Маңғыстау ауылының 2022-2024 жылдарға даму жоспары

ЖАЛПЫ СИПАТТАМА

Бағдарламаның атауы

2022-2024 жылдарға арналған Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы,Маңғыстау ауылын дамыту бағдарламасы.

Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің негізгі сипаттамалары

Қазіргі Маңғыстау ауылының іргетасы Гурьев облыстық халық депутаттарының кеңесiнің   25.12.1965 жылғы №553 қаулысымен Маңғыстау поселкелiк кеңесi ретінде қаланған болатын.

Аталған кезеңнен бастап, ауылдың тарихы бірнеше даму кезеңдерінен өткен. Соның бастысы 1973 жылы Гурьев облысының құрамынан жаңа Маңғыстау облысының пайда болуы.

06.06.1999 жылғы Маңғыстау облысы әкiмiнiң №128 қаулысымен «Маңғыстау поселке әкiмiнiң аппараты» мемлекеттiк мекемесi болып тiркеледі.

-халықтың саны:34 701адам, 5807 аула ;

Маңғыстау ауылының аумағының құрамында қазіргі таңда ауылдың бұрынғы аумағымен қатар, Ақ Еспе, Бозжыра, Айрақты,  Шерқала және Бесшоқы тұрғын үй массивтері  кіреді.

Маңғыстау ауылы территориясының көлемі – 3063 гектарды құрайды.

- жергілікті қоғамдастық жиналысының құрылған күні және оларға өкілестік берілген мерзімі;2020  жылдың 15 шілде, өкілеттік мерзімі 4 жыл.

- жергілікті қоғамдастық жиналысының мүшелерінің саны 7 адам.

 

 

 

 

 

  1. АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙДЫ ТАЛДАУ

 

2.1 Маңғыстау ауылын дамыту

 

2022-2024 жылдарға арналған жергілікті қоғамдастықты дамыту бағдарламасы (бұдан әрі - Бағдарлама) Маңғыстау ауылытұрғындары үшін қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету үшін көзделген.

2022 жылғы 1 қаңтардағы халық саны 34 701адамды құрайды.

 

Бизнес

          Ауылда 328 бизнес субьектісі тіркелді, қызмет түрінің негізі- сауда жасау және халыққа қызмет көрсету.   «Ұн жарма комбинаты» ЖШС-і зауытының мақсаты: тәулігіне 120 тонна ұн, 30 тонна кебек өндіру  болып табылады. Ауылда «Жанарыс» ЖШС заманауи үлгіде киім тігетін тігін фабрикасы бар. Қазіргі таңда зауыттар   өз жұмыстарын атқарып, ауыл тұрғандарын жұмыспен қамтуда.Маңғыстау ауылында жекеменшік «Көңілімқос» медициналық орталығы қызмет көрсетеді. Бұл орталық 40 адамды тұрақты жұмыспен қамтыды. Маңғыстау ауылы бойынша               7 супермаркет бар, оларда 46 адам жұмыспен қамтылған.

 

Сумен қамтамасыз ету

          Орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен Маңғыстау ауылының 100 % пайызы қамтылған. Алайда, суару маусымында ауыз су тапшылығы бар.

Газдандыру, электрмен қамту

Маңғыстау ауылы 100 пайыз газ және электр желісімен қамтылған.

                                                 Білім беру

        Маңғыстау ауылы бойынша 4 жалпы білім беру орта мектебінде және 1 жеке меншік мектепте  2 ауысым бойынша 8582 оқушы білім алуда. 2021-2022 оқу жылында мектеп бітірген 291 түлектің 9 алтын белгі және 21 үздік аттестатқа ие болды.

Қазіргі таңда ауыл аумағында барлығы 4 мемлекеттік, 23 жекеменшік балабақша және №5 орта мектептерінің жаңындағы мектепке дейінгі тәрбие беру шағын орталығында барлығы 2098 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде бала жоқ.

 

 

 

                                       Денсаулық сақтау

Маңғыстау ауылында 250 орындық орталық аудандық емхана, жедел жәрдем және Бесшоқы тұрғын үй массивінде орналасқан дәрігерлік амбулатория халыққа қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем станциясындағы көлік саны 11.

 

                    Мәдениет және спорт саласы бойынша.        

Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, оларды өнерге, мәдениетке баулуға «Өнер» мектебі мен Шерқала тұрғын массивіндегі «Өркен» және Бесшоқы тұрғын массивіндегі «Тұлпар» аула клубтары жұмысын атқаруда. «Өнер» мектебінде 8 бағыт бойынша 351 бала,  «Тұлпар» аула клубындағы үйірмелерде 329 бала, «Өркен» аула клубында 443 бала қамтылған.  Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» бокс, карате-до, дзюдо, футбол, волейбол, баскетбол, еркін күрес және қазақша күрес секцияларында 600 бала спортпен шұғылдануда.      Ауыл көлемінде 8 ашық спорт алаңы мен 12 балалар ойын алаңдары орналасқан.

 

 

                    2.2.Күрделі сұрақтар және тәуекелдер

  1.  Шерқала тұрғын массивіне саябақ салу;
  2. 2006 жылдан бері Маңғыстау ауылында жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру мақсатында, Бесшоқы тұрғын массивінен берілетін жер учаскелеріне электр желісін тарту;
  3. Айрақты т.ү.м.  балалар ойын алаңы мен спорт алаңын аяқтау.
  4. Маңғыстау ауылы, № 25 үй алдындағы спорт алаңын күрделі жөндеуден өткізіп, халық игілігіне беру.
  5. Айрақты тұрғын массивінен Маңғыстау ауылына дейін жаяу жүргіншілер жолын салу.

III. ЖЕРГІЛІКТІ ҚОҒАМДАСТЫҚТЫ ДАМЫТУ БАҒДАРЛАМАСЫН ІСКЕ АСЫРУ ЖӨНІНДЕГІ ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

№

Іс-шаранын атауы

Аяқтау нысаны

Қаржыландыру көлемі (мың.теңге)

Қаржыландыру көзі

Іске асыру мерзімдері

1

2

3

4

5

6

I.БІЛІМ БЕРУ

1.1

Айрақты т.м.инвесторлар қаражаты есебінен  мектеп салу үшін жер телімін бөлу.

Шешім.

 

 

2022 жыл

II. ӘЛЕУМЕТТІК КӨМЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚАМСЫЗДАНДЫРУ

2.1

Жалғыз басты зейнеткерлерді әлеуметтік қызметкермен        қамтамасыз ету

Комиссия қорытындысы

 

Қажеттілігіне қарай

 

Жергілікті бюджет

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

2.2

Мектепке жол акциясы бойынша жұмыстар жүргізу

Аз қамтылған отбасылардың балаларына мектеп құралдары және формалармен қамтамасыз ету.

 

500

500

500

 

 

 

 

Демеушілердің  қаражаты

 

2021 жыл

2022 жыл

2023 жыл

 

IІІ. ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ

3.1

Елді мекендердің санитариясын қамтамасыз ету

Тазалық жұмыстары

40 325

59 570

65 627

Жергілікті бюджет

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

 

3.2

Елді мекендерде көшелерді  жарықтандыру

Жарықтандыру

66 352

72 670

78 000

Жергілікті бюджет

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

 

3.3

Елді мекендерді аббатандыру және көгалдандыру

Абаттандыру және көгалдандыру жұмысы

58 500

62 000

64 000

 

Жергілікті бюджет

2022 жыл

2023 жыл

2024 жыл

 

ІV. МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ

4.1

Бас санитарлық дәрігердің қаулысын бассшылыққа ала отырып, жергілікті деңгейде дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық іс-шараларды өткізу.

 

Фотоесеп әлеуметтік желіге жариялау

 

150

 

Демеушілердің  қаражаты

 

2022 жыл

 

250

300

 

Жергілікті бюджет

 

2023 жыл

2024 жыл

V. ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ

5.1

Ауыл тұрғындары арасында жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша түсінік жұмыстарын жүргізу

Фотоесеп әлеуметтік желіге жариялау

Қажет етпейді

Қажет етпейді

2020-2022

             

 

 

Ескертпе: Жоғарыда көрсетілген іс-шараларды іске асыруға «Аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкімінің аппараты» ММ жауапты болып табылады.

Дата публикации
11 июля 2022