Салық пен әлеуметтік төлемдерді төлеу мерзімі
Микрокәсіпкерлік немесе шағын кәсіпкерлік субъектілері 01.01.2020 жылдан бастап 31.12.2022 жылға дейін алынған табыстардан салық төлеуден босатылады
Әлеуметтік төлемдер (зейнетақы жарналары, әлеумметік аударымдар, МӘМС, МӘМЖ) ай сайын 25-не дейін.
Ұсыну мерзімі
920.00 н. Декларацияны ұсыну - салықтық кезеңнен кейінгі салықтық кезеңнің 31 наурызына дейін.
Ұсыну тәсілдері
Салық төлеушінің кабинеті cabinet.salyk.kz, СЕӨС АЖ арқылы электрондық түрде ЭЦҚ болған кезде, немесе "Азаматтарға арналған үкімет " (ХҚКО) арқылы қағаз түрде.
Салық кезені
Жыл
Не үшін арналған
Бірыңғай жер салығын төлеушілерге арналған декларацияда бірыңғай жер салығының, төлем көзінен ұстап қалатын жеке табыс салығының, жер бетіндегі көздердің су ресурстарын пайдаланғаны үшін, зейнетақы жарналарын, әлеуметтік аударымдарды, міндетті әлеуметтік медициналық жарналарды және ЖК(ЗТ) сақтандыруды есептеу үшін
Қолдану шарттары
-қосылған құн салығын төлеушілер болып табылмайтын;
- Қазақстан Республикасының аумағында жеке меншік және (немесе) жерді пайдалану (кейінгі жер пайдалану құқығын қоса алғанда) құқығында жер уческелері болған жағдайда.