Мұнайлы ауданы әкімдігінің ішкі конкурс туралы хабарландыруы
(2023 жылдың 11-13 қаңтары аралығында)
Конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар:
E-R-2 мемлекеттік әкімшілік лауазымдары санаттарына келесідей үлгілік біліктілік талаптары белгіленеді:
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: стресске орнықтылық, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны хабарландыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда өтілі бір жылдан кем емес;
3) А-5, В-6, С-5, C-O-6, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3, E-G-2 санаттарынан төмен емес мемлекеттік әкімшілік лауазымдарда немесе Тізіліммен айқындалған "А" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында немесе саяси мемлекеттік лауазымдарда немесе Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаты мәртебесінде немесе тұрақты негізде қызмет ететін облыс, республикалық маңызы бар қала, астана, аудан (облыстық маңызы бар қала) мәслихатының депутаты мәртебесінде немесе халықаралық қызметкер мәртебесінде қызмет өтілі екі жылдан кем емес;
4) мемлекеттік лауазымдарда жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының лауазымдарында немесе Қарулы Күштер әскери басқару органдарының тактикалық деңгейінен төмен емес, жергілікті әскери басқару органдарының немесе әскери оқу орындарының лауазымдарында екі жылдан кем емес;
5) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік орган болып табылмайтын басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес;
6) жоғары және жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы;
7) ғылыми дәрежесінің болуы;
8) Президенттік жастар кадр резервіне алынған тұлғалар үшін жұмыс өтілі бес жылдан кем емес.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақылары:
|
Санаты |
Еңбек сiңiрген жылдарына байланысты |
|
|
|
min |
max |
|
Е-R-2 |
305 232 |
350 615 |
«Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің персоналды басқару қызметі /кадр қызметі/, индекс 130006, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, Мұнайлы ауданы әкімдігінің ғимараты, анықтама телефоны 8 (7292) 46-62-31, тел/факс: 46-62-16, эл.поштасы i.nurmukhan@mangystau.gov.kz, төменгі болып табылмайтын бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға ішкі конкурс жариялайды:
«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасары. Санаты Е-R-2, 1 бірлік.
Функционалдық міндеттері: Бөлім қызметкерлері арасында әдеп нормаларының сақталуын үйлестіру. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және боллдырмау шараларын ұйымдастыру. Цифрландыру бойынша тиісті шараларды ұйымдастыру. Аудан аумағында тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары салаларындағы мемлекет саясатын жүзеге асыруды ұйымдастыру. Аудан тұрғындарын, кәсіпорындар мен мекемелерді, әлеуметтік объектілерді сумен, жылумен, отынмен, жарықпен, газбен қамту, транспорт, жолаушылар тасымалы мәселелері, тұрғын үй қорын жөндеу, қысқа әзірлеу, төтенше оқиғаларды алдын алу, жедел қызмет түрлерінің жұмыстарын ұйымдастыру. Бөлім қарамағындағы коммуналдық кәсіпорындардың қызметтеріне жалпы бақылау жасауды ұйымдастыру. Елді мекеннің шекарасы шегінде тұрмыстық және коммуналдық-тұрмыстық тұтынушылардың газбен жабдықтау жүйелерінің тұрмыстық баллондары мен объектілерін қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуына мемлекеттік бақылау функцияларын жүзеге асыру. Елді мекендердің шекаралары шегінде тұрғын үй қорын басқаруға, газ және газбен жабдықтау саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде мемлекеттік бақылауды, сондай елді мекендердің шекаралары шегінде өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы әлеуметтік инфрақұрылым объектілерінде қауіпті техникалық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақталуын мемлекеттік қадағалауды жүзеге асыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін техникалық зерттеуді ұйымдастыру. Кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеудің жекелеген түрлерін жүргізудің тізбесін және кезектілігін айқындау. Кондоминиум объектілерін құжаттандыру, тіркеу және бағдарлама бойынша тұрғындармен түсінік жұмыстарын жүргізу бағытында шараларды ұйымдастыру, кондоминиум объектісінде және үйдің маңындағы аумақта үй-жай (пәтер) меншік иесінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп-ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын, кондоминиум объектісінің ортақ мүлкіне күрделі жөндеудің жекелеген түрлері бойынша жұмыстардың орындалуын бақылауды қамтамасыз ету. Тұрғын үй қорын күтіп-ұстау ережелерінің бұзылуы туралы актілер жасау. Объектіде және көппәтерлі тұрғын үйдің маңындағы аумақта пәтерлердің, тұрғын емес үй-жайлардың меншік иелерінің ортақ мүлкін қолдану, күтіп ұстау, пайдалану және жөндеу тәртібінің сақталуын қадағалау. «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының талаптарына сәйкес, мемлекеттік сатып алуды және оны жүзеге асыруды ұйымдастыру және жүргізу. Мемлекеттік сатып алу бойынша барлық конкурстарды мерзімінде ұйымдастыру, әлеуетті өнім берушілермен келісім-шарт жасақтау және келісім-шарт талаптарының мерзімінде орындалуын қамтамасыз ету. Заңның тиісті тәсілдерін қолдану арқылы мемлекеттік сатып алудың құжаттарды жасақтап, тиісті құжаттардың веб-порталға уақытылы орналастыру. Аудан әкімінің қаулысы негізінде белгіленетін соммадан асатын мемлекеттік сатып алуларды және одан туындайтын шараларды бірыңғай ұйымдастырушы ретінде бөлімнің қызметін заң талаптарын негізге ала отырып, толық көлемде сапалы және уақытылы жүзеге асыруын қамтамасыз етуге жауапты. Бөліммен жүргізілетін мемлекеттік сатып алулардың конкурстық комиссияларына төрағалық ету. Мердігер мекемелермен жұмыстар жүргізу. Өзінің қызметі бойынша жылдық жұмыс жоспарының жобасын жасақтап, бөлім басшысына бекітуге ұсыну. Бөлімнің қызмет ету аясында қолданылатын мемлекеттік бағдарламалардың жергілікті деңгейде орындалуына аудан бойынша жауап беру. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді орындау барысында жұмыстарды ұйымдастыру және мемлекеттік қызметтер аясында халықты ақпараттық-насихаттау жұмыстарын жүргізуді қамтамасыз ету. Бөлімнің атқаратын қызметі аясындағы барлық есептіліктіліктердің сапалы, уақытылы қалыптастырылып, құзырлы органдарға табысталуын ұйымдастыру. Бөлім басшысы шығаратын бұйрықтардың заңдылығын тексеру және бақылау. Өз саласы бойынша берілген тапсырмаларға және келіп түскен құжаттарға, хаттарға уақытында жауап беру, бақылау жасау. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібін сақтау. Бөлім мүддесін өзге мемлекеттік органдарда, сот органдарында білдіру. Орындаушылық тәртіпті нығайту, облыс және аудан әкімінің, сондай-ақ бөлім басшысының хаттамалық тапсырмаларының, бақылау хаттардың, жеке және заңды тұлғалар өтініштерінің қаралу мерзімдерін қатаң сақтау.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім.
Бизнес, басқару және құқық; Инженерлік, өңдеу және құрылыс салалары (инженерия және инженерлік іс, сәулет және құрылыс); Қызмет көрсету (көлік қызметтері).
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар:
Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш ;
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі төрағасының 2021 жылғы 10 қыркүйектегі № 158 бұйрығымен, бекітілген тиісті персоналды басқару қызметі құжаттарды тапсыру күніне дейін күнтізбелік 30 күн ішінде растаған мемлекеттік қызметшінінің қызметтік тізімі.(2-қосымша)
Кандидаттар жарияланған лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі барын растайтын құжаттарды ұсына алады.
Құжаттардың толық емес пакетін немесе дәйексіз мәліметтерді ұсыну конкурс комиссиясының оларды қараудан бас тартуына негіз болып табылады.
Азаматтар бiлiмiне, жұмыс тәжiрибесiне, кәсiби деңгейіне және беделіне қатысты (бiлiктiлiгiн арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар берiлуi туралы құжаттардың көшiрмелерi, мiнездемелер, ұсынымдар, ғылыми жарияланымдар және өзге де олардың кәсіби қызметін, біліктілігін сипаттайтын мәліметтер) қосымша ақпараттарды бере алады.
Құжаттарды қабылдау мерзімі ішкі конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланғаннан кейін келесі жұмыс күнінен бастап 3 жұмыс күннің ішінде.
Ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтар конкурс жариялаған мемлекеттік органға құжаттарын электронды түрде «Е-қызмет» интегралды ақпараттық жүйесі не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы не хабарландыруда көрсетілген электрондық пошта мекенжайына құжаттарды қабылдау мерзімінде тапсырады.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттар оны әңгімелесу кандидаттарды жіберу туралы оларды хабардар еткен күннен бастап үш жұмыс күн ішінде Мұнайлы ауданы әкімінің аппаратында өтеді. Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Ішкі конкурсқа қатысатын және әңгімелесуге жіберілген кандидаттармен әңгімелесу қажет болған жағдайда қашықтық бейнебайланыс құралдары арқылы өткізілуі мүмкін.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде он сегіз жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары, оның ішінде мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) жұмыскерлері қатыса алады.
Байқаушылар әңгімелесу процесінде кандидаттарға сұрақтар қоймайды. Байқаушыларға конкурс комиссиясының жұмысына кедергі келтіретін іс-әрекеттер жасауға, кандидаттардың жеке басы деректеріне қатысты мәліметтерді жариялауға, кандидаттар қатысатын конкурс рәсімдерінде олардың техникалық жазба құралдарын қолдануға жол берілмейді.
Байқаушы ретінде конкурс комиссиясының отырысына қатысу үшін адам әңгімелесу басталғанға дейін екі сағаттан кешіктірмей персоналды басқару қызметін (кадр қызметін) хабардар етеді.
Хабардар ету конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген телефон бойынша немесе электронды пошта бойынша жүзеге асырылады.
Конкурс өткізу барысында сарапшыларды шақыруға жол беріледі.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның жұмыскері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда, соның ішінде ғылым саласында жұмыс тәжірибесі бар адамдар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасы Парламентінің және мәслихаттардың депутаттары қатыса алады.
Сарапшылар әңгімелесуге қатысады, кандидаттарға сұрақтар қояды, конкурс комиссиясының мүшелеріне кандидаттар туралы өз пікірлерін білдіреді.
Сарапшылар әңгімелесу барысын өздерінің техникалық жазба құралдарымен белгілей алады.
Басқарушы лауазымдарына үміттенген кандидаттар А-1, В-1, С-1, С-О-1, C-R-1, D-1, D-О-1, Е-1, E-R-1 санаттарының лауазымдарына үміттенген кандидаттар конкурс комиссиясы айқындаған тақырыптардың біреуіне екі жүз сөзден аспайтын бір эссені конкурс комиссиясы хатшысының қатысуымен мемлекеттік немесе орыс тілінде кандидаттың таңдауы бойынша жазады. Эссені конкурс комиссиясы осы Қағидалардың 4-қосымшасында белгіленген параметрлерге сәйкес бағалайды. Эссені жазу уақыты 45 минуттан аспауы керек.
Шағым жасау тәртiбi:
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне, не Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешiмiне шағымдана алады.
Конкурс комиссиясының шешімі қабылданған күннен бастап бес жұмыс күннен кешіктірмей уәкiлеттi органға немесе оның аумақтық бөлiмшесiне конкурс комиссиясының немесе персоналды басқару қызметінің (кадр қызметінің) шешіміне шағым беру, уәкiлеттi органның немесе оның аумақтық бөлiмшесiнiң келіп түскен шағым бойынша тиісті шешім қабылдауына дейін конкурс комиссиясының шешімінің қолданылуын тоқтата тұруға негіз болып табылады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының
2-қосымшасы
Нысан
__________________________
(мемлекеттік орган)
Өтініш
Мені __________________________________________________________________________________________________________________________________________________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Менің жеке мәліметтерімді, оның ішінде психоневрологиялық және наркологиялық ұйымдардан мәліметтерімді жинауға және өңдеуге рұқсатымды білдіремін.
Мемлекеттік органның интернет-ресурсында менің әңгімелесуімнің бейнежазбасын транляциялауға және орналасуға келісім беремін __________________
(иә/жоқ)
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
________________________________________________________________________
Мекен жайы: ____________________________________________________________
Байланыс телефоны: _____________________________________________________
e-mail: _________________________________________________________________
ЖСН: __________________________________________________________________
________________ ______________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
|
Қазақстан Республикасы |
|
Т.А.Ж. (болған жағдайда) / Ф.И.О. (при наличии) ________________________________________________ |
фото |
|||
|
Жұмыс орны, лауазымы, санаты / Место работы, должность, категория __________________________________________________________________ |
||||
|
ЖСН / ИИН 1 _______________________ |
||||
|
Туған кезі / Дата рождения |
||||
|
Туған жері / Место рождения |
||||
|
Ұлты / Национальность |
Білімі / Образование |
|||
|
Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы / Год окончания и наименование учебного заведения |
||||
|
Мамандығы / Специальность |
||||
|
Шетел тілдерін білуі / Владение иностранными языками |
Ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы / Ученая степень, ученое звание |
|||
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары және мерекелік медальдары / Государственные награды, почетные звания и юбилейные медали |
||||
|
Арнайы тексеру нәтижелері/ |
Әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені, біліктілік сыныбы, дипломатиялық дәрежесі (жыл) / Воинское, специальное звания, классный чин, квалификационный класс, дипломатический ранг (год) |
|||
|
Мемлекеттік қызметке кір келтіретін терiс қылық жасағаны үшін тәртiптiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении дисциплинарных взысканий за совершение дисциплинарных проступков, дискредитирующих государственную службу |
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн әкiмшiлiк жаза қолданылғаны туралы мәлiмет / Сведения о наложении административных взысканий за совершение коррупционных правонарушений |
|||
|
Жалпы еңбек өтілі / Общий трудовой стаж |
Мемлекеттік қызметшінің ант берген күні / Дата принесения присяги государственным служащим |
|||
|
Мемлекеттік қызмет өтілі / Стаж государственной службы |
Отбасылық жағдайы / Семейное положение |
|||
ЕҢБЕК ЖОЛЫ / ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ |
||||
|
Күні / Дата |
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері / должность, место работы, местонахождение организации |
|||
|
қабылданған / приема |
босатылған / увольнения |
|||
|
Жүктеу |
||||
Персоналды басқару қызметінің (кадр қызметiнiң) басшысы / Руководитель службы управления персоналом (кадровой службы): _______________________________________________________________ тегi, аты, әкесiнiң аты (болған жағдайда) / фамилия, имя, отчество (при наличии) Қолы / Подпись __________________ _______ жыл / год "__" _____________ айы / месяц