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туындаған жағдайда, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің 8 (7292) 31-91-10 телефон номеріне немесе 1424 Call-орталығына  хабарлаңыз.

Адал бизнесті қорғау – басты басымдық.

 

Маңғыстау облысы бойынша

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы

қызмет департаменті

Дата публикации
16 мая 2023