Үкіметтік емес ұйымдарға 2022 жылға арналған гранттарды берудің қосымша жоспары

Үкіметтік емес ұйымдарға 2022 жылға арналған гранттарды берудің қосымша жоспары

 

№

Грант тақырыптары

Жобаның мақсаты

Міндеттері

(жобаның негізгі бағыттары)

Іске асыру мерзімі

Аумақтық қамтылуы

Бөлінген қаражат көлемі (мың теңге)

Жобаны іске асырудан күтілетін нәтиже

1

Мұнайлы ауданында үкіметтік емес ұйымдарының ресурстық орталығының қызметін ұйымдастыру

Ауданның ҮЕҰ әлеуетін күшейту

Ауылдық ҮЕҰ, ынталы топтардың рөлін арттыру, халықтың өзара іс-қимылын нығайту, Мұнайлы ауданындағы жергілікті билік органдарымен тиімді қарым-қатынас орнату

2022 жылғы сәуір-желтоқсан

Мұнайлы ауданы

2694

Әлеуетті өнім беруші немесе – оның ресми  өкілі  осы жобаның іске асу мерзімінде Мұнайлы ауданында  үнемі болуы керек;

Жұмыс жоспарын тапсырыс берушімен келісу және бекіту;

Осы жобаның жүзеге асуы жөнінде халықты хабардар ету (ҮЕҰ кездесу ұйымдастырып әлеуметтік желіге жариялау)

Мұнайлы аудандық Қоғамдық Кеңесі жанынан құрылған «Әйелдер клубы» жұмысын ұйымдастыру;

-Қазақстан Республикасының Президентінің Жолдауы, Қазақстанның жетістіктерін таныстыру, тұрғындар арасында ақпаратттық-түсіндіру жұмыстарын ұйымдастыру;

Отбасылық құндылықтарды нығайту үшін халық арасында ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу және зорлық-зомбылықтың алдын-алу бойынша шаралар ұйымдастыру;

Азаматтық қоғам өкілдерінің, мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен өмірдің түрлі салаларындағы қазақстандық әйелдердің жетістіктерін, адамгершілік құндылықтарын насихаттау бойынша кең көлемде  ұйымдастырушылық және практикалық іс-шараларды өткізу (семинар-тренингтер, дөңгелек үстелдер және т.б.);

 Ауданның әлеуметтік-саяси өміріне елеулі үлес қосқан әйелдер туралы мақалалар дайындап, әлеуметтік желіге және газетке шығару;

Жоғары сынып оқушылары және жас аналар  арасында ертежүктіліктің алдын -алу  бойынша профилактикалық түсіндіру жұмыстары мен  психологиялық тренингтер ұйымдастыру;

Аудан тұрғындарына, сонымен қатар ауданның үкіметтік емес ұйымдарына консультативтік қызметтер көрсету;

Аудандағы Үкіметтік емес ұйымдардың ҮЕҰ дерекқорына уақытылы мәлімет тапсыруына ықпал ету және аталған мәселе бойынша Мұнайлы аудандық ішкі саясат бөлімімен тығыз жұмыс жүргізу;

Ауданның өзекті мәселелерін анықтау және оларды шешу жолдарын көрсете отырып, тиісті мемлекеттік органдар мен ұйымдарға ұсынымдар дайындау ;

Жергілікті мемлекеттік органдармен және ұйымдармен тиімді және құрылымдық өзара іс-қимыл орнату, сондай-ақ, олардың ұйымдастырған іс-шаралары мен кеңестік –жиын жұмыстарына қатысу;

Аудандық «Мерейлі отбасы – 2022» конкурсын ұйымдастырып өткізу. Конкурс тиісті деңгейде жүргізіліп, ауданнан отбасылар қатыстырылып, іріктеу  кезеңінен облыстық кезеңге ауданнан отбасы ұсынылуы тиіс; Жүлде қоры 1-ші орын-50 000 теңге; 2-ші орын-30 000 теңге; 3ші орын-20 000 теңге;

Ауданда «Асыл әже» конкурсын ұйымдастырып, облыстық кезеңге дайындау;

Тапсырыс беруші тарапынан ұсынылған қажетті полиграфиялық және типографиялық өнімдерді шығару;

Тапсырыс берушіге  жүргізілген жұмыстар негізінде ай сайын және жоба аяқталуына байланысты қорытынды есеп ұсыну; (есептермен қоса жүргізілген жұмыстар бойынша фотосуреттер және әлеуметтік желілерге жарияланып отырғандығы туралы скриншоттар )

2

Радикалды діни экстремизм мен терроризм идеологиясына қарсы ақпараттық – насихаттық материалдарды дайындау және насхат жұмысын жүргізу.

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету

Діни тұрақтылықты қамтамасыз ету, тіркелмеген діни топтар және қауымдармен радикалды идеологияға қарсы иммунитетті және діни алауыздық пен араздықты өршітуге жол бермеуді қалыптастыру

2022 жылғы сәуір-қараша

Мұнайлы ауданы

3094

Әлеуетті өнім беруші немесе оның ресми  өкілі  жобаның іске асу мерзімінде әрекеттерді келісіп, уақытылы түзетулер мен өзгерістер енгізу үшін, нәтижелерді талқылап, алдағы шараларды жоспарлау мақсатында Мұнайлы ауданында үнемі болуы керек. Тапсырыс берушімен жобаны жүзеге асыру концепциясын, жұмыс жоспарын келісім-шартқа қол қойылғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұсынып, келісу; Респиблика көлемінде танымал дінтанушы немесе теологты аудан жастарымен кездестіру 1-рет.

Діни экстремизмнің алдын – алу, ұрпаққа рухани тәрбие беріп, діни сауатын ашуға ықпал ететін TikTok (1 мин) бейнероликтер, дайындау (4 бейнеролик) 3-6 мин. Бейнеролик сценарийі міндетті түрде Тапсырыс берушімен келісіліп, бейнеролик дайын болғанда Тапсырыс беруші бейнероликтің мазмұнына, сапасына, кәсібілігіне назар аударып, соңғы шешімді айтады; 

Аудан тұрғындарын, аудан жастарын адамгершілікке, имандылыққа, рухани тазалығын сақтауға   негіз бола алатын мазмұнды  мақала дайындап, «Мұнайлы» газетіне жариялау. (5 мақала) Мақала мазмұны тапсырыс берушімен келісіледі. 

Аптасына бір рет әлеуметтік желіге жариялау үшін инфографика дайындау. Тапсырыс берушімен келісу;

АТТ жұмыстарына қажетті баспа өнімдерін дайындау, шығару. (1800 данадан кем емес) Тапсырыс берушімен келісілуі тиіс;

Мониторинг жұмыстарының маңыздылығын артыру мақсатында әлеуметтік желідегі парақшалардың оқырмандар санын көбейту. (8 парақша):

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
21 февраля 2022