Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиесілі?

Атаулы әлеуметтік көмек кімге тиісті:

📌Жан басына шаққандағы орташа айлық табысы белгіленген кедейлік шегінен төмен адамдарға (отбасылар).

📌Кедейшілік шегі 2023 жылдың 1 тоқсанына 40188 теңге.

📌Атаулы әлеуметтік көмек шартты және шартсыз түрде беріледі.

📌Шартсыз ақшалай көмек:

-бірінші және екінші топтағы мүгедектігі бар адамдар;

-екі айдан астам мерзімге уақытша еңбекке қабілетсіздік белгіленетін аурулары бар адамдар;

-құрамында еңбекке қабілетті адамдары жоқ немесе жалғыз еңбекке қабілетті мүшесі үш жасқа дейінгі балаға, мүгедектігі бар балаға, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектігі бар адамға, бөгде адамның күтімі мен көмегіне мұқтаж, сексен жастан асқан қартқа күтімді жүзеге асыратын табысы аз отбасыларға көрсетіледі.

📌Шартты ақшалай көмекті алу үшін отбасының еңбекке қабілетті мүшесі міндетті түрде жұмыс жасауы қажет.

Сонымен қатар атаулы әлеуметтік көмек алушылардың 1 жастан 6 жасқа толған балаларына (6 жасты қоса алғанда) кепілдірілген әлеуметтік топтама беріледі.

📌Топтама әр балаға 1,5 АЕК (5175 теңге) көлемінде беріледі. Ол үшін қосымша құжат тапсырудың қажеті жоқ.

📌Атаулы әлеуметтік көмекке өтінішті Егов электрондық порталы арқылы беруге болады.108:27
 
 
 
Дата публикации
18 января 2023