Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев және ауыл, ауылдық округ әкімдерінің 2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы халықпен кездесулерінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен берілген ұсыныс-пікірлерді орындау үшін жасалған ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

Мұнайлы ауданының әкімі Е.Күмісқалиев және ауыл, ауылдық округ әкімдерінің  2022 жылдың ІІІ тоқсанындағы халықпен кездесулерінде тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтар мен берілген ұсыныс-пікірлерді орындау үшін жасалған

ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

 

№

Сұрақтар

Орындалу мерзімі

 

Орындаушылар

Орындалысы

I.                 Халықпен кездесуде қатысқан тұрғындар тарапынан түскен сұрақтар

1

Саргулова Венера (Жалын т.м. 256)

Жалын т.м. 1-4 көшелерге ауыз су келмейді сондықтан су беру кестесін қайта қарастырып аптаның  сейсенбі және бейсенбі күндері берілуін қарастырсаңыздар;

 

 

 

2022 жыл, қазан

 

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов

Атамекен ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Е.Пірназаров

«Маңғыстаужылу» МКК-ның өкілі Қ.Райсов

А.Кабыев

Атамекен ауылдық округі  бойынша су беру кестелеріне өзгерістер енгізілді. Күз айларына жасалған кестеге сәкес суды сейсенбі және бейсенбі күндері қазан айынан беру жоспарланып отыр.

 

 

2

Егізқараев Құлжан  (Атамекен т.м №408)

Атамекен ауылыдық округі бойынша асфальт салуды қарастырсаңыздар;

 

2023 жыл, наурыз

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов

Атамекен ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Е.Пірназаров

ТҮКШ  ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Атамекен ауылдық округі бойынша үш тұрғын массивті «Ауылым ел бесігім» бағдарламасы аясында  100 пайызға қамтамасыз ету жоспарланып отыр. Сондай-ақ «Ару» мейрамханасынан «Шағала» тұрғын массивіне дейінгі аралық 3,3 шақырым болатын асфальт жолына қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу үшін  ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сараптамаға тапсырылды.

3

Егізқараев Құлжан  (Атамекен т.м №408)

Жекеменшік мектептердегі мүжәлсіз санатындағы отбасылардың балаларына берілетін бір жолғы көмек ақша неге берілмейді?

 

 

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары С.Ноғаева

Аудандық білім бөлімінің басшысы Б.Демократұлы

Атамекен ауылдық округінің әкімінің у.м.а. Е.Пірназаров

 

Бір жолғы берілетін көмек ақша заңға  сәйкес мемлекеттік мектепте оқитын оқушыларға төленеді деп көрсетілген. Стандартқа сай жұмыстар жүргізілуде. Алайда, жекеменшік мектепте оқитын мүжәлсіз отбасылардың балаларына бір жолғы көмек ақшаны беру бойынша құзырлы органдарға ұсыныс хат жолданады.

4

Акимова Сара (Алматы шағын ауданы 8 көше тұрғыны)

Су мәселесі?

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Ауыз су облыс бойынша тапшы. «Каспий» су тұщыту зауыты үлгермей жатыр. Оның көлемін 2 есе ұлғайту мақсатында құрылыс жұмыстары жүріп жатыр. 2023 жылдың наурыз айында құрылыс жұмыстары аяқталады деп жоспарланып отыр. Келесі жылы жағдай жақсарады деп сенемін.

5

Акимова Сара (Алматы шағын ауданы 8 көше тұрғыны)

Ақтау-Батыр-Ақтау және Маңғыстау-Батыр-Маңғыстау маршруты бойынша автобус парктерін жаңартып, жүру интервалын қысқартса екен.

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Автобус мемлекет тарапынан берілмейді. Тендерге қатысып жеке кәсіпкерлер ұтып алып қызмет көрсетеді. Қазіргі таңда, жаңа автобустары бар кәсіпкерлер болмай отыр. Кәсіпкерлерді тарту бағытында келіссөздер жүргізетін боламыз.

6

Акимова Сара (Алматы шағын ауданы 8 көше тұрғыны)

Қашан жол салынады?

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Батыр ауылдық округіне жол төсеу бойынша 156 шақырымға жоба бар. Дегенмен жоба жасақтаушы мекеме ауылішілік жолдарға 4 жолақ көрсетіп кеткен. Сол кемшіліктерді шешіп жобаға қаржы сұрайтын боламыз. Құжаттарын рәсімдеп алғаннан кейін кезең-кезеңмен жол төсеу жұмыстарын бастайтын боламыз. Оған дейін жолдарды тегістеу жұмыстарын ауылдық округ әкімі жүргізеді. Оның тікелей міндетінде тұрған жұмыс.

7

Хазар шағын ауданы тұрғындары атынан

Хазар ш/а 4 көшесінен берілген өзіндік қосалқы шаруашылығына арналған жер телімдеріне газ тартып беруіңізді сұраймыз?

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Дербисов

 

Ауылдық округ шетінен тұрғын үйге арналған жер телімін беруге алаң дайындалып жатыр. Сол жерге газ желісін жүргізген кезде сіз айтып отырған көшені қамтып кету жоспарланып отыр. Дегенмен, қазіргі таңда бағаның өсіп кетуіне байланысты қайта ЖСҚ жасақталып жатыр. Жыл соңына дейін газ желісін жеткізіп беруге жұмыстанамыз.

8

Болашақ шағын ауданы 2 көше тұрғындары атынан

грейдер төсеп беруін сұраймыз

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

2020 жылы ауылдық округ бойынша 96 шақырым жолға грейдер төселінді. Сол кезде Астана, Алматы, Болашақ шағын аудандарының 2 көшесіне грейдер төселінген жоқ. Себебі 1 көшеде асфальт болғандықтан жақын тұрған көше деп басқа көшелерді қамтып кетті. Дегенмен, қалып қойған көшелерге грейдер төсеу мақсатында бюджеттік өтінім берілді. Қаржысы бөлінген жағдайда қалған көшелерге төсеу.

Грейдер секілді етіп жасамасақта уақытша тегістеу жұмыстарын жасап беру

9

Мұнайлы аудандық мәслихат депутаты Нұрманова Құралай

Жастарды тәрбиелеу мақсатында ауылдық округімізге мәдени ошақтар салуымыз қажет. Сол бағытқада көңіл бөлсеңіздер.

 

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Дербисов

 

Ұсынысыңыз орынды. Қазіргі таңда жастардың бос уақытын тиімді пайдалануым қамтамасыз ету мақсатында жеке кәсіпкерлер есебінен спорт орталықтарын салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Ауылдық округке кітапхана және мәдениет үйі қажет. Алдағы жылдары жоспарға енгізіп, құрылыс жұмыстарын бастау

10

Хазар шағын ауданы 1 көше тұрғыны Таубаев Мубарак Кәсіпкерлік нысандарды жолдың жиегіне дейін жақындатын салдырмауына бақылау жасалынса екен.

 

Жыл ішінде

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Дербисов

 

Кәсіпкерлік нысандардың құрылысы Батыр ауылдық округінде қолданыстағы заң талаптарына сәйкес салынып отыр. Кейбір кәсіп иелері жерін үнемдеу мақсатында жолға жақындатын өзіне берілген жеріне ғана салып отырған жайы бар. Ауылдық округ әкімі осы ауылдың келбетін сақтап қалу мақсатында заңсыз құрылыс нысанын жүргізбеуге бақылау жасау

11

Дүйсенов Илесбай

«Бек» дүкені мен Тобанияз көшесінің аралығындағы ойық, сай жерді топырақ төсеп, тегістеу

 

2022 жыл желтоқсан

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты

Қызылтөбе ауылдық округінің абаттандыру қызметі есебінен көшелерге автогрейдер көлігімен құм төгіп жыл соңына дейін тегістеу жүргізу

12

Салықбаев Амангелді

Қызылтөбе-2 тұрғын массивінде орналасқан «Ақ Дән» дүкенінің жанындағы қоғамдық көліктер тоқтайтын аялдама бойындағы жолды жөндеу.

 

2022 жыл желтоқсан

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Ауылдық округ аумағындағы ойылған асфальт жолдарға мамандармен бірлесе АКТ жасақтап, Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөліміне  ұсыныс хат жолдау. Аудандық автокөлік жолдарын күтіп ұстау қызметі есебінен қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу.

13

Джедибаев Еламан

Қызылтөбе-2 тұрғын массивіне спорт алаңын,турник, брусья, стрит-воркаут орнату

 

2022 жыл желтоқсан

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты

Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен спорт алаңын және стрит-воркаут орнату үшін  келесі жылға бюджеттен қаражат бөлуге ұсыныс беру.

14

Абдуллаева Тойдық

Қызылтөбе-2 тұрғын массиві, №265 үйден бастап төмен қарай түсетін жолға  автогрейдер көлігімен құм төгіп,  тегістеу.

 

2022 жыл желтоқсан

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппараты

Қызылтөбе ауылдық округінің абаттандыру қызметі есебінен көшелерге автогрейдер көлігімен құм төгіп жыл соңына дейін тегістеу.

15

Ізден Өсерхан

Айрақты т.м. мектеп салып беруіңізді сұраймын. Сонымен қатар, тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару мәселесін шешуіңізді сұраймын

2023-2024

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы Е.Дербисов

 

«Жайлы мектеп» жобасы бойынша Айрақты т.м. 900 орындық мектеп салу үшін тиісті шаралар қабылданып жатыр. ТҚҚ уақытылы шығару мәселесі қатаң бақылауда.

16

Абишева Сандихан

Ауылішілік жолдарға, балабақша маңына жасанды жол кедергілерін орнату қажет

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Ауылішілік жолдарға, әлеуметтік нысандар маңына жасанды жол кедергілері орнатылды.

17

Есжанов Торебек

Балаларымыз мектепке бару үшін №5 мектепке дейін жол салуыңызды сұраймын

2022-2023

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты

Балалардың мектепке кедергісіз қатынауы үшін, жаяу жүргіншілер жолы салынатын болады. Мемлекеттік сатып алу конкурсы аяқталып, мердігер мекеме анықталды.

18

Жолыбекова Қыздығой, Маңғыстау ауылы;

1. Орталық жолдардың құрылысы басталған кезде суағар қоса жүргізілуін сұраймын.

2. 22 кварталдағы 2018 жылдан бері бос тұрған үйді келісімшарт арқылы тұрғындарға өз қаражаты есебінен жөндеуге міндеттеп, кезектілікпен беруіңізді сұраймын.

3. Қайтарымсыз грант алу үшін сертификат алып, бизнес жобамды ұсынып едім. Бас тарту келді, себебін анықтап беруіңізді сұраймын.

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев,

Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты

1.  Асфальт жолдарға суағар жүйесін қоса салу жобаның құнын қымбаттатып, қаржы мәселесінің шешілуін қиындатуы мүмкін.

2.                22 квартал 8 үй құрылысын жүргізуші мекеме жабылуына байланысты толық аяқталмай, нысан қабылдап алынған жоқ. Мәселе оң шешімін табу үшін, сот процесстері жүргізілуде. 

3.                Қайтарымсыз грант берілу үшін Сіздің жасақтаған бизнес жобаңыз тиісті аудан көлемінде қажеттілігін қорғауыңыз керек. Грант беруді комиссия мүшелері тарапынан дауыс беру арқылы шешіледі. Комиссияның шешіміне сәйкес, сіздің жобаңызды қаржыландырудан бас тартылғаны анықталды.

19

Тоқтасынов Қожабай

1.                Орталық жолдардағы аялдама жанына жаяу жүргіншілер жолағын орнату.

2.                Бұралқы иттер таңғы мезгілде көп жүреді. Жою жұмыстарын жүргізу.

3.                Бағасы 8000 тг деп жарияланған «Дәулет» ұны 12000 тг сатылуда.

2022 жыл

Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты

1. Маңғыстау – Ақтау бағытындағы орталық асфльт жолға техникалық регламентке сәйкес жол кедергілері мен жаяу жүргіншілер жолағы сызылды.

                    2.Қазіргі таңда, аудандық ветеринарлық станция тарапынан бекітілген кестеге сәйкес, бұралқы ит-мысықтарды аулау жұмыстары жүргізілуде.

                    3. Атырау облысындағы ұн зауытынан «СПК Каспий» мекемесінің қаржыландыруымен аудан көлеміндегі наубайханалар мен ішінара супермаркеттер арзандатылған бағадағы ұнмен қамтамасыз етіліп келеді. Аталған ұн Мұнайлы ауданы бойынша өткізілетін азық-түлік өнімдерінің жәрмеңкелерінде 8000 тг сатылып келді. Тұтынушылардың көптігіне байланысты тез сатылып кетуде.

20

Құдабаева Тыным

                    1. Кәріз жүйесі жүргізілген орындарды қалпына келтірілуін сұраймын.

                    2. Ауылішілік асфальт жолдарға жасанды жол кедергісін орнату қажет.

                    3. Асфальт төселмеген көшелерді грейдермен тегістеуді сұраймын.

                    4. Бесшоқы т.м. спорт және балалар ойын алаңдарын орнату.

                    5. Көшіп келген қандастарымызды облысымызға тіркеуге рұқсат беру.

2022 жыл

Маңғыстау ауылы әкімінің аппараты

1. Кәріз жүйесін өткізу салдарынан бүлінген жолдарды мердігер мекеме өз қаражаты есебінен толықтай қалпына келтірді.

2. Ауылішілік асфальт жолдардың қажетті орындарына жасанды жол кедергілері орнатылды.

3. Ауылды абаттандыру қаражаты есебінен асфальт төселмеген көшелерді грейдермен тегістеу жұмыстары үнемі жүргізілуде.

4. Жеке кәсіпкердің қаражаты есебінен Бесшоқы т.м. «Светофор» дүкені жанынан балалар ойын алаңы салынатын болады.

5. Облысымызда халық саны көбейіп, жұмыссыздардың үлесі артуына байланысты қандастарды қабылдауға мүмкіншілік жоқ екендігі түсіндірілді.

21

Қарабаев Джумахан

Туылғаннан бері мүгедек баламның тұрғын үй мәселесін шешіп беруіңізді сұраймын.

 

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Маңғыстау ауылында 24 пәтерлі 30 көп қабатты үйдің құрылысын бастау жоспарланып отыр, осы үйлердің құрылысы аяқталғаннан кейін кезекте тұрған азаматтарға тұрғын үй кезектілікпен берілетіндігі түсіндірілді.

22

Байманова Толқын

ЖОО қызыл дипломмен бітірген қызын мамандығы бойынша жұмысқа орналастыру мәселесі.

2022 жылы

Аудандық білім бөлімінің басшысы

Б. Демократұлы

Оқу орнын бітірген жас жұмысқа орналасу үшін, бірінші кезекте тест тапсырып, сертификат алу қажет. Аудан бойынша мектептер тамыз айында іріктеу конкурстары өткізілді. Алайда, іріктеу конкурсы өткізілген уақытта, қызыңыздың сертификаты болмағандықтан, конкурсқа қатыса алмағандығы түсіндірілді.

23

Тұрмағамбетов Қуаныш:

1) №4 мектептен Жаңа Дәулет №400-700 аралығындағы үйлерге қоғамдық көлікпен қатынайтын оқушыларды тегін тасымалдау жөнінде.

2) Жанбай тұрған көше жарықтарын уақытылы ауыстыру жөнінде.

3) Жаңадан салынатын мектеп құрылысын Жаңа Дәулет пен Қызылтөбе-2 аралығындағы бос жатқан жер теліміне салуды сұрайды.

4) Жаңа Дәулетке құбыр арқылы келетін ауыз судың қысымының төмен екендігі туралы.

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты

1) Қоғамдық көліктерде оқушылардың барлығы тегін қатынау мүмкіншілігі жоқ. Алдағы уақытта санаттарына қарай тегін тасымалдау мүмкіндігі қарастырылады.

2) Қаражатқа байланысты, ЛЕД лампаларға ауыстыру жұмыстары алдағы жылы ауыстырылатын болады.

3) Мектеп құрылысын салу халықтың шешімімен сұралған жерге салынады, қазіргі таңда мектеп құрылысының ПИР-і жасақталуда.

4) Дәулет ауылдық округі бойынша 6 насос қарастырылған. Қазіргі таңда 4 насос жұмыс жасап тұр, 2 насос резервте тұр. Қазіргі уақытта құбырмен су жіберу кезінде мәселе жоқ.

24

Китайбекова Бота:

Дәулет ауылы 27 орамға қашан газ қосылатын болады

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Дәулет ауылдық округі әкімінің аппараты

Дәулет ауылы 27 орамға газ қосылды.

25

Валиев Ондасын:

«Маңғыстау жылу» МКК өтелмеген қарыз соммасы бар, соны төлеп беруге көмек көрсетіңіз.

2022 жылы

«Маңғыстау жылу» МКК

«Маңғыстау жылу» МКК өтелмеген қарыз соммасы толықтай өтелді.

26

Камалов Жайлыбай.

1.Үйімізге келетін ток күші өте әлсіз, қашан реттіледі?

 2.Мүмкіндігі шектеулі жандарға мереке кезінде берілетін жәрдемдер неге түспей жатыр?

3.Ауылдың тазалығы нашар, көшеде бағусыз малдар көп жүруі.

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Н.Мұстафаев,

Баянды ауылы әкімінің аппараты

1. Аудан бойынша кернеуді күшейту үшін Маңыстау ауылы мен Басқұдық ауылына 2 қосалқы станция салуға қаржы бөлінді, жобалық сметалық құжаты жасақталуда. Оған дейін Баянды-4 тұрғын үйлер массивіне  электр желісі  жүргізілген соң Баянды-3 массивінің электр энергиясының кернеуін реттейді деп жоспарлануда.

                    2. Мүмкіндігі шектеулі жандарға мереке кезінде берілетін жәрдемақылар толықтай төленді.

3. Ауыл тазалығы қатаң бақылауға алынады. Ауыл ішіндегі қоқыс қалдықтарын да тұрғындармен жасақталған келісім шарт негізінде бекітілген кесте бойынша Баянды-1,2 ауылын күнделікті, сәрсенбі күні Баянды-3 т.м., бейсенбі күні Ақтау-Баянды жол бойының тазалық жұмыстарын жүргізеді. Малдарына ие болмаған ауыл тұрғындарына әкімшілік құқық бұзушылық туралы ережесін бұзғаны үшін жыл басынан 9 тұрғынға айыппұл салынып, әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 505 бабына сәйкес ауыл аумағының абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 37 тұрғынға ескерту беріліп хаттама толтырылды.

27

Жарылғасов Қартмағанбет

Баяндыдан аэропортқа дейін жол тартылады деген проект  бар деп естіп едім сол проект бар ма ?

 

 

2023 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов,

Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Баяндыдан аэропортқа шығатын жолға дейін жол тарту мәселесі бар. Қаражаттардың бөлінуіне қарай алдағы уақытта іске асырылатын болады.

28

Епенов Оңаш Баянды-1          Жолдарға жол белгілерін салу және тротуарлар жүргізу керек.

                   

 

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов, Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

 

Жолдарға керекті орындарға жол кедергілері және белгілері қойылды

29

Қарасаев Бақтығали

Мен бала жастан мүгедекпін, маған осы күнге дейін ешқандай көмек болған жоқ. Ауыл әкімін танымаймын әкім үйлерді  аралап біз сияқты жағдайы нашар адамдарға неге көмектеспейді

2022 жылы

Баянды ауылы әкімінің аппараты

2019 жылы «Бизнес 3 күнде» бағдарламасымен сізге шеберханаға керекті станоктар алып беріп базардан жасаған бұйымдарыңызды сатуға орын беруге көмектескен болатынмын. Осы 2022 жылдың өзінде сіз менің қабылдауымда 2 рет болдыңыз. АӘК алуға сіздің үйге кіретін табысыңыз асып тұр.

30

Н. Қарамырза

№14 мектеп жанында  құрылыс жүргізіліп жатыр? Су мәселесін, жағымсыз иіс, қоқыс мәселесін шешіп беріңіз?

2022 жылы

Басқұдық ауылдық округі әкімінің аппараты

№14 орта мектеп және оның жанындағы құрылыс нысаны Ақтау қаласының шекарасына тиесілігі екендігін атап өткім келеді. Тиісінше Мұнайлы ауданының әкімдігі тарапынан Ақтау қаласының әкімдігіне және құзырлы органдарға хаттар жолданған болатын. Бұл жөнінде әлеуметтік желілерде, тұрғындар сауалына және бұқаралық ақпарат құралдарына хабарланды.

Бүгінде Маңғыстау облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылауы басқармасы тарапынан құрылыс нысан иелеріне қолданыстағы заңнама аясында тиісті шаралар алу жұмыстары жүруде.

Су мәселесі бойынша жаңадан труба тартылады. Иіске байланысты да тексеріс жұмыстары жүргізілуде. Қазіргі кезде жағдай тұрақталды. Иіс болмау жөнінде көз жеткізу үшін топ мүшелері араулаға болады.

 Тазалықты сақтау бойынша мердігер мекеме «Мұнайлы Қызмет» ЖШС-нің директоры М. Шалқаровқа  толық тазалауды ұйымдастыру үшін  тапсырма берілді.

31

А. Убайдуллаева

тарифтің көтерілуіне не себеп соны анықтап беріңіз?

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов, Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Тариф мәселесі бойынша бөлек жиналыс өткізу туралы аудан әкімінің орынбасары А.Өтегеновке тапсырма беріліп, аталған жиналыс өткізілді, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

32

ауылдық округ тұрғыны Әлеуметтік маңызы бар азық түлік дүкені қашан ашылады? Әулие жағында орналасқан балалар ойын алаңы қашан толықтай жабдықталады?

                     

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Б.Сүлейменов,

Аудандық кәсіпкерлік және ауыл шаруашлығы бөлімінің басшысы М.Жанжигитова

Қазіргі кезде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік сататын дүкенін ашу жоспарда жоқ. Алайда дүкендерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына күнделікті мониторинг жұмыстары жүргізілуде. Наубайханалармен келісіп нан бағасы 100 тг түсірілді.

Аталған мекен-жайда орналасқан балалар ойын алаңының құрылысы толықтай аяқталады.

33

ауылдық округ тұрғыны

Шығыс 1 мен Шығыс 2 арасына Орда мейрамханасы жанына бағдаршам орнатылса екен? Балдар ойнайды, өндірістік мекемелерге машиналар өтеді. Жер ойылып кеткен, жол апаты көп орын алуда. Шұғыла,Жазира,Нұрсәт көшелеріне асфальт төселесе екен? Грейдер қашан жіберіледі?

 

2022 жылы

Мұнайлы ауданы әкімінің орынбасары Ә.Өтегенов, Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімінің басшысы Қ.Абыханов

Шығыс 1 мен Шығыс 2 арасына Орда мейрамханасы жанына бағдаршам орнатылды.

Маржан, Рахат тұрғын үй массивінің көшелерінің проектісінің жобасы дайын келесі жылға жасалынады. Жол тегістелді.

Дата публикации
06 марта 2023