«Қызылтөбе ауылдық округі» статусы 2005 жылы беріліп, құрамына: Қызылтөбе ауылы, Қызылтөбе-2, Бірлік және Ынтымақ тұрғын үй алаптары енгізілді.
Ауылдық округтің әкімшілік ауданы -12 531 га, барлық үйлер саны -3 770.
Статистикалық есеп бойынша халық саны -31 719 адам.
Ауылдық округтің 2022 жылғы бюджеті 244 млн. 911 мың теңге.
2022 жылдың 6 айында Қызылтөбе ауылдық округі әкімінің аппаратына жеке және заңды тұлғалардан барлығы 58 өтініш келіп түсті. Оның ішінде: 57 жеке тұлға, 1 заңды тұлға. Аталған өтініштердің барлығына заң талабына сәйкес жауап беріліп, тиісті жұмыстар жасалынды.
Бала туу көрсеткіші 2022 жылдың 6 айы бойынша 296 сәбиді құрады.
Ауылдық округтегі экономикалық белсенді халық - 17 489, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар - 16 412, жұмыспен қамту орталығына ресми тіркелген жұмыссыздар - 221 адамды құрап отыр. 2022 жылы 820 жаңа жұмыс орны құрылып, 61 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасты. 17 тұрғынға біржолғы материалдық көмек және 49 отбасыға атаулы әлеуметтік көмек берілді.
Жеке тұрғын үй құрылысын салу үшін жер учаскесін алуға өтініш білдірген азаматтар саны 9095. Бүгінгі таңда, Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының күншығыс бетінен арнайы алаң дайындалуда.
Қызылтөбе ауылдық округінің елді мекендерін құбыр арқылы ауыз сумен қамту бойынша құрылыс жұмыстары аяқталып, бүгінгі таңда тұрғын үйлерді құбырға қосу жұмыстары жүруде. Қазіргі таңда 650 тұрғын үй келісімшартқа отырды.
Елді мекендер 100% электр энергиясымен, табиғи газбен және интернет желісімен қамтылған.
Елді мекендерді электр энергиясымен қамтамасыз ету жұмыстарын «Маңғыстауэнерго» МКК және «Маңғыстау Электротораптық Бөлу Компаниясы» АҚ /МРЭК/ жүргізеді.
2021 жылдың желтоқсан айында электр энергиясының қуаттылығын арттыру мақсатында «Маңғыстау өңірлік электротораптық компаниясы» АҚ-ның басқарма басшылары және аудандық мәслихат депутаттары мен ауылдағы электр қуаты төмендегі бойынша жиналыс өткізіліп, Нәтижесінде Уалиханов, Желтоқсан, Маусым, Құбыла көшелеріне жаңадан бағана орнатылып, Маусым көшесіне трансформатор орнатылды. «Маңғыстау энерго» МКК тиесілі Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабында қуаттылығы 630 кВа және Қызылтөбе ауылы Мыңбаев көшесіне қуаттылығы 400 кВа жаңадан трансформатор қойылды.
Көше жарығы бойынша «Маңғыстау-энерго» МКК қызмет көрсетеді. Барлығы:1935 дана көше жарығы орналасқан. Оның ішінде: LED жарық шамы- 200 дана, ДРЛ лампа- 1735 дана. Жыл басынан бері ауылдық округ аумағында 280 дана жарық шамы ауыстырылды. Бұл жұмыстар жалғасын табуда.
Ауылдық округ бойынша автокөлік жолы 95 шақырымды құрайды. Оның ішінде: асфальтталған жол 53 шақырым, грейдер жол 8,6 шақырым. Ауылішілік асфальт жолдарға тексеру жүргізіліп, аудандық ТҮКШ,ЖК және АЖ бөліміне 87 м2 ой шұқыр жолға, ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізуге ұсыныс берілді.
Ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және жол көлік оқиғасының алдын алу мақсатында, 2 (екі)жасанды жол кедергісі мен жол белгілері орнатылып, жаяу жүргіншілер жолағы толықтай жаңартылды. Ауыл әкімінің есеп беру кездесуінде ауыл тұрғындарының өтініші негізінде Бірлік тұрғын үй алабының кіре беріс жеріне астобус аялдамасы орнатылды.
Жолсапарлар /маршрут/ бойынша. «Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау», «Ақтау-Қызылтөбе-2-Ақтау» және «Маңғыстау-Дәулет-Қызылтөбе-2» бағыттарына қатынайтын №13А қоғамдық жолсапарлары ұйымдастырылған. «Ақтау-Қызылтөбе-Ақтау» бағытындағы маршрут автобустарының жүру сызбасын өзгертуге байланысты өткізілген 03.11.2021 жылғы №01-07/17 санды хаттамаға ауыл тұрғындары келісіп, облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына ұсыныс жолданып, ұсынысымыз қолдау тапты.
Ауылдық округте 2 орта мектеп, 1 мектеп-гимназия және 1 лицей жұмыс жасайды. Білім беру ұйымдарындағы барлық оқушылар саны - 6 213. Биыл Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабынан 1200 орындық мектептің құрылысын салу үшін мемлекеттік сараптамадан оң қорытындысы алынып, құрылыс жұмыстары басталуда.
Аумағымызда 280 орындық №5 «Балбөбек» және 150 орындық №4 «Балапан» мемлекеттік балабақшалары және 662 балаға есептелген 8 жеке меншік балабақша жұмыс жасайды.
Сонымен қатар, 1 медициналық-санитариялық алғашқы көмек орталығы және 2 дәрігерлік амбулатория жұмыс жасайды. Медицина ұйымдарындағы барлық қызметкерлер саны - 108, екпе егу бойынша жоспар 14 098, екпе алған тұрғындары саны - 9135 (I және II компоненттер).
Ауылдық округте 1 жабық спорт кешені, 4 ашық футбол алаңы, воркаут, волейбол және 9 балалар ойын алаңдары бар және «NAIZA FIGHTERS» жеке меншік спорт залы жұмыс жасайды. Жеке кәсіпкер Б.Нарынов демеушілігімен «Гүлдер» балабақшасының жанынан жабық спорт алаңының құрылысы жүргізілуде.
Шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны - 269 (оның ішінде: кәсіпкерлік нысандар - 170).
Ауылдық округте «Қызылтөбе ауылының мәдениет үйі» орналасқан. Мәдениет үйінде 6 үйірме және кітапхана орналасқан және «Тайбурыл» аула клубы жұмыс жасайды.
Халық үніне құлақ асатын мемлекет тұжырымдамасы негізінде әлеуметтік желілерге келіп түсетін ауыл тұрғындарының шағымдары мен пікірлері сараланып, тиісті жұмыстар атқарылуда. Оның ішінде: жиналып қалған қоқыстарды тазалау, ауылішілік көшелерді грейдермен тегістеу, көше жарығы және басқа да өзекті мәселелер бар. Келіп түсетін пікірлер мен шағымдарға уақытылы мониторинг жүргізіліп, шара қабылданып, нәтижесі жазба қалдырған тұлғаға хабарланып отыр. Аудан әкімі аппаратының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларына да келіп түсетін Қызылтөбе ауылдық округіне қатысты шағымдар мен ой-пікірлерге уақытылы жауап беріліп отыр.
Қызылтөбе ауылдық округінде 2 полиция тірек пункті жұмыс жасайды. Қызылтөбе ауылында 1 учаскелік полиция, 1 көмекшісі және 2 инспектор болса, Қызылтөбе-2 т.ү.а. 1 учаскелік полиция, 1 көмекшісі және 1 инспектор бар. 2022 жылдың 6 айы бойынша 9 қылмыс орын алып, ашылғаны -6 , ашылмағаны-3 қылмыс.
Ауылдық округте 29 мал шаруашылығы және 103 үй шаруашылығы бар. Шаруа қожалықтарындағы және ауылішілік үй шаруашылықтардағы барлық мал бастары - 6142. Ауыл шаруашылығының бірдейлендіру базасына тіркелген мал бастарына мемлекет тарапынан қаржылай көмек үлестірілді.
Абаттандыру жұмыстары бойынша Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабының №1671-1686, ой-шұқыр жерлеріне құм /пгс/ төгіліп және Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабы №451-2034 үй аралықтарындағы көшелерге грейдермен тегістеу жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, Қызылтөбе ауылы Тобанияз, Құбыла және Балауса көшесінің кварталдары грейдермен тегістелді. Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабынан 1 ашық футбол алаңы мен 1 балалар ойын алаңы салынып, 6 дана жарық шамы орнатылып пайдалануға берілді.
Көгалдандыру жұмыстары бойынша Қызылтөбе ауылының «Жастар саябағына» 200 / екі жүз / дана ағаш көшеттері отырғызызылып, 6 м3 су сұятын емкость және 6 дана бейнебақылау орнату, 24 сағ күзетпен қамтамасыз етілді. Отырғызылған талдарға тыңайтқыш қосылып, аптасына 2 рет суару жұмыстары жүргізілуде.
Иесіз бұралқы иттер мәселесі бойынша Мұнайлы аудандық ветеринариялық станциясы мен бірлесе отырып, тұрғындардың арызы негізінде жыл басынан бері 228 иесіз бұралқы иттер көзі жойылып, залалсыздандырылды. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарына иттерін байлап ұстау бойынша ескерту әлеуметтік желілерге / инстаграм, фейсбук/ жарияланды.
Қызылтөбе ауылдық округі әкімі аппаратының 2022 жылға жоспарлары мен алда тұрған міндеттері
1) Құрылысы аяқталған ауыз су құбырын іске қосып, құбыр арқылы ауыз су беру жұмыстарын аяқтау (бүгінгі таңда тұрғындар тарапынан келісімшартқа отыру жұмыстары жүруде);
2) Қызылтөбе ауылының төменгі аумағындағы ескі газ құбырларын реконструкциялау, қауіпсіздендіру (жер асты газ құбыры шіріп, қауіптілігі жоғары болып отыр, қазіргі таңда қаражаты бөлініп, конкурстық жұмыстар жүруде);
3) Қызылтөбе-2 т.ү.а. аумағынан 1200 орындық мектеп құрылысын бастау (қазіргі таңда қаражаты бөлініп, конкурстық жұмыстар жүруде);
4) Қызылтөбе ауылының жоғарғы аумағындағы және асфальт жабындысы төселмеген ауылішілік жолдарға асфальт жабынды төсеу жұмыстары (жалпы ұзындығы 34 шақырым асфальт жолға құжаттар жасақталып, ұсыныс берілді);
5) Түнгі көше жарығы шамдары орнатылмаған аумақтарға жарық шамдарын орнату (бұл жөнінде жыл басында 35 млн. теңгеге барлық құжаттар жасақталып, аудандық экономика және қаржы бөліміне табысталды);
6) «Жастар» саябағы аумағын әрі қарай дамыту, көгалдандыру;
7) Ауылдық округ аумағына спорт алаңын, воркаут алаңын және балалар ойын алаңдарын орнату (бұл мақсатта жер учаскеміз дайын, қаражат бөлінсе жұмыстар жүргізіледі);
8) Демеушілер есебінен спорт кешенін салу (бұл мақсатқа арналып жер учаскесі рәсімделді);
9) Шағын және орта кәсіпкерлікті қолдап, әрі қарай дамыту;
10) Жұмыссыздықты азайту (жаңа жұмыс орындарын құру);
11) Елді мекендер аумақтарын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарын жалғастыру, бақылауда ұстау;
12) Ауылдық округтің санитариялық тазалығын қамтамасыз ету, күнделікті бақылауда ұстау;
13) Қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, қылмыстардың алдын алу
14) Қайырымдылық шараларын ұйымдастыру;
15) Салықтық түсімдерді орындау, кіріс көздерін қалыптастыру;
16) Жер кезегінде тұрған азаматтарға жер учаскелерін беру мәселесін шешу (Бұл мақсатта Қызылтөбе ауылының күншығыс бетінен арнайы алаң дайындалды).