Мұнайлы ауданы әкімдігінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі 2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі

Мұнайлы ауданы әкімдігінің

мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі

2022 жылдың ІІ тоқсаны бойынша есебі

 

ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2022 жылғы 18 мамырдағы № 170/НҚ бұйрығымен Мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің Тізіліміне енгізілген өзгерістермен толықтыруларға сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдерімен 7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен  64  қызметтің түрі көрсетіледі.

Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын  арттыру мақсатында аудан тұрғындарына 88 түсіндіру (хаттамалық тапсырмалар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренинг жұмыстары және т.б.) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны - 548.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың бойынша нәтижелеріне сәйкес:

2022 жылдың II тоқсан бойынша көрсетілген қызметтердің саны – 25 382 қызмет.

 Оның ішінде:

1) көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 31 немесе 0,2%;

2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 127 немесе 0,5%;

3) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -21 155 немесе 83,3%;

4) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –490 немесе 1,9%;

5) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны- 3 579 немесе 14,1%;

Мемлекеттік  қызметті  көрсетуден  бас  тарту  саны  – 1205 (қағаз түрінде-606, электрондық түрде - 599).

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының министрінің  2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік  бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша  іс-шара жоспары бекітілді.

Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес, жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 3, анықталған бұзушылықтардың саны – 7 (мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері –2, мемлекеттік көрсетілетін қызметтер саласындағы заңнаманың өзге де талаптарының бұзылу фактілері - 4, негізсіз бас тарту деректері – 1).

Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша 12 ұсыныс жолданды.

Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде ауыл, ауылдық округ әкімдері және аудандық тиісті бөлім басшыларымен өткізілген кеңестерде талқыланады.

 

Талдамалық
Дата публикации
04 июля 2022