Қадірлі Баянды ауылының тұрғындары!
Құрметті Ержан Көпжасарұлы, Берік Жарылғапұлы!
Баянды ауылының әлеуметтік - экономикалық дамуы бағытында 2022 жылдың жарты жылдығында жасалған жұмыстар және алдағы жоспарлар міндеттер туралы есебімді баяндауға рұқсат етіңіздер!
2022 жылдың жартыжылына әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы бойынша:
Халық саны былтырғы санақтан кейін 7906 адамды құрап, 5 ай ішінде 25 адамға өскен (01.01.2022 ж.- 7881 адам).
Еңбек жасындағы экономикалық белсенді тұрғындар саны-4145, оның ішінде-жұмыспен қамтылғандар-2184, өзін-өзі жұмыспен қамтығандар-896, жұмыссыздар саны-455, жұмыспен қамту бөлімінде тіркелгендер-115 адам. Ауылда 277-зейнеткер, 124-мүгедек, 57-16 жасқа дейінгі мүгедек бала,79 алтын және күміс алқа иегері бар.
2022 жылдың қаңтар айынан бүгінгі күнге дейін Баянды ауылы әкімі аппаратына 9 заңды және 80 жеке тұлғалардан, барлығы 89 арыз келіп түсті. Сонымен бірге, 39 адам ауыл әкімінің жеке қабылдауында болды. Ай сайын аудандық мәслихат депутаты Ж.Байназарова мен аудандық қоғамдық кеңес мүшесі Б.Ақжігітовтің қоғамдық қабылдауы болады. Барлық тұрғындар мен арыздарға заң талаптарына сәйкес уақытында жауап берілді.
2022 жылғы наурыз айындағы есеп беру кездесуінде 12 тұрғын сұрақ қойды. Оның ішінде 2 тұрғын арнайы сұрақтар жәшігіне, 4 адам әлеуметтік желі арқылы және 6 тұрғын залдағы қатысушылар тарапынан қойылатын сұрақтар.
Ауыл әкімі аппараты, нормативтік құқықтық актілерге сәйкес 7 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Аппаратта жыл басынан бері барлығы 1244 мемлекеттік қызмет көрсетіліп, сапалы және уақытылы орындалды.
Білім беру саласы бойынша ауылда 960 орындық №3 орта мектеп орналасқан. 2021-2022 оқу жылын 2287 оқушымен аяқтады. Оның ішінде үздік оқушылар саны-199, екпінді оқушылар саны-647. Мектеп бітіруші түлектер саны-78, ҰБТ тапсыруға өтініш бергендер саны-73. Тапсырғаны-72; Орта ұпай-65; Ең жоғары ұпай-109; Ең төмен ұпай-25. 1 оқушы «Алтын белгі», 5 үздік аттестат. Мектеп оқушыларының жазғы демалыс уақыттарын тиімді пайдалануын қамтамасыз ету мақсатында, 300 бала мектеп жанынан ұйымдастырылған лагерьде демалатын болады. Қазіргі таңда І легі 100 бала демалып жатыр. Лагерьде 15 адам жұмыс жасайды.
280 орындық «Айналайын» мемлекеттік балабақшасында 280 бала тәрбиеленуде. (2020 жылы-270 бала) топ саны-12, қызметкерлер саны- 86 (педагог-50, кіші қызметкерлер-36). 1 балаға 3 жасқа дейін төлем-13398, 3 жастан жоғары балаларға-16338 теңге. Жеке меншік «Ботақан» 140 орындық балабақшасында 5 топта 140 баламен қамтылған (2020 жылы-140 бала). (оның ішінде 46 бала тегін, 11 бала жеңілдікпен) қызметкерлер саны- 28 (педагог-16, кіші қызметкерлер-12). 1 балаға төлем-14500 теңге. «Күншуақ» 100 орындық балабақшасында 4 топта 80 бала тәрбиеленуде. 1 балаға төлем-13800. (10 баланы тегін және 20 баланы 5000 теңгемен қамтиды.) Қызметкерлер саны-15.
Денсаулық сақтау саласында Баянды ауылы тұрғындарына дәрігерлік амбулатория қызмет етеді. Тіркелген халық тізілімі (РПН) 2022 жылдың маусым айы бойынша халық саны-7940 адам. Медициналық құралдармен қамтылған.
2022 жылға жарты жылына 112 бала дүниеге келді .Есепті кезеңде 1-жасқа дейінгі 1 сәби өлімі тіркелді. Ана өлімі тіркелеген жоқ. Туберкулез ауруымен ауыратындар саны 2 адамды құрады.
Мәдениет саласы бойынша 2022 жылы жартыжылына ауыл көлемінде ҚР мемлекеттік мерекелері мен атаулы мерекелік күндері жыл басынан 18 мәдени шаралар ұйымдастырылды. 3 спорттық шаралар ұйымдастырылды. Мәдени шараға 2825 көрермен және 790 өнерпаз қатысты. «Ұлттық рухани жаңғыру» ұлттық жобасы аясында 1 Наурыз Алғыс күніне орай аз қамтылған отбасыларға арналған қайырымдылық акциясы, 22 Наурыз Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған «Құт мереке Наурызым» атты мерекелік шара болып өтті. Мәдениет және өнер қызметкерлеріне күніне орай «Өнерім – өмірім» атты мерекелік шара және 1 Маусым балаларды қорғау күніне орай Емір елді мекенінде, «Бақытты балалық шақ» атты мерекелік концерт өткізілді. Оқушылардың мектептен тыс мезгілде бос уақыттарын тиімді өткізуі үшін мектептен тыс қосымша жасөспірімдерге арналған 1 спорт мектебінің филиалында (227 бала), «Сұңқар» аула клубы, «Өнер» мектебі филиалы және «Баянды ауыл» клубындағы үйірмелерде (277 бала), барлығы 504 балаға қызмет көрсетуде. Қазіргі таңда ауылға спорт кешенін салу бойынша жобалық іздестіру жұмыстары жасақталып, тиісті жер телімі резервке қойылды. Құрметті Ержан Көпжасарұлы! Осы жобаға ЖСҚ жасақтауға қаржы бөлінуіне ықпал етуіңізді сұраймын. (17,2 млн тг)
Баянды ауылдық мешітінде 2022 жылыдың жарты жылына 1741-ге жуық жамағатқа ҚМДБ тарапынан келісім алынған уағыз-насихаттар оқылды. Сонымен қатар, мешітте қайырылымдық шаралары да өткізіліп тұрады. Қаңтар-маусым айлары аралығына өткізілген қайырымдылық шараларда 80 отбасыға көмек көрсетілді. 2022 жылдың І жартыжылдығына өткізілген қайырымдылық шараларда ауыл аумағындағы жеке кәсіпкерлердің қолдауымен 186 отбасыға көмек көрсетілді. Соның ішінде 1-маусым балаларды қорғау күніне орай, көпбалалы, аз қамтылған отбасының балалары және ерекше балаларды қуанту мақсатында «Алтын констракшн», «Емір Ойл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қосқан үлесі зор.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің мұрындық болуымен толассыз жаңбырдан зардап шеккен 15 отбасыға (9,1 млн.тг.) «Қызыл Ай» қайырымдылық қоры қаржылай көмек берді. Табиғи апат салдарынан қиын жағдайға тап болған отбасының әр мүшесіне 100 000 теңге көлемінде қаражат табысталды.
Жұмыспен қамту саласы. «2021 – 2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жобаны бекіту туралы» бағдарламасы аясында Тұрақты жұмысқа 17, жастар практикасына-1, қоғамдық жұмысқа-3, әлеуметтік жұмысқа-20 адам жолданды. Жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға арналған мемлекеттік грант бойынша ауыл тұрғыны, 2-топ мүгедегі мал шаруашылығын дамыту мақсатында (1 225 200 тг) көлемінде қаражат иеленді.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 1 маманға 4 млн.594 мың теңге бюджеттік кредит және 1 маманға 306 мың 3 жүз теңге көтерме жәрдемақы тағайындалды.
Шағын кәсіпкерлікті дамыту. Статистика органдарының мәліметіне сәйкес шағын және орта бизнес өкілдерінің тіркелген саны 326. Соның ішінде 190 жеке кәсіпкер, 40 ЖШС және 96 шаруа қожалығы бар. Жұмыспен қамтылғандар саны-838. «2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба» аясында «Маңғыстау Эко Пэт» ЖШС 2 жобаға 12 млн.тг. кепілдендіру алды.
Ауыл шаруашылығы саласында статистика органдарының мәліметі бойынша 96 шаруа қожалығы тіркелген, ауыл аумағында күні бүгінге 93 мал шаруашылығы және 3 егін шаруашылығы өз кәсіптерін дамытып отыр.
2022 жылдың 1 шілденің есебі бойынша 152 бас сиыр, 4534 бас қой-ешкі,1746 бас жылқы, 1716 бас түйе, 695 бас үй құстары бар. Атап айтар болсақ ауыл іргесінде орналасқан Иманқұл Тұтқабай Тезекбайұлының шаруашылығы асыл тұқымды «Ақ жайық» жылқы малынан тәулігіне 30 литр саумал, қымыз өндіріп аудан, облыс тұрғындарына жеткізіп отыр. «Шонық» ШҚ, «Түлік» ЖШС, «Әдемі» ЖШС түйе шаруашылығының дамуына зор үлестерін қосуда. Сонымен қатар, жылыжайға жеке кәсіпкерлер Аязбаева Альфия 600 шаршы метр және К.Давлятов 1 га жерге қияр егіп отыр. Ураскулов Эсеналидың «Ысмайыл» атты егін шаруашылығында 4 гектар жерге қауын-қарбыз егіп, облыс тұрғындарын маусымдық кезеңде көкөніс және бау-бақша өнімдерімен қамтамасыз етеді. Ауыл аумағында «Тұманшах» ЖШС жұмыс жасайды. Алты ай ішінде 380-400 тонна құс еті өндіріліп облыс тұрғындары құс етімен қамтамасыз етуде. Сонымен қатар, «Жасыл дәліз-3» мал азығы шығындарына өтемақы төлеуге бөлінген қаржыны мақсатты пайдаланудың 3-кезеңі бойынша 23 үй шаруашылығының 260 мал бас санына және 8 шаруа қожалықтарының 266 мал санына акттер тапсырылды. 2022 жылы ресми шығындалған мал саны 15 жылқы, 10 түйе, 43 ұсақ мал.
Ауыл арасында иесіз және қараусыз жүрген үй жануарларының иелеріне жануарлардың күтіп ұстау ережелері туралы түсінік жұмыстары жүргізілуде. 2022 жылы 6 ай ішінде аталған бағытта шара қолдану мақсатында 7 тұрғынға айыппұл, 5 тұрғынға ескерту бойынша хаттама рәсімделді. ветеринарлық станциясы қызметкерлерімен жыл басынан бері 76 бұралқы ит ауланды.
Елді мекендердің санитария қызметіне 13 млн 100 мың теңге жоспарланды, оның ішінде:
2022 жылға қоқыстарды шығару және санитарлық тазалық қызметіне 12622,4 мың теңгеге «Атамекен Тазалық» жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен келісім шарт жасақталды. Тұрмыстық қатты қалдықтарды шығару үшін 1100 тұрғын үймен келісім шарт жасалған. Шартта адам саны-4120. Сонымен қатар, мердігер мекемеге келісім шарт негізінде ауыл тұрғындарының 1 млн теңгеден астам берешегі бар. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 505 бабына сәйкес ауыл аумағының абаттандыру ережесін бұзғаны үшін 24 тұрғынға ескерту берілді.
Елді мекендерді абаттандыру мен көгалдандыру қызметтеріне 12800,0 мың теңге жоспарланды, оның ішінде:
Көгалдандыру қызметі бойынша мердігер ЖК «Боранбаев» 1339,0 мың теңгеге келісім шарт жасақталды. Талдарды күтіп баптау, суару жұмыстары кесте бойынша жүргізіледі. Сонымен қатар, «Жасыл ел» марафоны бойынша 17 сарбаз қабылданып әкімдік жанындағы және жастар саябағындағы талдарды кесу, күтіп баптау, суару жұмыстары жүргізілуде.
Жол мәселесі. Ауыл бойынша 39 көше ұзындығы 25 км. Соның 4,5 км асфальт төселмеген. Ауылда асфальт төселмеген 4 көшеге (ұзындығы 3 шақырым) асфальт төсеуге аудандық ТҮКШ АЖ және ЖК бөлімінеұсыныс берілді.Жобалық іздестіру жұмыстары (ПИР) жасақталды.
Маршрут. №106 «Ақтау-Баянды-Ақтау» маршрутына Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан конкурс жарияланып, «KAT LOGYSTIC» ЖШС жеңімпаз болып танылды. Қазіргі таңда №106 маршруты 3 автобус тұрақты 40 минут жиілікпен бекітілген кестеге сәйкес жүреді. Бұдан басқа №107 «Ақтау-Адай автобазасы-Ақтау» бағытында маршрут күнделікті жүреді.
Ауыз су мәселесі. Ауылда «Маңғыстау жылу» МКК су сорғы бекеті қызмет көрсетуде. Аталған нысанда екі мембрана бар. Жазғы уақытта құбыр арқылы тұрғындарға толығымен ауыз сумен қамту үшін тәулігіне 1100-1200 су қажет етіледі. Қазіргі таңда мембрананың насостарының бұзулуына байланысты күніне орта есеппен 800-850 текше метр су берілуде. Көлікпен тасымалдауды ұйымдастыратын 2 жекеменшік көлік бар, күнделікті түскен тапсырыс орындалады.
Электр энергия мәселелері. «Маңғыстауэнерго» МКК Баянды ауылы бойынша ауылда тұрғын үйлер толықтай тоқ көзімен қамтылған. Қазіргі таңда, ауылға электр желісін жүргізу бойынша мердігер мекеме «Айком лтд» ЖШС анықталды, құрылыс жұмыстарын наурыз айында басталды. Келісім шарт сомасы: 680,6 млн тг. Бұл жоба тек қана Баянды-4 массивін қамтып ғана қоймай, қазіргі өзекті мәселе Баянды-1,2,3 массивтеріне электр энергиясының кернеуін реттейді деп жоспарлануда.
Сонымен қатар Баянды ауылынан Адай автобазасына баратын автокөлік жолды жарықтандыру бойынша конкурс берілді. Жеңімпаз «Эльком» ЖШС. Шілде айында құрылыс жұмыстарын бастайды.
Көшелердің жарық шамдары ай сайын тексеріліп, бүлінген шамдар ауыстырылып отырады. Қазіргі таңда ауылда 472 бағанада жарық бар. Ауылдағы шамдары орнаталмаған көшелерді жарықтандыру және заманауи ЛЭД шамдарға ауыстыру бойынша тиісті сметалық құжаттар жасақталып, аудан әкімдігіне тапсырылды. Сметалық құны: 62 млн тг. Құрметті Ержан Көпжасарұлы! Осы қаржының биыл бөлінуіне қолдау көрсетуіңізді сұраймын.
Құрметті ауыл тұрғындары!
Баянды ауылын дамытуға бағытталған алда
тұрған міндеттер мен жоспарлар:
Құрметті ауыл тұрғындары, қонақтар, әріптестер!
Бүгінгі есебімді қорытындылай келе, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен жаңғыру жолы» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Жаңа Қазақстан – жаңару мен жаңғыру жолы, бүгінгі буынның болашақ ұрпаққа аманаты. Бабалар аманатына адал болып, оны ұрпаққа табыстау – мен үшін киелі парыз. Біз бүкіл ел болып Жаңа Қазақстанды құрамыз. Мен азаматтарымыздың ертең емес, бүгін бақытты өмір сүргенін қалаймын» деп атап өтті.
Ендеше, бұл мақсатқа қол жеткізу жолында бәріміз бір кісідей жұмылып, елімізде бірлік пен тұрақтылықты сақтап, табысты жұмыстарымызды әрі қарай жалғастыратын боламыз дегім келеді.
Қазақ елінің мәртебесі биіктей берсін.
Елге тыныштық пен бірлік тілеймін.
Тыңдағандарыңызға рахмет!