Салықтарды, бюджетке төленетін төлемдерді, өсемпұл мен айыппұлдарды есепке жатқызуды және қайтаруды жүргізу
Беру тәсілдері:
- "Азаматтарға арналған үкімет" КЕАҚ;
- "электрондық үкімет"порталы;
- E-Salyq Azamat мобильді қосымшасы.
Құжаттар тізімі:
- салықтық өтініш;
- сот актісі немесе жоғары тұрған органның шешімі (салық салу саласындағы құқық бұзушылықтар бойынша заңсыз салынған айыппұлдың төленген сомасын қайтару үшін);
- тиісті органның оны қайтаруға негіз болып табылатын құжаты (төленген мемлекеттік баж сомасын қайтару үшін);
- тиісті тіркеуші орган берген, көрсетілетін қызметті алушының тіркеу іс-әрекеттерін жасауға құжаттарды ұсынбағанын растайтын құжат (төленген алымдар сомасын қайтару немесе есепке жатқызу үшін)
Көрсету мерзімі:
5 жұмыс күні ішінде жүргізіледі:
мемлекеттік баждың артық төленген сомасын қайтару.
Ескертпе: мемлекеттік бажды қайтару кезінде салықтық өтініште В жолын «Қате төленген сома» көрсету ҚАЖЕТ.