Мұнайлы аудандық мәслихатының2015 жылғы 29 маусымдағы №36/383 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерінжоғарлату туралы» шешімінеөзгерісенгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихатының2015 жылғы 29 маусымдағы №36/383

«Жер салығының базалық мөлшерлемелерінжоғарлату туралы» шешімінеөзгерісенгізу туралы

Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық жәнебюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)»Кодексінің 509 бабы 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23қаңтардағы «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару жәнеөзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының15) тармақшасына сәйкесжәне Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2020 жылғы 22 қаңтардағы№10-15-195 ұсынысының негізінде,Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШІМҚАБЫЛДАДЫҚ:

  1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 21 тамыздағы №36/383«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарлату туралы» шешіміне(нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3931 болыптіркелген, «Әділет» ақпараттық - құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 тамыздажарияланған) шешіміне келесідей өзгеріс енгізілсін:

1 тармақ келесі мазмұндағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданы

бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер

салығының базалық мөлшерлемелері он есеге арттырылсын».

  1. Осы шешімнің орындалуын бақылау Мұнайлы аудандықмәслихаттыңэкономика және бюджет жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссиятөрағасы Е.Есенқосов).
  2. «Мұнайлы аудандық мәслихатының аппараты» ММбасшысы (А. Жанбуршина) осы шешім Маңғыстау облысының әділетдепартаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның Қазақстан Республикасынормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкі мен бұқаралықақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.    
  3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Сессия төрағасы

Б. Казхабаев

 

Аудандықмәслихат

хатшысы

 

Б. Назар

   
     

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Қазақстан Республикасы Қаржы
министрлігінің Мемлекеттік кірістер
комитеті Маңғыстау облысы бойынша
Мемлекеттік кірістер департаментінің
Маңғыстау ауданы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»

республикалық мемлекеттік
мекемесінің басшысы

Усенгалиев Кайрат Парахатович

«_____» _____________ 2020 жыл       

 

                              

                              
«КЕЛІСІЛДІ»
«Мұнайлы аудандық жер
қатынастарыбөлімі» мемлекеттік
мекемесінің басшысы
Кудашев Мурат Аманджолович 

 «_____» _____________ 2020 жыл      

 

 

 

Мұнайлы аудандық мәслихатының2015 жылғы 29 маусымдағы №36/383 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерінжоғарлату туралы» шешімінеөзгерісенгізу туралы
Дата публикации
21 мая 2020