Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 3 993,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 303,9 млн. теңге, орындалысы 643 млн. теңге немесе 211,5 %-ды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 098,2 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 275,8 млн. теңге, орындалысы 593,4 млн. теңге немесе 215,2 %-ды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар – 3 013,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 274 млн. теңгенің, орындалысы 536,7 млн. теңге немесе 195,9 %;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 79,9 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 1,8 млн. теңгенің, орындалысы 6,7 млн. теңге немесе 372,7 %;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 4,4 млн. теңге, орындалысы 50 млн. теңге ;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 895,5 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 28,2 млн. теңгенің, орындалысы 49,6 млн. теңге немесе 175,9 %;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –277,8%, Дәулет – 101%, Маңғыстау – 165,1%, Батыр – 158,3%, Баянды – 30,6%, Атамекен – 163,1%, Қызылтөбе – 76,5% млн. теңге.
Шығыстар бөлігінің 2022 жылға жылдық жоспары 18 675,9 млн. теңге, 1 наурыз жағдайына жоспарланған 2 115,1 млн. теңгенің орындалысы 2 096,8 млн. теңге немесе 99,1% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2022 жылға жылдық жоспары 7 561,4 млн. теңге, 1 наурыз жағдайына жоспарланған 1 181,8 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 1 167,2 млн. теңге немесе 98,8% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2022 жылға жылдық жоспары 11 114,5 млн. теңге 1 наурыз жағдайына жоспарланған 933,3 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 929,6 млн. теңге немесе 99,6% құрап отыр. Жете игерілмеу сомасы 18,3 млн. теңге ағымдағы және даму бюджеті есебінен.