«Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік
мекемесі Мұнайлы ауданының бюджетін жоспарлау, қалыптастыру, орындалуына талдау жүргізу және ауданның коммуналдық мүлкін басқару, экономика және мемлекеттік жоспарлау салаларында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы Конституциясына, Қазақстан Республикасының 1994 жылғы 27 желтоқсандағы Азаматтық кодексі, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексі, Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 5 желтоқсандағы Салық кодексі, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына және Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастырушылық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, аудандық коммуналдық меншік және бюджеттік қатынастар мәселелері бойынша өзінің атынан азаматтық- құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
- Заңды тұлғаның орналасқан жері.
Қазақстан Республикасы 130600, Маңғыстау облысы, Мұнайлы ауданы, Маңғыстау ауылы,14 квартал, 11 ғимарат.
- Мемлекеттік органның толық атауы -«Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
мемлекеттік тілде: «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі;
орыс тілінде: Государственное учреждение «Отдел экономики и финансов Мунайлинского района».
- Осы Ереже «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
- «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысынан шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Мұнайлы аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілерімен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер, егер заңнамада өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.