Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен өңірімізге қарасты қала және аудан әкімі аппараттарының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына ішкі бақылау жүргізетін құрылымдық бөлімшелердің жауапты қызметшілерінің, қалалық және аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдері, халықты жұмыспен қамту орталығы мамандарының қатысуымен онлайн форматта семинар-кеңес өткізілді.
Бекітілген жоспарға сәйкес, аталған семинарды Мұнайлы ауданы әкімінің аппараты ұйымдастырды.
Онлайн семинарға, қала және аудан әкімдіктерінен бөлек Департаменттің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Ж. Маршакұлы қатысты.
Семинарда жұмыспен қамту және әлеуметтік салада көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің мәселелері, оның ішінде учаскелік және арнайы комиссияның жұмыстарын жетілдіру, ақпараттық жүйелерді жетілдіру, және кемшіліктерді жою, ақпараттық жүйелерді интеграциялау мәселелері қаралды.
Семинар барысында, Мұнайлы ауданы әкімі аппаратының мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасының мониторингі және бақылау бөлімінің басшысы Мугалова Роза Деменгенқызы аудан бойынша атқарылған жұмыстар бойынша баяндама жасады. Мұнайлы аудандық жұмыспен қамту бөлімінің орынбасары Кесикбаева Раушан Қадырбергенқызы және жауапты мамандар әлеуметтік саладағы қызметтердің проблемалық мәселелеріне тоқталып өтті. Қатысушылар тарапынан да қызмет көрсету кезіндегі кедергілер мен қарамақайшылықтар айтылды.
Нәтижесімен, бірқатар жұмыс тәртібінде орындалатын ұсыныстар әзірленді.