Аудан әкімі Е. Күмісқалиевтің
Мұнайлы ауданы
тұрғындарының алдындағы есебі
Қазіргі таңда, Мұнайлы ауданының жалпы әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің басым бөлігінен оң динамика қалыптасып отыр.
Мұнайлы ауданының 01.06.2022 жыл жағдайына халық саны 181 855 адам. өткен жылмен салыстырғанда 6000 адамға көбейді (2021ж.-175,9 мың адам).
Анықтама үшін:
Өнеркәсіп өнімдерінің өндіріс көлемі 23 533,8 млн.теңге.
(2021ж.-163 млн.теңге).
Негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі - 16 551,1 млн.теңге.
(2021ж.-12 717,9 млн.теңге).
Ауданымызда жүргізілген құрылыс жұмыстарының көлемі - 1 470 млн.теңге. (2021ж.-2 082,6 млн.теңге).
Сонымен қатар, 31,2 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. (2021ж.-111,8 6 мың.ш.м.).
2022 жылға қаңтар-мамыр айына ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің көлемі - 1 060,2 млн.теңге. (2021ж.-655 млн.теңге).
Бөлшек сауда айналымы – 1 447,9 млн.теңге құрады. (2021ж.-1 231,8 млн.теңге).
Білім саласы туралы
Өзіңізге белгілі білім саласында мектептердегі үш ауысымды оқытуды жою мәселесі өзекті болып қала береді. Себебі, өңірде туу көрсеткіші жоғары. Мектеп оқушыларының контингенті де жыл сайын өсіп отыр.
Бұл мәселені шешу бағытында Басқұдық ауылынан 600 және 1200 орындық мектептің құрылысы басталды, осы жылы 600 орындық мектепті қолданысқа беру жоспарлануда.
Маңғыстау ауылындағы №5 мектепке Басқұдық ауылынан 850 бала тасымалданып отыр. Басқұдық ауылындағы 600 орындық мектеп қолданысқа берілгеннен кейін оқушы тасымалын 150-ге дейін азаятын болады.
Қызылтөбе-2 тұрғын массивіндегі №6 мектепте үш ауысымды оқытуды жою үшін 1200 орындық мектептің ЖСҚ-сының қорытындысы мемлекеттік сараптамадан алынды. Қазіргі таңда Республикалық бюджеттен 700 млн.теңге бөлініп, конкурстық рәсімдеу жұмыстары басталуда.
№8 мектептегі үш ауысымды оқуды жою мақсатында Бесшоқы тұрғын массивінен 1200 орындық мектептің және Батыр ауылындағы №15 мектептегі оқушы орнының тапшылығын жою мақсатында Самал шағын ауданынан 1200 орындық мектептің ЖСҚ-лары жасақталып, мемлекеттік сараптамада қаралуда.
Сонымен қатар 850 орындық 3 жекеменшік мектеп(Атамекен - 200, Маңғыстау - 400, Қызылтөбе - 250) салу жоспарлануда.
Денсаулық сақтау саласы
Денсаулық сақтау саласында өзекті мәселенің бірі ауданда аурухананың жоқтығы. Осы бағытта, Маңғыстау ауылынан 150 кереуеттік орталық аудандық аурухана ғимаратының құрылыс жұмыстары наурыз айында бастады.(Келісім-шарт құны – 11 млрд.теңге). Мердігер мекеме «Евро-Строй».
Ауданның 4 денсаулық сақтау ұйымында күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу қарастырылған. Жобалық сметалық құжаттама рәсімдеу ("Баянды", "Дәулет", "Қызыл төбе" ДА, "Қызыл төбе-2" МСАКО) жұмыстарын жүргізу - 26 млн.теңге мөлшерінде құрайды. Мердігер мекеме «Redline Pro».
Ауыз су мәселесі
Келесі өзекті мәселелердің бірі - ауыз су тапшылығы. Мұнайлы халқын толық ауыз сумен қамту үшін тәулігіне 40 мың м3 текше метр су керек. Дегенмен біз қазір бір тәулікте «Каспий» су тұщыту зауытынан 13 000-ға жуық су алып отырмыз.
Ауданды ауыз сумен қамтамасыз етуші «Каспий» су тұщыту зауытының мембраналарын жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Аталған жұмыстарды жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда. Бұл өз кезегінде Мұнайлы ауданына қосымша тәулігіне 5 мың м3 текше метр су беруге мүмкіндік беретін болады. Алайда бұл мәселені толық шешпейді. Ауыз су мәселесін шешу бағытында яғни «Каспий» су тұщыту зауыттың қуаттылығын 40 мың м3 текше метрге артыру бойынша жұмыстар жүргізілуде. Нәтижесін жыл соңында көретін боламыз.
Қызылтөбе ауылдық округіндегі су сорғы станциясын қайта жарақтандыру жобасының ЖСҚ жасақтауға 4,2 млн.теңге, Атамекен ауылдық округінен су сорғы станциясын салу жобасының ЖСҚ жасақтау құны 7,4 млн.теңге құрап отыр( жсқ жасақтап бастауға 1 млн.теңге бөлінді).
Жол саласы туралы
Аудан бойынша 636 шақырым жол бар. Оның ішінде 91 шақырым аудандық маңыздағы, 545 шақырым ауылішілік жолдар (194 шақырым ауыл ішілік асфальтталған жол).
Биылғы жылға өз жұмысын бастаған жобалар бар. Олар:
қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу – 2,5 млрд.теңге.
Атамекен ауылындағы ұзындығы 3,4 шақырым автокөлік жолдарын
қайта құрылымдау жұмыстарын жүргізу – 618,6 млн.теңге.
Автомобиль жолдарын кезең-кезеңімен іске асыру мақсатында Атамекен ауылынан 38 шақырым, Басқұдық ауылынан 53,6 шақырым ауылішілік жолдарға жоба жасақталуда.
Тұрғын үй саласы туралы
Қазіргі таңда, халықты толғандыратын басты мәселенің бірі – тұрғын үй, жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі мәселелері.
Аудан бойынша тұрғын үй кезегінде 3 585 адам(көп балалы отбасы - 453, жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалар – 35, әлеуметтік топтар – 1665, бюджеттік сала қызметкерлері 1432) жеке тұрғын үй салу үшін жер телімі кезегінде 46 667 адам тұр.
2021-2022 жылдары 3907 жер телімін беру жоспарланып отыр (5 елді мекеннен) Қалған 42 760 кезекте тұрған азаматтарды (2 200 га) жаңа елді мекен құру арқылы шешу үшін бас жоспарын жасақтауға 45,7 млн.теңге қажет етіледі.
Бақытты отбасы бағдарламасы бойынша Отбасы банк арқылы мақұлдаудан өткен 3 отбасыға 2,6 млн теңге тұрғын үй сертификаттары төленді. 2022 жылға бөлінген қаражат 40 млн.теңге.
Қазіргі таңда Маңғыстау ауылының 3 көпқабатты (39,41,42) тұрғын үйлердің күрделі жөндеу жұмыстары аяқталып қабылдау актісі жасақталды.
Ұлттық қордан Маңғыстау ауылынан 4 қабатты 24 пәтерлік 30 үйдің газ желісін жүргізу бойынша конкурстық жұмыстар жүргізілуде.
Сонымен қатар, жеке кәсіпкер өз қаражаты есебінен Даулет ауылдық округі 6 қабатты тұрғын үй салуда. Қазіргі таңда үйдің электр және сыртқы инженерлік жүйесі құрылысы жұмыстары жүргізілуде.
«Нұрлы жер» бағдарламасы аясында ауданға қарасты 5 елді мекенде жеке тұрғын үй құрылысына инженерлік инфрақұрылым тартуға 10 жоба жасақталып, 3 жоба толықтай аяқталды.
Атап айтсақ, Маңғыстау ауылында газ және электр желісі толықтай орындалды.
Батыр ауылында электр желісі, Қызылтөбе ауылда газбен қамту бойынша құрылыс жұмыстары толықтай орындалып, қабылданды.
Баянды, Дәулет газ желісі бойынша жұмыс жобасы жасақталып, сараптамасы алынды.
Қызылтөбе, Дәулет, Баянды ауылдарында электр желілері бойынша "Айком ЛТД" ЖШС-мен орындалуда (келісім шарттар құны – Қызылтөбе - 417,455, Даулет - 247,536, Баянды - 686,049 млн.теңге).
Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылдық округінде газ желісін салу нысаны бойынша мемлекеттік сатып алу процедурасы жүргізіліп, жеңімпаз «Gas Energy Construction» ЖШС болып анықталды. Келісім шарт құны – 613,764 млн.теңге. Құрылыс монтаждау жұмыстары маусым айында басталды. Құрылыс ұзақтығы – 8 айды құрайды.
Мәдениет және спорт саласы
Аудан бойынша спорт нысандарының жетіспеушілігі бар. Атамекен ауылынан 2 залы бар спорт нысанының жобалық сметалық құжаттамасына түзету енгізілуде. Қажетті қаржы көлемі 19,5 млн теңге қажет. Оның 500 мың теңгесі бөлінді. Жоба 2021-2023 жылдарға арналған инвестициялық жобалар тізіміне енгізілді.
Алдағы уақытта Батыр ауылынан 1 спорт кешенін салу жоспарланып отыр. 1 спорт кешенін салу үшін жер телімі аукцион арқылы жеке кәсіпкерге берілді. Қызылтөбе ауылынан да спорт кешенін салу жоспарда бар
Сонымен қатар Атамекен ауылдық округінде 200 орындық аула клубын және кітапхана салуға жобалық сметалық құжаттамасы жасақталуда. Даулет ауылдық округінде 200 орындық аула клубы және кітапхана құрылысы 2023-2025 жылдарға арналған «Ауыл ел бесігі» жобасына ұсынылды. Жоба құны – 713 млн.теңге.
.
Әлеуметтік сала бағыты
Халықтың аз қамтамасыз етілген топтарын қолдау мақсатында жыл басынан 700 отбасы 3 890 адамға 141,1 млн.теңге (жылдық жоспар-513,8 млн.теңге) атаулы әлеуметтік көмек төленді. Атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасылардың 1-6 жас аралығындағы 919 балалары 18,5 млн теңгеге азық-түлік жиынтығы және гигиеналық топтамамен қамтамасыз етілді. (жылдық жоспар - 101,5 млн.теңге) Аудан бойынша 1 428 жұмыс орны құрылды (1 149 жұмыс орны тұрақты, 279 жұмыс орны уақытша).
Құрметті ауыл тұрғындары 2022 жылы жоспарланып, атқарылатын жұмыстарды атап өтуге рұқсат етіңіздер: