2022-2024 жылдарға арналған Мұнайлы ауданы бюджеті бойынша анықтама

2022-2024 жылдарға арналған Мұнайлы ауданы бюджеті бойынша анықтама

2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджеті Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексіне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына және аудандық мәслихаттың «2022-2024 жылдарға арналған аудандық бюджет туралы» 2021 жылғы 27 желтоқсандағы №13/91 шешіміне сәйкес бекітілді. 2022 жылға арналған аудандық бюджетінің жобасы 18 666 663 мың теңгені құрап отыр.

Аудандық бюджет – орталықтандырылған ақшалай қор, түсімдер есебінен қалыптасады, ауданның жергілікті мемлекеттік органдарының міндеттері мен қызметтерін қаржылық қамтамасыз етуге арналған.

Аудан бюджетінің ағымдағы шығындары – 5 323,7 млн. теңгені немесе жалпы бюджеттің 28,5 пайызын, даму бюджеті – 6 418,1 млн. теңге немесе бюджеттің 34,3 пайызын,  заңнамаға енгізілген өзгерістерге сәйкес, ауданға қарасты білім беру саласы облыстық деңгейге өтуіне байланысты ауданның облыстық бюджетке аударатын трансферті 6 924,9 млн.теңге немесе 37,1 пайызды құрап отыр.

Бюджетті әзірлеуді ауданның экономикалық саясаттын қалыптастыру мен дамыту, мемлекеттік жоспарлау,  бюджеттік атқару және коммуналдық меншігін басқару  саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметті жүзеге асыратын мемлекеттік жоспарлау жөніндегі жергілікті уәкілетті орган  - аудандық экономика және қаржы бөлімі жүзеге асырады.

 

2022-2024 жылдарға арналған аудан бюджетінің шығыстары         

 

  1. Жалпы сипаттағы мемлекеттік қызметтер – 836,8 млн. теңге;
  2. Қорғаныс – 20,4 млн. теңге;
  3. Қоғамдық тәртіп, қауіпсіздік, құқықтық, сот, қылмыстық-атқару қызметі – 32,5 млн. теңге;
  4. Әлеуметтiк көмек және әлеуметтiк қамсыздандыру – 2 503,7 млн. теңге;
  5. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық – 3 358,1 млн. теңге;
  6. Мәдениет, спорт, туризм және ақпараттық кеңістік – 450,4 млн. теңге;
  7. Ауыл, су, орман, балық шаруашылығы, ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, қоршаған ортаны және жануарлар дүниесін қорғау, жер қатынастары – 105,1 млн. теңге
  8. Өнеркәсіп, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі – 150,6 млн. теңге;
  9. Көлiк және коммуникация – 3 524,4 млн. теңге;
  10. Өзгелер – 7684,6 млн. теңге.
Дата публикации
15 февраля 2022