Жеке тұлға «Е-лицензиялау» порталы арқылы немесе Kaspi Bank және Halyk Bank мобильді қосымшасы арқылы жеке кәсіпкер ретінде тіркеледі, қызмет көрсету орталықтары не «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы қағаз тасымалдағышта келу тәртібімен жолдауға болады.
ЖК тіркеу деректерін өзгерту:
ЖК хабарламаны оның тіркеу деректері өзгерген күннен бастап 10 жұмыс күнінен кешіктірмей ұсынуға міндетті (ЖК атауы, ЭҚЖЖ- экономикалық қызмет түрлерінің жалпы жіктеуіші, орналасқан жері)
Тіркеу деректерін өзгерту тіркеу деректерін өзгерту үшін ұсынылған хабарламаны алған күннен кейінгі 1 жұмыс күні ішінде жүргізіледі.