Салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі
Микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері 01.01.2020 жылдан бастап 31.12.2022 жылға дейін алынған табыстардан салық төлеуден босатылады
Әлеуметтік төлемдер (зейнетақы жарналары, әлеумметік аударымдар, МӘМС, МӘМЖ) ай сайын 25-не дейін.
Ұсыну мерзімі
1 жартыжылдық кезені – 1 шілдеден 15 тамызға дейін;
2 жартыжылдық кезені – 1 қаңтардан 15 ақпанға дейін.
Ұсыну тәсілдері
салық төлеушінің кабинеті салық төлеушінің кабинеті cabinet.salyk.kz, СЕӨС АЖ арқылы электрондық түрде ЭЦҚ болған кезде, Е- Salyq Business мобильді қосымшасы арқылы немесе "Азаматтарға арналған үкімет " (ХҚКО) арқылы қағаз түрде.
Салық кезені
1 жартыжылдық (қантар-маусым)
2 жартыжылдық (шілде-желтоқсан)
Не үшін арналған
жарты жылда табысты көрсету, сондай-ақ жеке (корпоративтік) табыс салығын, әлеуметтік салықты, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық жарналарды және ЖК(ЗТ) сақтандыруды есептеу ушін
Қолдану шарттары
- салық кезеңіндегі қызметкерлер саны - 30 адамнан аспауы тиіс;
- жарты жылдық кіріс тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 24 038 еселенген мөлшері, яғни 2022 жылға АЕК – 3063 теңге), (24038 х 3063= 73 628 394 тенге).