Дәулет ауылдық округі әкімінің 2022 жылға есебі

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы    №826 «Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Жарлығына сәйкес, ауыл тұрғындарымен айына 2 рет жүрмелі жиналыс өткізу жоспары бекітілді. Сонымен қатар, ауыл тұрғындарын жеке мәселелері бойынша күнделікті қабылдау өткізіледі. Жыл басынан бері қабылдауда 24 адам болып, көтірілген жеке мәселелері бойынша ҚР қолданыстағы заңнамалары аясында толық жауап берілді.

Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратының әлеуметтік желілері де жұмыс жасауда. Тұрғындардың сауалына тез арада жауап беріледі.

Дәулет ауылдық округі әкімі аппаратына жеке тұлғалардан 35 арыз келіп түсті. Соның ішінде шешім қабылданып қанағаттандырылғаны 20, бас тартылғаны 9, түсіндірілгені 4, қалған арыздар уақыты бойынша қаралуда.

 

 

Дәулет ауылдық округі аумағында 2022 жылға бөлінген қаражат есебінен атқарылатын жұмыстар:

 

Дәулет ауылдық округінің санитарлық тазалығына 2022  жылға Мемлекеттік сатып алу конкурс нәтижесі бойынша  «КаспийБекСервис» ЖШС жеңімпаз атанып, келісім-шарт жасақталды. Келісім-шартқа сәйкес, ауылдық округтің тазалығы үнемі жүргізіліп, тұрақты бақылауда.

ЖаңаДәулет тұрғын алабының №339 үй жанынан балалар ойын алаңын салу. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, құрылыс жұмыстары басталуда.  

ЖаңаДәулет тұрғын алабының №25-40 үй аралығындағы аулалардан шыққан жер асты суын айдау бойынша дренаж жүйесін орнату. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, дренаж жүйесі орнатылды. Дренаж жүйесі жер асты суын күнделікті шығаруда.

Қажеттілікке қарай ауыл ішілік жолдарды тегістеу жұмыстары.   Қазіргі таңда, Дәулет ауылы бойынша 11, 13 кварталдарға қиыршық тас аралас құм төселіп, тегістеу жұмыстары жүргізілді. Алдағы уақытта бұл жұмыстар жалғасын табатын болады.

Балалар ойын алаңдары мен спорт алаңдарды күтіп ұстау жұмыстары. (Дәулет және ЖаңаДәулет тұрғын алабындағы балалар ойын алаңдарын, жаяу жүргіншілер жолын, аялдамаларды күтіп ұстау, қалпына келтіру) Құны – 4 млн тг. Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, жұмыстары басталуда.

Саябаққа аспалы шамдар және кіші архитектуралық мүсіндер орнату.  Қазіргі таңда, мемлекеттік сатып алу порталы арқылы мердігер мекеме анықталып, жұмыстары басталуда.

Ауылдық округ аумағындағы өндірістік мекеме ауласынан алынған ауылдық округ аумағына 200 түп айлант ағашы, саябақ ішіне 30 тал қара ағаш және 10 түп шырша отырғызылды. 2022 жылға тал сатып алу бойынша бюджеттен қаржы қарастырылған жоқ.  

Ауылдық округті көгалдандыру және көшеттерді суару жұмыстарын жүргізу.   Мердігер мекемемен жасақталған келісім-шартқа сәйкес, саябақ және орталық жол бойындағы ағаштарды суару жұмыстары жүргізілуде.

 

Ауыл тұрғындарының сұранысы негізінде жарық шамы орнатылмаған көшелерге «Маңғыстауэнерго» МКК мамандарымен бірлесе «Айком ЛТД» ЖШС мекемесінің демеушілігімен бағана орнатылды. Қазіргі таңда, бағаналарға сым тарту және жарық шамын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Дәулет ауылдық округі бойынша жыл басынан бері 65 көше шамы ауыстырылды. Тұрғындардың өтініші бойынша жанбай тұрған немесе қайта ауыстыруды қажет ететін көшелерге шамдарын ауыстыру жұмыстары үнемі жүргізіліп отыр.

 

 

 

 

2022 жылға қойылған міндеттер мен жоспарлар және оны одан әрі дамытудың негізгі бағыттары:

 

  • Бюджетке түсетін салықтық түсімдердің орындалысын қатаң бақылау;
  • Ауыл тазалығын үнемі қамтамасыз ету;
  • Көше жарықшамдарына тұрақты бақылау жасау, істен шыққандарды уақытылы ауыстыру;
  • Ауылдық округ жастарын спортқа және мәдениетке баулу мақсатында әртүрлі спорттық, мәдени шаралар ұйымдастыру;
  • Кітапханасымен бірге 200 орындық ауыл клубының құрылысын 2022-2024 жылдарға арналған «Ауыл – ел беісігі» бағдарламасы аясында қаржыландыруға ұсынып, құрылысын бастау;

Дәулет ауылдық округінің алдағы уақытта жаңадан берілетін жер телімдеріне тоқ және газ желілерін тарту жұмыстарын аяқтап, ҚР қолданыстағы заңдарға сәйкес, кезектілік негізінде жер телімдерін беру.

Дата публикации
11 июля 2022