Мұнайлы ауданының қоғамдық кеңесінің құрамын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 2 қарашадағы №383-V «Қоғамдық кеңестер туралы» Заңына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
- Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданының қоғамдық кеңесінің (бұдан әрі - Кеңес) құрамы бекітілсін.
- Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Мұнайлы ауданының қоғамдық кеңесінің резервтік тізімі бекітілсін.
- Осы шешімді аудандық мәслихаттың ресми сайтында және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауды қамтамасыз етсін (А. Жанбуршина).
- Осы шешім қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Мұнайлы аудандық
мәслихатының хатшысы Б. Билялов