Аудан әкімі Е. Күмісқалиевтің
Мұнайлы ауданы
тұрғындарының алдындағы есебі
Мұнайлы ауданының қаңтар-қазан жағдайына әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы ақпарат
Қазіргі таңда, Мұнайлы ауданының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің басым бөлігінен оң динамика қалыптасып отыр.
Мұнайлы ауданының 01.10.2022 жыл жағдайына халық саны 182 722 адам. өткен жылмен салыстырғанда 5,3 мың адамға көбейді (2021ж.-177,4 мың адам).
Анықтама үшін:
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 45 021 млн.теңге.
(2021ж.-41 351 млн.теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі – 36 399,7 млн.теңге.
(2021ж.-27 625,7 млн.теңге).
Ауданымызда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі – 4 243,6 млн.теңге. (2021ж.-4 629,2 млн.теңге).
Сонымен қатар, 78,6 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. (2021ж.-172,7 мың.ш.м.).
2022 жылға қаңтар-мамыр айына ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көлемі – 3 467,3 млн.теңге. (2021ж.-1 717,5 млн.теңге).
Бөлшек сауда айналымы – 4 497,5 млн.теңге құрады. (2021ж.-3 919,6 млн.теңге).
Білім саласы туралы
Мұнайлы ауданында барлығы күндізгі 16 мемлекеттік, 1 кешкі және 7 жекеменшік мектепте барлығы 36511 (0-11 сынып 38024) оқушы оқиды. Аудандағы мектепке дейінгі ұйымдар – 80, олардың ішінде: жеке меншік – 69; мемлекеттік – 11, оның ішінде: балабақшалар – 10; шағын орталықтар –1. Мектепке дейінгі ұйымдарда барлығы 7881 (жекеменшік балабақшаларда – 5523; мемлекеттік балабақшаларда – 2292; шағын орталықтарда – 66) бала тәрбиеленеді.
Өздеріңізге белгілі білім саласында мектептердегі үш ауысымды оқытуды жою мәселесі өзекті болып қала береді. Себебі, өңірде туу көрсеткіші жоғары. Мектеп оқушыларының контингенті де жыл сайын өсіп отыр.
Ауданда 6 мектепте оқу үш ауысымда жүргізілуде(Батыр ауылындағы №15, Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі №6, Басқұдық ауылдық округіндегі №9, Бесшоқы тұрғын массивіндегі №8 және Атамекен ауылдық округіндегі №12 мектептерінде)
Қазіргі таңда Басқұдық ауылдық округіндегі Жаңа Қоныс тұрғын массивінен 600 орындық мектептің құрылысы аяқталып, оқу жылының екінші тоқсанынан қолданысқа берілді.
Сондай-ақ Басқұдық ауылдық округіндегі Алау тұрғын массивінен 1200 орындық мектептің құрылысы жүріп жатыр, жақында Қызылтөбе ауылдық округі Қызылтөбе-2 тұрғын массивінен 1200 орындық мектептің ЖСҚ-сының қорытындысы мемлекеттік сараптамадан алынды. Қазіргі таңда Республикалық бюджеттен 700 млн.теңге бөлінді. Мердігер мекеме “Альянс LTD” ЖШС тарпанына құрылыс жұмыстары басталды. Бұл екі мектеп №9 және №6 мектептердегі үшауысымдық мәселелесін шешеді.
Ауданда Баянды, Дәулет, Қызылтөбе, Батыр ауылдық округтерінен тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін беру жоспарлануда. Бұл өз кезегінде үш ауысымды мектептер санының қатарын көбейтетіні сөзсіз. Сондықтан оқушылар тасымалын болдырмау және 3 ауысымды оқытуды жою мақсатында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында инвестициялық жобалар тізіліміне Дәулет, Баянды, Қызылтөбе, Батыр ауылдарындағы 1200 орындық мектептерді салу жоспарлануда.
Сонымен қатар, Батыр ауылының Самал шағынауданынан және Маңғыстау ауылы Бесшоқы тұрғын массивінен әрқайсысы 1200 орындық мектептің ЖСҚ-сы жасақталуда.
Ағымдағы жылы 850 орындық 3 жекеменшік мектеп(Атамекен - 200, Маңғыстау - 400, Қызылтөбе - 250) қолданысқа берілді.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында өзекті мәселенің бірі ауданда аурухананың жоқтығы. Осы бағытта, Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының 2022 жылға құрылыс жұмыстарын бастауға 2 млрд.теңге бөлініп құрылыс жұмыстары жүргізілуде.(Келісім-шарт құны – 11 млрд.теңге). Пайдалануға беру 2023 жылға жоспарланған. Мердігер мекеме «Евро-Строй».
Ауданның 4 денсаулық сақтау ұйымында 2023 жылы күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. ЖСҚ жасақтауға ("Баянды" ДА, "Дәулет" ДА, "Қызыл төбе" ДА, "Қызыл төбе-2" МСАКО) - 12 млн.теңге құрап отыр (жалпы құны 26 млн.теңге). Мердігер мекеме «Redline Pro».
Ауыз су мәселесі
Келесі өзекті мәселелердің бірі - ауыз су тапшылығы. Мұнайлы халқын толық ауыз сумен қамту үшін тәулігіне 40 мың текше метр су керек. Дегенмен біз қазір бір тәулікте «Каспий» су тұщыту зауытынан 13 мыңға жуық су алып отырмыз. Қазіргі таңда, ауыл, ауылдық округ тұрғындарын ауыз су тасымалдайтын көліктермен қамтамасыз етілген.
Ауданды ауыз сумен қамтамасыз етуші «Каспий» су тұщыту зауытының мембраналарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Мұнайлы ауданына қосымша тәулігіне 5 мың текше метр су беруге мүмкіндік беретін болады. Алайда бұл мәселені толық шешпейді. Ауыз су мәселесін шешу бағытында яғни «Каспий» су тұщыту зауыттың қуаттылығын 40 мың текше метрге арттыру бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Қызылтөбе ауылдық округіндегі су сорғы станциясын қайта жарақтандыру жобасының ЖСҚ жасақтауға 4,2 млн.теңге, Атамекен ауылдық округінен су сорғы станциясын салу жобасының ЖСҚ жасақтау құны 5,6 млн.теңге құрап отыр (жсқ жасақтап бастауға 1 млн.теңге бөлінді).
Каспий тұз тұщыту зауытынан Қызылтөбе және Басқұдық ауылдық округтеріне су жүйесі құрылысының ЖСҚ жасақтау құны 3,4 млн.теңге құрап отыр(конкурстық мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізуге 100 мың.теңге бөлінді).
Жол саласы туралы
Аудан бойынша 636 шақырым жол бар. Оның ішінде 91 шақырым аудандық маңыздағы,
Аудандық маңыздағы 91 шақырым автомобиль жолы 100% асфальт жабындысымен қамтылған.
Ауданға қарасты 5 ауылдық округ және 2 ауыл орналасқан. Ауылдық округ бойынша 545 шақырым ауылішілік жолдардың 153,2 шақырымы немесе 28% асфальтталған.
Биылғы жылға өз жұмысын бастаған жобалар бар. Олар:
жолдарын қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу – 2,8 млрд.теңге. Мердігер мекеме: «Акжол Құрылыс» ЖШС.
құрылымдау – 587 млн.теңге. Мердігер мекеме: «Акжол Құрылыс» ЖШС
Автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Атамекен ауылынан 38 шақырым, Басқұдық ауылынан 53,6 шақырым ауылішілік жолдарға ЖСҚ жасақталуда.
Тұрғын үй саласы туралы
Қазіргі таңда, халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – тұрғын үй, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі мәселелері.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 820 адам(көп балалы отбасы - 568, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 43, әлеуметтік топтар – 1756, бюджеттік сала қызметкерлері 1453) жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде 47 021 адам тұр.
Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша Отбасы банк арқылы мақұлдаудан өткен 7 отбасыға 2,7 млн теңге тұрғын үй сертификаттары төленді.(2022 жылға 40 млн.теңге бөлінді)
Қазіргі таңда Маңғыстау ауылының 3 көпқабатты (39,41,42) тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қабылдау актісі жасақталды.
Ұлттық қордан Маңғыстау ауылынан 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің газ желісін жүргізу – 103,5 млн.теңге. Мердігер Мекеме– «AЭS and Limited» ЖШС
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен Даулет ауылдық округі 6 қабатты тұрғын үй салуда. Қазіргі таңда үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданға қарасты 5 елді мекенде жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік инфрақұрылым тартуға 10 жоба жасақталып, 4 жоба толықтай аяқталды.
Маңғыстау ауылында газ және электр желісі толықтай орындалды.
Батыр, Дәулет ауылдық округінде электр желісі бойынша құрылыс жұмыстары толықтай орындалды.
«Баянды ауылындағы жаңа тұрғын үйлерді электр желісімен қамту құрылысы» Мердігер – «Айком LTD» ЖШС (шарт – 07.12.2021ж). 653,5 млн.теңге. Кассалық орындалысы 150,0 млн.теңге.
«Кызылтөбе ауылдық округінде жаңадан салынатын тұрғын үйлерге электр желісі құрылысы» Мердігер – «Айком LTD» ЖШС (шарт – 15.03.2021ж). 435,4млн.теңге. 2022 жылға кассалық орындалысы 12,7 млн.теңге.
«Батыр ауылдық округінде жаңадан салынып жатқан тұрғын үйлер үшін газбен жабдықтау желілерін салу» Мердігер – «Gas Energy Construction» ЖШС (шарт – 07.12.2021ж). 339,1 млн.теңге. Кассалық орындалысы 50,0 млн.теңге.
«Қызылтөбе ауылдық округінде газ желісін салу» Мердігер – «Gas Energy Construction» ЖШС (шарт – 01.06.2022ж). 639,8 млн.теңге. Кассалық орындалысы 174,2 млн.теңге.
«Қызылтөбе және Дәулет ауылдарында газбен қамту» (келісім шарттар құны - 644,4 және 414,8 млн.теңге).Мердігер – "АБТМ" ЖШС
Құрылыс матералдарының қымбаттауына байланысты қазіргі таңда аталған жобалар ЖСҚ-ға түзету енгізу жұмыстарын жүргізуде. Жобалар 2023 жылы іске қосылады.
Мәдениет және спорт саласы
Аудан бойынша спорт нысандарының жетіспеушілігі бар. Қызылтөбе ауылдық округінде спорт кешенінің жобалық сметалық құжаттамасы жасалуда. Қажетті қаржы көлемі 17,2 млн теңге қажет. Оның 500 мың теңгесі бөлінді.
Батыр ауылдық округінде кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының жобалық сметалық құжаттамасын жасақтауға барлығы қажетті қаржы көлемі 20,8 млн теңге. Конкурстық мемлекеттік сатып алу процедураларын жүргізуге 500 мың теңге бөлінді.
Алдағы уақытта Атамекен ауылынан 2 залы бар спорт нысанының, Батыр, Баянды, Дәулет ауылдық округтерінде спорт кешендерін 2023-2025 жылдары салу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, Дәулет ауылдық округтеріндегі кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының 2023 жылға арналған «Ауыл ел бесігі» жобасына ұсынылды. Жоба құны 691,7 млн.теңге.
Атамекен ауылдық округінде кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысының ЖСҚ-сы мемлекеттік сараптамада қаралуда.
Әлеуметтік сала бағыты
Халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында жыл басынан 886 отбасы 4 958 адамға 352,6 млн.теңге (жылдық жоспар - 513,8 млн.теңге) атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 1293 балалары 47,2 млн теңгеге азық-түлік жиынтығы және гигиеналық топтамамен қамтамасыз етілді (жылдық жоспар - 101,5 млн.теңге).
Жыл басынан ауданда 2510 жұмыс орны (2022 жылға жоспар 1512) құрылды.
Аудан аумағына қарасты мекемелерге халықты жұмыспен қамту орталығының жолдамасы арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандар 868 адамды құрайды.
2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру барысы әлеуметтік жұмыс орындарына 84 адам, қоғамдық жұмысқа 406 адам, жастар практикасына 155 адам жолданды. Қосымша Ұлттық қор есебінен 109 адам, «Алғашқы жұмыс орны» жобасы аясында барлығы 16 адам, «Ұрпақтар келісім шарты» жобасы аясында 9 адам жұмысқа жолданды.
Жаңа бизнес-идеяны іске асыруға 27 адамға 33,8 млн. теңгеге грант берілді. Қосымша Ұлттық қор есебінен 114 адамға 13,9 млн. теңге бөлініп, 141 адам 17,2 млн. теңгеге грант алды.
«Бастау бизнес» курсын 801 адам оқып, ағымдағы жылы 495 адам оқуын аяқтады.