ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің 2020 жылғы 17 қазаны №390/НҚ бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес, Мұнайлы ауданы әкімдігінің бөлімдерімен 7 ауыл, ауылдық округ әкімінің аппараттарымен 62 қызметтің түрі көрсетіледі.
Мемлекеттік қызметтер көрсету процесінің ашықтығын қамтамасыз ету және мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру мақсатында аудан тұрғындарына 56 түсіндіру (хаттамалық тапсырмалар, кеңестер, дөңгелек үстелдер, семинар-тренинг жұмыстары және т.б.) жұмыстары жүргізілді, аталған түсіндірме іс-шаралары бойынша қамтылған қызмет алушылардың саны - 798.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын ішкі бақылаудың бойынша нәтижелеріне сәйкес:
Мұнайлы ауданы бойынша I тоқсан жағдайына көрсетілген қызметтердің саны –9 581 қызмет, оның ішінде:
1) көрсетілетін қызметті берушілермен кеңсе арқылы (Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілгендерді қоспағанда) қағаз түрінде көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны – 23 немесе 0,3%;
2) мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді "электрондық үкімет" веб-порталы және (немесе) Мемлекеттік корпорация арқылы көрсету мүмкіндігі болса да, қызметті берушілермен баламалы негізде кеңсе арқылы қағаз түрінде көрсетілгендер саны – 296 немесе 3,1%;
3) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыссыз көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы электрондық түрде ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны -7113 немесе 74,3%;
4) көрсетілетін қызметті алушымен тікелей байланыс және өтінімді ақпараттық жүйеге қолмен енгізу арқылы көрсетілетін қызметті берушінің ақпараттық жүйелері арқылы ("электроннық үкімет" веб-порталын www.egov.kz, www.elicense.kz қоспағанда) көрсетілген мемлекеттік қызметтердің саны –843 немесе 8,8%;
5) мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтің саны- 1306 немесе 13,5%;
Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту саны – 751 (қағаз түрінде-44, электрондық түрде - 707).
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының министрінің 2016 жылғы 8 желтоқсандағы №78 бұйрығымен бекітілген мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын мемлекеттік бақылау қағидаларына сәйкес, мемлекеттік қызмет көрсетулерінің сапасына ішкі бақылау жүргізу бойынша іс-шара жоспары бекітілді.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына жүргізілген ішкі бақылаудың нәтижесіне сәйкес: жүргізілген бақылау объектілерінің саны – 1, анықталған бұзушылықтардың саны – 1 (мемлекеттік қызмет көрсету тәртібін (бизнес-процесін) бұзу фактілері –1). Бақылау іс-шара қорытындысы бойынша 2 ұсыныс жолданды.
Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бірнеше рет аудан әкімдігінде ауыл, ауылдық округ әкімдері және аудандық тиісті бөлім басшыларымен өткізілген кеңестерде талқыланады.