|
№ |
Іс – шара атауы |
Жауапты |
Мерзімі |
Қаражат талап етіледі/ етілмейді |
Шешу жолдары
|
|
Басқұдық ауылы |
|||||
|
1. |
№14 мектеп жанында құрылысты тоқтату мәселесі |
Ә.Өтегенов, Ж.Курманов, Е.Дербисов
|
31.12.2022 |
Қаражат талап етілмейді |
№14 орта мектеп және оның жанындағы құрылыс нысаны Ақтау қаласының шекарасына тиесілі. Бүгінде Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан құрылыс нысан иелеріне қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар алу жұмыстары жүруде. Материалдары сотқа жолданды |
|
2. |
Ауылішілік көшелерге асфальт салу |
Ә.Өтегенов, Ж.Курманов, Қ.Абыханов |
2023 ж. |
Қаражат талап етіледі |
Ауылішілік 53,6 шақырым жолды асфальтау жұмыстарының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтау үшін мемлекеттік сатып алу конкурсы жарияланып, мердігер мекеме анықталды. Қазіргі таңда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Сондай-ақ, қалған 35 шақырымға жобалық іздестіру жұмыстары жүргізілуде |
|
3. |
Ауылдық округ аумағынан өтіп жатқан газ құбырын көшіру және сол жерге жол салу |
Ә.Өтегенов, Ж.Курманов, Қ.Абыханов |
2023-2024жж. |
Қаражат талап етіледі |
Қазіргі таңда аталған газ құбырын көшіру және жол салу бойынша ЖСҚ жасақталуда |
|
4. |
Тоқ қуатының төмендігін көтеру |
Ә.Өтегенов, А.Үкібаев, Ж.Курманов |
2023ж. |
Қаражат талап етіледі |
Модульдік жиынтық қондырғысы ретінде 2 дана подстанция құрылысын салуға аудандық құрылыс бөлімі тарапынан жобалық-іздестіру жұмыстары жасақталды және жобалық-сметалық құжаттамалар жасақтау үшін бюджеттік өтінім ұсынылды. Жер телімінің құжаттары рәсімделуде. |
|
5. |
«Орда» мейрамханасынан төмен ауылға кірген жолдағы газ реттегіш құрылғыны алу |
Ә.Өтегенов, Ж.Курманов |
2023 ж. |
Қаражат талап етіледі |
Аталған орындағы жер астындағы газ трубалар алынып бетіне шығарылып, ГРП ауыстырылады. Жобада қарастырылған |
|
6. |
«Мұхамбет» медицина орталығының алдындағы көлік тұрағын реттеу |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов |
31.12.2022 |
Қаражат талап етіледі |
Жол кеңейтіліп машина қоятын орын дайындалып, пайдалануға берілді. |
|
7. |
Қайнар көшесін тегістеу |
Ә.Өтегенов, Ж.Курманов |
|
2022 жыл қараша |
Ауылдық округті аббатандыру есебінен тегістеу жұмыстары жүргізілді |
|
8. |
Әлеуметтік маңызы бар азық түлік бағаларына мониторинг жүргізу |
Б.Сүлейменов, Ж.Курманов, М.Жанжигитова |
|
Үнемі |
Дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде |
|
Дәулет ауылы |
|||||
|
9. |
Аудан және ауылдық округ бойынша кресло-арбаны қолданатын мүмкіндігі шектеулі жандарға, заманауи инвотакси көліктерін қолданысқа беру |
Н.Мұстафаев Р.Кесікбаева |
2022-2023 жж. |
Қаржы талап етіледі |
Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы инвотакси көлігін сатып алу туралы конкурс бүгінгі күнге дейін жарияланған болатын, бірақ нарықта көліктің болмауына байланысты жеңімпаз мердігерді анықтау мүмкіншілік болмай отыр. Қазіргі таңда аудан көлемінде 2 инвотакси өз қызметін атқарып тұр. Аталған мәселе бойынша осы жылы тағы да конкурс жариялау жоспарлануда |
|
10. |
Дәулет ауылдық округінің орталық жолында орналасқан «Салтанат» азық-түлік дүкені жанынан автобус аялдамасын салу |
Ә.Өтегенов, Н.Беков |
|
|
Дәулет ауылдық округінде орналасқан «Салтанат» азық-түлік дүкені жанынан абаттандыру есебінен аялдама салынатын болады. |
|
11. |
Жаңадан салынып жатырған Мұнайлы аудандық ауруханасына нефролог маманымен қамтамасыз ету туралы |
С.Ноғаева, Ж.Досжанова |
|
|
Мұнайлы ауданының даму жоспарына сәйкес, 2024 жылы Маңғыстау ауылынан Жаңа үлгіде, заманауи құрылғыларымен жабдықталған аурухана құрылысы жүргізілуде. Аталған нысан, қолданысқа берілгеннен кейін қажетті мамандармен қамтамасыз етілетін болады |
|
12. |
Ауылішілік жолдарды тегістеу және жол белгілерін жөндеу мәселесі |
Ә.Өтегенов, Н.Беков |
|
|
Қазіргі таңда Басқұдық ауылымен Атамекен ауылының жолдарына құм төселіп тегістеу жұмыстары жүргізілуде, Қызылтөбе ауылдық округімен Жаңа Дәулет тұрғын массиві арасындағы жол тегістелді. Мұнайлы ауданы бойынша, ауылішілік автокөлік жолдарға жол ереже белгілері бойынша аудандық Полиция бөлімінің қызметкерлерімен бірге жұмыстар жүргізілді. |
|
13. |
Дәулет ауылдық округі, Жаңа Дәулет т.ү.а., №26 үйлердің астынан жер асты суының шығуына байланысты шаралар қабылдау |
Ә.Өтегенов, Н.Беков |
|
|
Жаңа Дәулет т.м №24,25,26 үй және үйлер маңынан жер асты суын ауыл шетіне шығару бойынша, 2023 жылы абаттандыру есебінен қосымша бір дренаж қондырғысын орнатылады. |
|
14. |
Иесіз бұралқы иттерді аулау бойынша |
Б.Сүлейменов, Ұ.Қапашев, Н.Беков |
|
|
Ит ату бойынша «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Ит аулау жұмыстары ауыл тұрғындарының арызы негізінде ветеринариялық станция мамандары және ауыл әкімдігі мамандарының қатысуымен жүргізілетін болады |
|
Баянды ауылы |
|||||
|
15. |
Ауыл ішілік қоқыс мәселесі. Айына 2 рет тазалық жұмыстарын жүргізу |
Ә.Өтегенов, Д.Мураталиев |
|
Қаржы қажет етілмейді |
Ауылдың санитарлық тазалық мәселесімен «Атамекен-тазалық» ЖШС айналысады. Аптасына 1 рет тазаланып отырады. Бақылап отыратын боламыз. |
|
16. |
Ойын-алаңы мәселесі. |
Ә.Өтегенов, Д.Мураталиев |
2023 ж |
Қаржы қажет етіледі |
Ойын-алаңдары бойынша смета дайын. Ескі ойын-алаңдары жөнделетін болады. Және, тағыда жаңадан ойын-алаңдары салынатын болады. |
|
17. |
Дүкендердегі азық-түлік қымбат, баға тұрақсыздығы мәселесі |
Б.Сүлейменов, Д.Мураталиев |
Тұрақты |
Қаржы қажет етілмейді |
Ауыл бойынша 12 дүкен бар.Оның1-і супермаркет, 1-і гипермаркет бар. Арнайы мониторинг топ бар. Жергілікті қауымдастық мүшелері бар. Аптасына 2 рет аралап тұрады. Әлеуметтік маңызы бар 19 тауардың үстем ақысын 15% асырмауы тиіс. Егерде пайызын асырған жағдайда ауданға ақпарат беріп отырамыз тиісті шарасы алынатындығы түсіндірілді. |
|
18. |
«Айдос» минимаркетінде үш жұмысшысы бар. Ішіне жылу, су өткізу бойынша қандайда бір көмек сұрайды. |
Б.Сүлейменов, М.Жанжигитова, Д.Мураталиев |
|
|
Қазіргі қолданыстағы заңнамаға сәйкес 1 млн 200 мың тг грант бар, және 6% жеңілдетілген несие алу мүмкіндігі және «Каспий» ӘКК-нан арзан бағамен азық-түлік тауарларын алу туралы түсіндірілді. Атамекен кәсіпкерлер палатасы жанында іскер айелдер қауымдастығымен бірлесіп жұмыс жасау туралы түсіндірілді. |
|
19. |
II-топ мүгедек, мектептен көмек сұрайды. №3 мектепте 2-сыныпта баласы оқиды. |
Н.Мұстафаев, Д.Мұраталиев |
30.11.22ж |
Қаржы қажет етіледі |
Біржолғы материалдық көмек және бір реттік азық-түлікпен көмек көрсетілді. |
|
20. |
Ауруханадағы емшара жұмыстарын ертерек бастау туралы |
С.Ноғаева, Ж.Досжанова |
|
Қаржы қажет етілмейді |
Медицина қызметкерлерінің өзінің қызметтік міндеттеріне сәйкес,таңертеңгі 8:00ден 09:30-ға дейін анализ алады. Өзіндік нормативтік ережеге сәйкес 10:00-ден бастап екпе жұмыстары басталатындығы түсіндірілді. |
|
21. |
«Айдос» дүкенінің жылу мәселесі |
Ә.Өтегенов, Д.Мұраталиев |
30.11.2022 |
|
Дүкеннің құжаттарын дайындағаннан кейін, қолданыстағы заңнамаларға сәйкес тиісті шаралар қабылданатындығы түсіндірілді. |
|
22. |
Ауыл ішіне жол кедергісін салу туралы |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, Д.Мұраталиев |
Тұрақты |
Қаржы қажет етіледі |
Жасанды жол кедергілері орнатылатын болады. |
|
Қызылтөбе ауылы |
|||||
|
23. |
Тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында қаңғыбас иттерді аулау жұмыстарын жүргізу. |
Б.Сүлейменов, Ұ.Қапашев, Р.Шамуханов |
|
|
Ит ату бойынша «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Ит аулау жұмыстары ауыл тұрғындарының арызы негізінде ветеринариялық станция мамандары және ауыл әкімдігі мамандарының қатысуымен жүргізілетін болады |
|
24. |
Қызылтөбе ауылдық округіне қарасты елді мекендердің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, бақылауда ұстау. |
Ә.Өтегенов, Р.Шамуханов |
|
|
Қызылтөбе ауылдық округі аумағындағы санитариялық тазалау бойынша жұмыстарды «Атамекен- тазалық» ЖШС жүргізеді. Ауылдық округ бойынша тұрғын үйлерден шыққан қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау жұмыстары бекітілген кестеге сәйкес, полигонға тасымалданады. Елді мекендерде жүргізілетін санитарлық тазалау жұмыстары ауылдық округ әкімі аппаратының тарапынан күнделікті бақылауға алынған. |
|
25. |
Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабы 1233-1317 үйлер аралығындағы көше жарығын жағу |
Ә.Өтегенов, А.Үкібаев, Р.Шамуханов |
|
|
Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабы 1233-1317 үйлер аралығындағы көше жарығы шамдары ауыстырылды.
|
|
26. |
Құлбарақ көшесін қиыршық тас аралас топырақ төгіп, тегістеу
|
Ә.Өтегенов, Р.Шамуханов |
|
|
Қызылтөбе ауылдық округінің абаттандыру қызметі есебінен көшелерге құм төгіліп, автогрейдер көлігімен тегістеу жұмыстары жүргізілді. |
|
27. |
Қызылтөбе ауылдық округінің елді мекендерін орталықтандырылған ауыз су құбырына қосу |
Ә.Өтегенов, Ж.Мұқашев, Р.Шамуханов |
|
|
«Каспий» су тұщыту зауытынан Батыр ауылына дейін тартылған 7 шақырым құбырға жөндеу жұмыстары жүргізілгеннен кейін ауыз су берілетін болады. |
|
Батыр ауылы |
|||||
|
28. |
Ақтау-Батыр-Ақтау және Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау маршруты бойынша автобус парктерін жаңартып, жүру интервалын қысқартса екен. Сонымен қатар, ауылдық округте иттер тым көп, балаларды мектепке жіберуге қорқамыз, сол иттерді ауласа екен. |
Ә.Өтегенов, Б.Сүлейменов, Қ.Абыханов, Ұ.Қапашев, С.Айтбаев |
|
|
Автобус мемлекет тарапынан берілмейді. Тендерге қатысып жеке кәсіпкерлер ұтып алып қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда, жаңа автобустары бар кәсіпкерлер болмай отыр. Кәсіпкерлерді тарту бағытында келіссөздер жүргізетін боламыз. Қазіргі таңда, бұралқы иттерде аулауға заңмен тиым салынған. Дегенмен, тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында өтініштеріңіз негізінде ауланады. Бекітілген жоспар бойынша ол жұмыстар жүйелі түрде жүргізілетін болады. |
|
29. |
Ақтау-Батыр-Ақтау бағыты бойынша жүретін автобус мектеп жанынан тоқтап кету мүмкіндігін қарастырсаңыздар екен. Ата-аналар тарапынан балаларын алып келу кезінде бірнеше рет ұсыныстар түсіп жатыр. |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, С.Айтбаев |
|
|
Ұсынысыңыз орынды. Басқада тұрғындардың өтініштері бойынша солай уақытша маршрут ауыстырылған болатын. Алдағы уақытта бұрыңғы маршрут бойынша жүруін қамтамасыз ететін боламыз. |
|
30. |
Хазар ш/а 4 көшесінен берілген өзіндік қосалқы шаруашылығына арналған жер телімдеріне газ тартып беруіңізді сұраймыз? |
Ә.Өтегенов, Е.Дербисов, С.Айтбаев |
|
|
Өздеріңіз білесіздер ауылдық округ шетінен тұрғын үйге арналған жер телімін беруге алаң дайындалып жатыр. Сол жерге газ желісін жүргізген кезде сіз айтып отырған көшені қамтып кету жоспарланып отыр. Ол жұмыстар өзімнің бақылауымда. Тез арада жұмыстарды бастап кететін болады. |
|
31. |
Мемлекеттік бағдарлама бойынша кезекпен үй алған болатынбыз. Дегенмен, сапасы сын көтермейді. Жауын кезінде үй алдына салынған құдықтар толып қалып ауыз су ішу қиын болып отыр. Сол себепті үй алдына құм төгіп берсеңіздер. |
Ә.Өтегенов, Е.Дербисов, С.Айтбаев |
|
|
Жалпы ол үйлер сіздерге берілгеннен кейін оны өз үйім деп сезінулеріңіз керек. Ол үйлер сіздердікі болып қалады. Сол себепті тұрып пайдаланып жатырғаннан кейін жауапкершілікпен қарап бұзылған жерлері болса қалпына келтіріп өз меншігіңіз ретінде қарау керексіздер. Алдағы уақытта салынған үйлерді қабылдап алу кезінде ол кемшіліктер ескерілетін болады. |
|
32. |
2015 жылы Дәулет ауылдық округіне жер кезегіне тұрдым, жер қашан беріледі? Жалғыз басты ана ретінде де сол жылы тұрғын үй кезегіне тұрған болатынмын. Ең болмағанда сол жер берсеңдер үй тұрғызып алар едім. |
Ә.Өтегенов, Е.Дербисов, Қ.Абыханов, Н.Беков
|
|
|
Қазіргі таңда Дәулет ауылдық округінен жер беру мақсатында 300 учаске дайындалып жатыр. Тоқ желілерінің жүргізу жұмыстары аяқталды. Енді газ желісін жүргізгеннен кейін берілетін болады. Дегенмен, сізге кезек жетпейді. Себебі 2006 жылдан бері кезекте тұрғандар бар. Тұрғын үй мәселесі бойынша сіздің кезек келген болу керек. Дегенмен жалғыз басты аналарға бір бөлмелі пәтер тиесілі. Осыған дейін салынған үйлер ең кем дегенде 2 бөлмелі болды. Маңғышлақтан сол бір бөлмелі пәтер салу көзделуде. Сол салынғаннан кейін сіз кезегіңіз бойынша алатын боласыз. |
|
Маңғыстау ауылы |
|||||
|
33. |
Маңғыстау ауылының санитарлық тазалығын қамтамасыз ету, тазалықты тұрақты бақылауда ұстау туралы |
Ә.Өтегенов, А.Абдикадиров |
|
|
«Маңғыстау Жылу» КММ бірге тұрақты түрде ауыл тазалығын бақылауда ұсталатын болады. |
|
34. |
Маңғыстау ауылы бойынша ауылішілік жолдарына грейдермен тегістеу жұмыстарын жүргізу |
Ә.Өтегенов, А.Абдикадиров |
|
|
Абаттандыру қаражаты есебінен ауылішілік жолдарға тегістеу жұмыстары жүргізілді. |
|
35. |
Бұралқы иттерді аулау жұмыстарын жандандыру. |
Б.Сүлейменов, Ұ.Қапашев, А.Абдикадиров |
|
|
Ит ату бойынша «Жануарларды жауапкершілікпен қарау туралы» заң күшіне енді. Ит аулау жұмыстары ауыл тұрғындарының арызы негізінде ветеринариялық станция мамандары және ауыл әкімдігі мамандарының қатысуымен жүргізілетін болады |
|
36. |
Орталық жолдардағы жасанды жол кедергілері мен жаяу жүргіншілер жолағын жаңарту. |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, А.Абдикадиров
|
|
|
Мұнайлы аудандық ТҮКШ, АЖ және ЖК бөлімі тарапынан тиісті шаралар қабылданып, жасанды жол кедергілері мен жаяу жүргіншілер жолағын жаңартылды. |
|
37. |
Кешкі мезгілде көше жарығымен қамтамасыз ету. Істен шыққан жарық шамдарды ауыстыру. |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, А.Үкібаев, А.Абдикадиров
|
|
|
«Маңғыстау Энерго» МКК тарапынан істен шыққан көше жарық шамдарын ауыстыру жұмыстары жүргізілді. |
|
Атамекен ауылы |
|||||
|
38. |
Ақжелкен көшесіндегі жер асты суды айдайтын насосты қалпына келтіру және дренаж немесе канализация жүрзігуді мәселесі бойынша тұрғындардың пікірін ескере отырып ұсыныс енгізу |
Ә.Өтегенов, Е.Дербисов, Е.Қайнаров |
|
|
Жер асты суды айдайтын насос қалпына келтірілді, сондай-ақ ауылға канализация жүргізу мәселесі қарастырылуда. |
|
39. |
Арай т.м. 6-7 көше жаңбыр суыy шығару (балама жолын қарастыру) және ауылішілік жолдарға гридер құм төгу жұмыстарын жүргізу |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, Е.Қайнаров |
|
|
«Арай» т.м. 7 шақырым асфальт жабындысы бар жол төсеу мақсатында, ЖСҚ жасақталды. 2023 жылы қаражат бөлінуіне қарай жол салынатын болады. Сонымен қатар, тұрғындардан өз аулаларыңызды (үйлеріңізді қолайсыз ауа-райынан жаңбыр т.б.) қалыпқа келтіру жұмыстарын жүргізулеріңіз сұралады. Қосымша әкімдік тарапынан жаңбыр суларын алу жұмыстары жүргізіліп отырады. |
|
40. |
№12 мектеп алдына көше жарық шамдарын орнату жұмыстарын ұйымдастыру |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, Е.Қайнаров, А.Үкібаев |
|
|
«Маңғыстау Энерго» МКК тарапынан орнатылатын болады. |
|
41. |
Бос жер учаскелеріне балалар ойын алаңдарын салу және қоқыс тастауды болдырмау мақсатында меншік иелерін анықтау жұмыстарын жүргізу |
Ә.Өтегенов, Е.Қайнаров |
|
|
Туған ел т.м. ағымдағы жылы ойын алаңы қолданысқа берілді. Бос жер учаскелерін мемлекет меншігіне қайтару мәселесі қарастырылуда. |
|
42. |
Заңгерлік көмек бойынша ауылда ашық есік күндерін өткізу және канализация жүргізу мәселесін қайта қарау |
Е.Оспан, А.Дюсенов |
|
|
2022 жылдың 7-9 жетоқсан күндері «Заң керуені» акциясы ұйымдастырылып, Мұнайлы ауданының барлық ауылдарында халықпен кездесулер өткізілді |
|
43. |
Кәсіпкерлік нысандардың сыртқы жарнамаларын қалыпқа келтіру бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізу |
Б.Сүлейменов, Б.Кенжалиев, Е.Қайнаров |
|
|
Ауыл әкімі тарапынан тиісті түсіндіру шаралары жүргізілді. Кәсіпкерлік нысандардағы сыртқы жарнамалар бақылауда. |
|
44. |
«Қаламқас» т.м. жол салу туралы |
Ә.Өтегенов, Қ.Абыханов, Е.Қайнаров, |
|
Қаражат талап етіледі |
«Қаламқас» т.м. асфальт жабындысы бар жол төсеу мақсатында ЖСҚ жасақталды. 2023 жылы қаражат бөлінуіне қарай жол салынатын болады.
|