2020 жылға ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы жұмыстар Қазақстан Республикасы Президентінің Жолдауларында берген және Үкіметтің, облыс, аудан әкімінің тапсырмалары мен өткен жылы ауылдың тұрғындарына есеп беру кездесулерінде келіп түскен өтініштер мен ұсыныс-пікірлерді орындауға бағытталды.
Өткен жылғы есеп беру кездесуінде:
Жауап: Шерқала т.ү.м. интернет желісімен толық қамтамасыз етілген. Сіз «Samgau Тelecom» ЖШС өтінім білдіру арқылы, интенет желісіне қосыла аласыз.
Сонымен қатар, 2021 жылы Шерқала т.ү.м. спорт және балалар ойын алаңдарымен қамтылған саябақ құрылысы басталды. Бұл жұмыстар ағымдағы жылы аяқталып, халық игілігіне табысталатын болады.
Жауап:Қазіргі таңда, Бесшоқы тұрғын массивіне аптасына бір рет кестеге сәйкес құбыр арқылы ауыз су берілуде. Сондай-ақ, 2020 жылы Маңғыстау ауылының абаттандыру және көгалдандыру есебінен Бесшоқы т.ү.м. балалар ойын алаңы орнатылды.
Жауап: 2021 жылы 39, 42 және 43 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді (39 дом Е Альянс 138 млн, 42 дом Айком 106 млн, 43 дом Зелмарстрой 106 млн). Сонымен қатар, «ТҮКШ, ЖК және АЖ» бөлімі тарапынан Маңғыстау ауылы бойынша көп пәтерлі 10 тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жұмыстарына смета жасақталды. Қаржы мәселелерінің оң шешімін табуына қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Жауап: Бесшоқы тұрғын массивінен 150 жер учаскесіне 2020 жылғы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында табиғи газ және 2021 жылы электр желілері тартылып қабылдау жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы аталған жер телімдері кезектілікпен беру жоспарланып отыр.
Жауап: 2021 жылыБесшоқы тұрғын массивіне қоқыс жәшіктерін орнату жоспарланған болатын. Алайда, ауыл тұрғындарымен өткізілген кездесулерде тұрғындардың ұсынысына орай, қоқыстарды үй-үйден алып кетілетін болады.
Сонымен қатар, қазіргі таңда, Бесшоқы тұрғын массивіне аптасына бір рет кестеге сәйкес құбыр арқылы ауыз су берілуде.
Жауап:Қазіргі таңда, Маңғыстау ауылы бойынша барлық тұрғын массивтерде тұрғындар үшін қажетті болып табылатын негізгі орталық көшелерге асфальт төселген. Ал, ауылішілік жолдарға асфальт төсеу жұмыстары кезең кезңімен жүзеге асырылады.
Жауап: Маңғыстау ауылында орналасқан №5 орта мектептің алдына бағдаршам қою жол қозғалысы талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты мүмкіндік жоқ. Ал, мектептің алдына оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін жаяу жүргіншілер жолы мен жасанды жол кедергілері орнатылды.
Жауап: Тұрғын үй беру Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңының талаптарына сәйкес, кезектілікпен жүзеге асырылады. Сіз өз кезегіңізді білу үшін Мұнайлы аудандық ТҮКШ, ЖК және АЖ бөліміне хабарласуыңызға болады.
Осындай сұрақтармен, ұсыныс-пікірлер келіп түскен болатын.
Ауылдың демографиялық жағдайы
Маңғыстау ауылының халық саны 2021 жылы өткізілген жалпы ұлттық халық санағының қорытындысына сәйкес 34 991 адамды құрайды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 5,9 пайызға немесе 2058 адамға өсті. Ауылдың құрамына Маңғыстау ауылы, Ақ Еспе, Бозжыра, Айрақты, Шерқала, Бесшоқы тұрғын үй массивтері кіреді. Ауылдың территориясы 3063 гектар. Жеке тұрғын үйлер саны - 3926, көп пәтерлі тұрғын үйлер саны – 84, оның ішінде 1881 пәтер бар.
Ауылдың экономикалық дамуы
Жалпы ауылдың экономикасын шағын және орта бизнес өкілдері құрап отыр. Экономикалық белсенді халық саны – 24 217 адам. Маңғыстау ауылы бойынша Мемлекеттік бюджеттің төртінші деңгейі бойынша кірістернің орындалысы 102,1 %.
Білім беру
Маңғыстау ауылы бойынша 4 мемлекеттік және 1 жеке меншік жалпы білім беру орта мектебінде 2 ауысым бойынша 8578 оқушы білім алуда. 2020-2021 оқу жылында мектеп бітірген 279 түлектің 20 алтын белгі және 17 үздік аттестатқа ие болды. Алтын белгілер саны өткен жылмен салыстырғанда 7-ге көбейді.
Ауыл бойынша 5 мемлекеттік және 18 жеке меншік балабақшада 2396 бала тәрбиеленуде. Балабақша кезегінде тұрған бала жоқ.
«Мектепке жол» Республикалық қайырымдылық акциясы аясында кәсіпкерлердің қолдауымен Маңғыстау ауылы бойынша аз қамтылған отбасыдан 153 бала мектеп құралдарымен қамтамасыз етілді.
«1-маусым Халықаралық балалар құқығын қорғау күніне» орай, Дәулет ауылдық округіндегі арнайы мектепте оқитын Маңғыстау ауылының мүмкіндігі шектеулі балаларын «Экзотикалық құстар әлемі» саябағында серуендетіп, силықтар табысталды.
Денсаулық сақтау
Маңғыстау ауылында 250 орындық аудандық орталық емхана, жедел жәрдем станциясы, Бесшоқы тұрғын массивінде орналасқан дәрігерлік амбулатория және жеке меншік «Көңілімқос» медицина орталығы халыққа қызмет көрсетеді. Жедел жәрдем станциясындағы көлік саны - 11.
Айрақты т.ү.м. орналасқан «Ерекше жан» балаларды оңалту орталығында ай сайын 50 бала ем алып, денсаулығын сауықтыруда.
Есептік кезеңде 1155 бала дүниеге келді. Өткен жылмен салыстырғанда 178 балаға өскен. Ана өлімі тіркелген жоқ, 5 бала өлімі тіркелді. 2020 жылмен салыстырғанда 7 балаға азайған. 2021 жылы өкпе ауруына шалдыққан 18 адам тіркелген, 2020 жылмен салыстырғанда 8 адамға азайған.
Әлеуметтік сала
Маңғыстау ауылында 3 тыл ардагерлері және әлеуметтік қызмет көрсетілетін 12 жалғыз басты зейнеткер бар.
2021 жылы «Алтын Алқа» төс белгісімен 4 ана, «Күміс алқа» төс белгісімен 18 ана марапатталды.
Өткен жылы жеке кәсіпкерден 22 квартал, 35 тұрғын үйден 70 пәтер сатып алынып үй кезегінеде тұрған көп балалы аналарға берілді.
9 мамыр «Жеңіс күні» мерекесіне орай тыл ардагерлеріне естелік силықтар табысталды.
Жыл басынан бері 1217 отбасы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірді. Оның ішінде, 993 отбасының өтініші қанағаттандырылды.
Өмірлік қиын жағдайға тап болған 91 отбасыға 6 742 446 теңге, туберкулез ауруына шалдыққан 18 адамға 1 082 250 теңге бір жолғы материалдық көмек көрсетілді.
Сонымен қатар, ауыл әкімдігі мен кәсіпкерлердің және Миғраж мешітінің жанынан құрылған «Үммет жастары» еріктілер тобының қолдауымен 455 аз қамтылған, көп балалы отбасы, жалғыз басты зейнеткерлерге азық-түлік өнімдерімен көмек көрсетілді.
Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бойынша
Маңғыстау ауылында 313 кәсіпкерлік нысан тіркеліп, қазіргі таңда 286 нысан жұмыс жасап тұр. Оларда 2034 ауыл тұрғыны жұмыс жасайды.
2021 жылы Айрақты т.м. сүт өнімдерін өндіретін завод, Бесшоқы т.м. жем зауыты, «Дина», «Береке» супермаркеттері, «Роял Палас», «Бәйтерек», «Ынтымақ» мейрамханалары, «Шах» құрылыс дүкені ашылып, 184 ауыл тұрғыны тұрақты жұмыспен қамтыды.
Маңғыстау ауылы бойынша «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауқоры» АҚ арқылы жыл басынан бері 16 ауыл тұрғыны кәсібін дамыту үшін несие алды. Несиенің жалпы сомасы 94,6 млн тг.
Сонымен қатар, «Аграрлық несие корпорация» АҚ арқылы жыл басынан бері 5 және «Мұнайлы-Несие» несие серіктестігі арқылы 2 ауыл тұрғыны несие алды. Несиенің жалпы сомасы 13,2 млн тг.
«Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021» жылдарға арналған бағдарламасының «Бағдарламаға қатысушыларды техникалық және кәсіптік біліммен және қысқа мерзімді кәсіптік оқумен қамтамасыз ету» 1-ші бағыты бойынша – 2021 жылығы қысқа мерзімді курстарда 22 ауыл тұрғыны шаштараз, массаж, кондитер және аспаз мамандықтары бойынша оқыды.
«Жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2-ші бағыты бойынша – 2021 жылы «Бастау-Бизнес» жобасы арқылы 56 ауыл тұрғыны оқыды.14 қатысушыға грант берілді.
«Халықты жұмыспен қамтуға жәрдемдесу және еңбек ресурстарының ұтқырлығы арқылы еңбек нарығын дамыту» 3-ші бағыты бойынша:
Тұрақты жұмысқа 315 ауыл тұрғыны орналасты.
Жастар практикасына 33ауыл тұрғыны.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 42 ауыл тұрғыны.
Қоғамдық жұмысқа 126 ауыл тұрғыны.
Алғашқы жұмыс орны жобасы аясында 2 ауыл тұрғыны жолданды.
Ауыл аумағында 45 шаруа қожалығы тіркелген. Олар егін және мал шаруашылықтарымен айналысып, Мұнайлы ауданы аумағында өткізілетін ауыл шарушылығы өнімдерінің жәрмеңкесінде өз өнімдерін сатуда.
Шаруа қожалықтарында барлығы 434 бас ірі қара, 389 бас түйе, 841 бас жылқы және 4248 ұсақ мал тіркелген.
2021 жылы тамыз айынан бастап өңірдегі құрғақшылыққа байланысты аналық басқа қайтарымсыз берілетін бір реттік көмек қаржыға 28 үй шаруашылығы (субсидия сомасы 1 541 796 тг) , 26 шаруа қожалығы (субсидия сомасы 5 882 237 тг) өтініш білдіріп, қаржылары бөлінді.
Жыл қорытындысына сәйкес, қоғамдық орындарда қараусыз жүрген 19 үй жануарлары арнайы тұраққа қамалып, үй жануарларының иесіне әкімшілік хаттамалар толтырылды.
Жыл басынан ауылда 499 бұралқы ит ауланды.
Мәдениет және спорт
Ауыл жастарының бос уақыттарын тиімді пайдалану мақсатында, оларды өнерге баулуға «Өнер» мектебі мен «Өркен» және «Тұлпар» аула клубтары өз жұмыстарын атқаруда. «Өнер» мектебінде 8 бағыт бойынша 358 бала, «Тұлпар» аула клубындағы 7 үйірмеде 445 бала, «Өркен» аула клубындағы 7 үйірмеде 270 бала қамтылған. Ал, Мәдениет үйіндегі 10 үйірмеде 240 ауыл жастарын өнерге баулып келеді.
Маңғыстау ауылындағы «Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде» 6 спорт түрі бойынша 552 бала спортпен шұғылдануда.
«Жеңіс» жекеменшік спорт кешенінде 5 спорт түрі бойынша 207 бала спортпен шұғылдануда.
«Миғраж» мешіті жанындағы спорт залда шағын футбол, волейбол, үстел теннисінен ауыл жастары тұрақты түрде шұғылданып келеді.
Бесшоқы т.ү.м. 160 көрерменге арналған дене шынықтыру және сауықтыру кешенінде 9 спорт түрі бойынша 400 ден астам бала спортпен шұғылдануда.
Ауыл көлемінде 8 ашық спорт алаңы мен 12 балалар ойын алаңдары орналасқан.
Мемлекеттік қызмет көрсету
«Маңғыстау ауылы әкімінің аппаратына» жыл басынан бері 624 арыз келіп түсті. Оның ішінде 604 жеке тұлғалардан, 20 заңды тұлғалардан. Ауыл әкімінің тұрғындарды жеке қабылдауы кестеге сәйкес және кестеден тыс күнделікті жүргізілді. 2021 жылы ауыл әкімі аппараты тарапынан 256 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде халыққа қызмет көрсету орталығы арқылы – 145, «Электрондық үкімет веб порталы» арқылы - 111 өтініш түсіп заң аясында жауап берілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің жолдауының «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасына сәйкес, Маңғыстау ауылы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында келіп түскен сұрақтар мен ұсыныстарға уақытылы және нақты жауап берілді. Сонымен қатар, Маңғыстау ауылы әкімдігінің инстаграм желісіндегі ресми парақшасы арқылы тікелей эфирде ауыл тұрғындарымен онлайн кездесу өткізілді.
Есепті кезеңде, Маңғыстау ауылы әкімдігінде орналасқан «Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышына» 88 ауыл тұрғындары жүгініп, өздеріне қажетті қызметтерді электронды түрде алды және атаулы әлеуметтік көмек алуға өтініш білдірді.
Абаттандыру және көгалдандыру
Көгалдандыру есебінен: Маңғыстау ауылы аумағына 30 дана юкка гүлі, 20 дана туя ағашы отырғызылды. Орталық көшелер мен жаяу жүргінші жолдарын қураған шөптерін тазалау және ауыл көлеміндегі ағаштарға су құйылып, көп қабатты тұрғын үйлер арасындағы қураған ағаштарды кесу, тасымалдап шығару жұмыстары жүргізілді.
Абаттандыру есебінен: Шерқала тұрғын массивінен спорт алаңы және стрит воркаутпен қамтылған саябақ құрылысы басталды. Алайда, мердігер мекеме келісім шартта көрсетілген міндеттерін тиісті деңгейде және уақытында орындамағаны үшін сотқа жосықсыз деп тану үшін талап-арыз беріліп, қанағаттандырылды.
Сонымен қатар, Тәуелсіздік саябағын абаттандыру, көгалдандыру және күтіп ұстау жұмыстары жүргізілді. 2021 жылы аталған саябаққа жүрек тәрізді жарық шам және ұзындығы 100 метр болатын аспалы шам орнатылып, пайдалануға берілді. Алайда, бұзақылық салдарынан жарық шамдар істен шыққан болатын. Ағымдағы жылы, Тәуелсіздік саябағына бейнебақылау камераларын орнатып, жарық шамдар қалпына келтірілетін болады.
Сонымен қатар, Маңғыстау ауылы әкімдігінің ғимаратына мүмкіндігі шектеулі жандардың еркін кіріп-шығуын қамтамасыз ету мақсатында стандартқа сәйкес пандус құрылысы жүргізілді.
Көп қабатты тұрғын үй және жер мәселелері бойынша
ТҮКШ, ЖК және АЖ бөлімі тарапынан Маңғыстау ауылы бойынша көп пәтерлі 10 тұрғын үйлердің шатырлары мен қасбеттерін жөндеу жұмыстарына смета жасақталды. Қаржы мәселелерінің оң шешімін табуына қарай жөндеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Сонымен қатар, 2021 жылы 39, 42 және 43 көп қабатты тұрғын үйлерді күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді(39 дом Е Альянс 138 млн, 42 дом Айком 106 млн, 43 дом Зелмарстрой 106 млн).
Маңғыстау ауылы бойынша 24 пәтерлі 30 көп қабатты тұрғын үйдің ЖСҚ мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы күтілуде. Қазіргі таңда, салынатын 30 көп қабатты тұрғын үйдің инжинерлік желілерінің құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Маңғыстау ауылы бойынша жер кезегінде 2006 жылдан бері 3622 азамат тіркелген. Бесшоқы тұрғын массивінен 150 жер учаскесіне 2020 жылғы «Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы аясында табиғи газ және 2021 жылы электр желілері тартылып қабылдау жұмыстар жүргізілді. Ағымдағы жылы аталған жер телімдері кезектілікпен берілетін болады.
Сонымен қатар, кәсіпкерлік мақсатта 8 жер учаскесі аукцион арқылы 9 223 333 тг салыды.
Жер заңнамасын бұзуына байланысты 24 азаматқа айыппұл салынды. Айыппұлдың жалпы сомасы – 5 250 600 теңге. (13 азамат айыппұл төледі, өндірілген сома 2 844 075 теңге. 11 азаматтың айыппұлын төлету үшін заң аясында шаралар қабылдануда. Өндірілетін сома 2 406 525 теңге)
Игерілмеген және келісім шарт талаптары орындалмаған 17 жер учаскесі мемлекет меншігіне кері қайтарылды.
Инженерлік инфрақұрылымдар
Маңғыстау ауылы халыққа қажетті негізгі энергоресурстармен, соның ішінде электр энергиясымен, жылумен және табиғи газбен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар, ауылды кәріз жүйесімен қамту құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталған болатын. Аталған жоба қазіргі таңда 70 % -ға орындалды.
Ауыл ішілік автокөлік жолдарының жылпы ұзындығы 80,8 шақырымды құрайды, соның ішінде асфальт жолдар 52,5 шақырым, қатқыл табанды жолдар 21,8 шақырым ал, 6,5 шақырым жай қара жолдар. 2021 жылы Адай базасының қиылысынан Маңғыстау ауылының Айрақты және Шерқала т.м. дейінге 1,9 шақырым жол 4 жолақты болып іске қосылды. Сонымен қатар, Маңғыстау ауылындағы вокзалға баратын және аудандық Емхана орналасқан орталық 6 шақырым көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Ауыз су. Орталықтандырылған құбыр арқылы ауыз сумен Маңғыстау ауылының басым бөлігі, атап айтқанда Маңғыстау ауылының өзі, Ақ Еспе, Бозжыра, Шерқалажәне Бесшоқы тұрғын үй массивтері қамтамасыз етілген. Қазіргі таңда, Айрақты т.м. ауыз суға қосу жұмыстары басталып кетті. Ауыз су көлеміне қарай, кезектілікпен берілетін болады.
Қылмыстық ахуал туралы.
Ауылда 3 учаскелік пунктте штат бойынша барлығы 4 учаскелік полиция және 5 көмекші бар. Есепті кезеңде Маңғыстау ауылы бойынша 89 ірі және ұсақ қылмыстар тіркелді. Қазіргі таңда олардың 82 ашылып, қылмыскерлер заң аясында жауапкершілікке тартылды. Ал, 7 іс бойынша тиісті жұмыстар атқарылуда.
Жыл басынан жасөспірімдер мен мектеп оқушылары арасында қылмыстың алдын алу мақсатында білім бөлімі, учаскелік полиция инспекторлары және ауыл әкімдігі тарапынан рейдтік іс-шаралар тұрақты түрде өткізілді.
Алға қойған міндеттер: