Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 31 желтоқсандағы № 1054 "Тұрғын үй-коммуналдық дамудың 2020 - 2025 жылдарға арналған "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы" қаулысымен бекітілген мемлекеттік бағдарламасының шеңберінде «Отбасы Банк» АҚ-мен несиесі мақұлданған мемлекеттік бағдарлама қатысушылары назарына !
Мұнайлы ауданының әкімдігі, «Тұрғын үй сертификаттарын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрін алу үшін өтініштер қабылданып басталғандығын хабарлайды.
Қызмет түрін алу үшін өтініш беруші әкімшінің кеңсесіне немесе «Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы төмендегі құжаттарды табыстай отырып, белгіленген нысан бойынша өтініш береді.
1) нысан бойынша өтініш;
2) өтініш берушінің және отбасы мүшелерінің (зайыбының (жұбайының), кәмелетке толмаған балаларының) жеке басын куәландыратын құжат (түпнұсқасы тұлғаны сәйкестендіру үшін беріледі);
3) соңғы 6 (алты) ай ішіндегі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен табысы туралы анықтама (барлық отбасы мүшелеріне (зайыбына (жұбайына), кәмелетке толмаған балаларына));
4) осы Қағидалардың 5-тармағында айқындалған халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының санаттарын қоспағанда жұмыс орнынан анықтама;
5) қарыз сомасы, бастапқы жарнаның мөлшері және ипотекалық тұрғын үй қарызы бойынша ай сайынғы төлемнің сомасы туралы мәліметтерді қамтитын, өтініш берушіге бастапқы тұрғын үй сатып алу үшін ипотекалық тұрғын үй қарызын беруді мақұлдау туралы ЕДБ-нің хатын қоса бере отырып жүгінуі тиіс.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік қызмет нәтижелерін беру әкімшінің кеңсесі арқылы дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:30 аралығында жүзеге асырылады. Түскі үзіліс сағат 12:30-14:00 аралығы.
«Азаматтарға арналған үкімет Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы арқылы дүйсенбі-жұма күндері сағат 09:00-18:00 аралығында жүзеге асырылады. Түскі үзіліссіз.