Мұнайлы аудандық мәслихатының депутаттарын сайлау жөніндегі округтік сайлау комиссияларын құру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңының  10 бабының 3-тармағына, 15-1-бабының 2-тармағына сәйкес  Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Мұнайлы аудандық  мәслихатының  депутаттарын  сайлау  жөніндегі

№ 1, № 2, № 3, № 4, № 5, № 6, № 7, № 8, № 9, № 10, № 11, № 12, № 13, № 14, № 15, № 16, № 17, № 18, № 19, № 20 округтік сайлау  комиссиялары (әрі қарай  - Сайлау комиссиялары) 5 мүше құрамдарында құрылсын.

  1. Сайлау комиссияларының    мүшелерін   сайлау   үшін   осы   қаулы

Мұнайлы аудандық мәслихатына жолдансын.

  1. Осы қаулы Мұнайлы аудандық сайлау комиссиясының интернет-ресурсында және «Мұнайлы» газетінде орналастырылсын.
  2. Осы қаулы 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Мұнайлы аудандық сайлау

комиссиясының төрағасы                                                    З. Нұрболат

 

 

Мұнайлы аудандық сайлау

комиссиясының хатшысы                                                     Е. Жолдыбаев

Дата публикации
29 декабря 2022