Маңғыстау облыстық мәслихатының 2019 жылғы 25 қазандағы № 31/368 шешімі. Маңғыстау облысы Әділет департаментінде 2019 жылғы 4 қарашада № 4009 болып тіркелді.
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабының 2-9 тармағына, Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 14-1 бабының 2 тармағына және Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 20 маусымдағы № 417 "Тұрғын үй сертификаттарын беру қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 18883 болып тіркелген) сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
|
Сессия төрағасы |
Қ. Әбдірахман |
|
|
|
Маңғыстау облыстық мәслихатының хатшысы |
Н. Тумышев |
|
|
|
|
Маңғыстау облыстық мәслихатының |
||
|
|
2019 жылғы 25 қазандағы |
||
|
|
№ 31/368 шешіміне |
||
|
|
қосымша |
||
Маңғыстау облысы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшері мен оларды алушылар санаттарының тізбесі
Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі бекіткен ипотекалық бағдарламасы шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнаның сомасынан 50 пайыз, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде ипотекалық тұрғын үй қарызын пайдалана отырып, азаматтардың жекелеген санаттарына тұрғын үйді меншігіне сатып алу үшін бастапқы жарнасы 10 пайыз көлемін, бірақ 1 000 000 (бір миллион) теңгеден аспайтын мөлшерді құрайды.
Ескерту. 1- тармақ жаңа редакцияда - Маңғыстау облыстық мәслихатының 31.03.2021 № 2/19 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.
1) Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 68-бабының 3), 9) және 11) тармақшаларымен айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтары;
2) Маңғыстау облысының аумағында мемлекеттік мекемелер мен мемлекеттік кәсіпорындарда қызмет ететін денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт саласының мамандары және полиция қызметкерлері.
© 2012. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» ШЖҚ РМК