Мұнайлы ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларының тұрғын үй көмегін алудың мүмкіндігі бар.
Бұл көмек түрін, Қазақстан Республикасының аумағындағы жалғыз тұрғынжайы ретінде меншік құқығындағы тұрғынжайда тұрақты тіркелген және тұратын аз қамтылған отбасылар (азаматтар), сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалға алған тұрғынжайды жалдаушылар ала алады.
Тұрғын үй көмегі коммуналдық шығындар аз қамтылған отбасының жиынтық табысының 7 пайызынан асқан жағдайда төленеді.
Тұрғын үй көмегін тағайындау кезінде үйдің ауданы бір адамға 15 шаршы метрден кем емес және 18 шаршы метрден артық емес болуы қажет.
Тұрғын үй көмегі кондоминиум объектісін басқаруға және ортақ мүлкін күтіп-ұстауға, оның ішінде кондоминиум объектісінің ортақ мүлкін күрделі жөндеуге жұмсалатын, коммуналдық қызметтер мен телекоммуникация желісіне қосылған телефон үшін абоненттік төлемақының өсуі бөлігінде байланыс қызметтерін тұтынуға, мемлекеттік тұрғын үй қорынан берілген тұрғынжайды және жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайды пайдалануға жұмсалатын шығыстарының шектi жол берiлетiн деңгейi мен аз қамтылған отбасының осы мақсаттарға жұмсайтын шығыстарының арасындағы айырмасы төленеді.
Тұрғын үй көмегі туралы ақпарат алу үшін Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөліміне хабарласуыңызға болады.
найлы ауданының аз қамтамасыз етілген отбасыларының тұрғын үй көмегін алудың мүмкіндігі бар.