Хабарландыру
«Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Еңбек Кодексінің 139 бабына, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы «Азаматтық қызметке кіру және азаматтық қызметшінің бос лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларын бекіту туралы» №1017 және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің 2015 жылғы 02 ақпандағы «Мемлекеттік кәсіпорынның басшысын тағайындау және аттестаттау, сондай-ақ оның кандидатурасын келісу қағидаларын бекіту туралы» №70 бұйрықтарына сәйкес бос лауазым орнына конкурс жариялайды:
- Мұнайлы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын директоры.
Кәсіпорынның атауы, негізгі қызметі мен мекен-жайы: Мұнайлы ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Маңғыстау Жылу» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны.
Кәсіпорын қызметiнiң негізгі мәні мен мақсаты су, жылу мен қамтамасыз ету және коммуналдық шаруашылық саласындағы өндірістік-шаруашылық қызметін жүзеге асыру болып табылады.
Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 22 орам, №1 Өндірістік аймақ.
Конкурс өту мерзімі: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесімен, осы хабарландыру жарияланған күннен бастап 15 күнтізбелік күн өткеннен кейін анықталады.
Конкурс өткізілетін орын: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 құрылыс, 3 қабат, пошталық индексі 130006.
Кәсіпорын басшысының лауазымына кандидатуралар іріктеу кезінде қойылатын негізгі талаптар мыналар болып табылады:
1) біліктілік талаптарына сәйкес келетін жоғары білімінің болуы;
2) мамандығы бойынша тиісті салада кәсіпорнының бейініне сәйкес басшы лауазымдарда кемінде 5 жыл жұмыс өтілінің болуы;
Кәсіби құзырлылық: Қазақстан Республикасының Конституциясы, ҚР Азаматтық (жалпы және ерекше бөлімдері), Салық, Бюджет, Еңбек, «Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі» кодекстерін, ҚР «Электр энергетикасы туралы», «Мемлекеттік мүлік туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңдары, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес облыстардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін және мемлекеттік тілді білуі.
Кәсіби біліктілігі мен дағдысы: Қарамағындағы қызметкерлердің жұмысын болжай, жоспарлай, ұйымдастыра білу және бақылау. Өзін басқара білу, бейімделу.
Негізгі міндеттері:
- директор кәсіпорын жұмысын ұйымдастырады және басшылық етеді және кәсіпорынға жүктелген міндеттердің орындалуы оның өз функцияларын жүзеге асыруына жеке дара жауапкершілік артады;
- кәсіпорынның директоры барлық жауапкершілікті ала отырып, заңнама бойынша белгіленген өз құзіреті шегінде бұйрықтар шығарады, кәсіпорынның жұмысына жалпы басшылық жасайды;
- кәсіпорын қызметінің саясатын, стратегиясын және оны іске асыру механизмін айқындайды.
- басқа ұйымдармен жеке және заңды тұлғалармен шарттар, келісім-шарттар, операциялар жасайды, іскерлік кездесулерде кәсіпорын атынан өкілдік етеді.
- қабылданған шешімдердің, өндірістік және қаржылық-шаруашылық нәтижелерінің қызметіне және орындалуына басшылық жасайды.
- барлық құрылымдық бөлімшелердің жұмысын және өзара тиімді іс-қимылдарын ұйымдастырады;
- кәсіпорын теңгеріміндегі мүліктің сақталуын және толық пайдалануын;
- қоршаған ортаны қорғау жөніндегі заңнаманың талаптарын сақтауды;
- кәсіпорынның мемлекеттік бюджет, жинақтаушы зейнетақы және сақтандыру қорлары, өнім жеткізушілер, тапсырыс берушілер және банк мекемелерін қоса алғанда, кредиторлар алдындағы міндеттемелерінің орындалуын;
- кәсіпорының шаруашылық қызметінде және оның шаруашылық-экономикалық байланыстарды жүзеге асыруында заңдылықтың сақталуын қамтамасыз етеді;
- кәсіпорынның қаржылық-экономикалық және өндірістік-шаруашылық қызметіне қатысты мәселелерді оған заңнама бойынша берілген құқықтар шегінде шешеді;
- кәсіпорын қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттерін айқындап белгілейді;
- заңмен белгіленген тәртіпте Директор кәсіпорын қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;
- басқа лауазымды тұлғаларға–директордың орынбасарына, бас инженерге, бас есепшіге қызметтің жекелеген бағыттарын жүргізуді тапсырады.
- кәсіпорын құрылымдық бөлімшелерінің ережелерін бекітеді;
- ұжымдық шарттарды әзірлеу, жасау және орындау, еңбек және өндірістік тәртіптің сақталуын;
- кәсіпорынды білікті кадрлармен қамтамасыз етеді, олардың кәсіби білімдері мен тәжірибесін тиімді пайдалану мен дамыту, адам өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіз және қолайлы еңбек жағдайларын жасайды;
- ұжымда қолайлы психологиялық жағдай қалыптастыру бойынша шаралар қабылдайды;
- заңнамамен белгіленген тәртіпте Кәсіпорын қызметкерлерін көтермелеу, материалдық көмек көрсету, тәртіптік жазалар беру мәселелерін қарайды;
- кәсіпорын бұйрықтарына қол қояды;
- кәсіпорын қызметінің нәтижелері үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен көзделген тәртіпте жауапкершілік артады;
- сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауап береді;
- қолданыстағы Заңңамаға сәйкес директор міндеттерінен туындайтын өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Конкурсқа қатысу үшін берілетін құжаттардың тізімі:
1) конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме;
3) еркін нысанда жазылған өмірбаян;
4) білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері;
6) "Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі міндетін атқарушысының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелді) бекітілген нысан бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама.
Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады.
Құжаттар мына мекен жайға тапсырылуы тиіс: «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесі. Мекен-жайы: Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы, 14 квартал, 30 құрылыс, 3 қабат.
Анықтама телефоны: 465183, 466229.
Құжаттар осы хабарландыру мемлекеттік және орыс тілдерінде жарияланғаннан кейін қабылданады.
Құжаттарды қабылдау хабарландыру жарияланғаннан кейінгі 15 күнтізбелік күннен соң тоқтатылады.
Әңгімелесу кезеңіне жіберілген кандидаттар, «Мұнайлы аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары» мемлекеттік мекемесінде күнтізбелік он күн ішінде өтеді.
Конкурсқа қатысу бойынша шығындар (конкурс өту орнына және кейін жол шығындары, баспана және өзге шығындар) конкурсқа қатысушылардың өз есебінен өтеледі.
Лауазымға орналасқан тұлғаға көтерме шығындары төленбейді, баспана және өзге жеңілдіктер қарастырылмайды.