2022 жылдың 1 ақпан жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 3 993,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 40,3 млн. теңге, орындалысы 136,3 млн. теңге немесе 338 %-ды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 098,2 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 40,3 млн. теңге, орындалысы 126 млн. теңге немесе 312,5 %-ды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар – 3 013,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 40,3 млн. теңгенің, орындалысы 84,9 млн. теңге немесе 210,7 %;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 79,9 млн. теңге, орындалысы 3,9 млн. теңге;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 4,4 млн. теңге, орындалысы 37,1 млн. теңге ;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 895,5 млн. теңге, орындалысы 10,3 млн. теңге;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –1,4, Дәулет – 0,2, Маңғыстау – 2,7, Батыр – 0,9, Баянды – 0,3, Атамекен – 3, Қызылтөбе – 1,5 млн. теңге.
Шығыстар бөлігінің 2022 жылға жылдық жоспары 18 666.7 млн. теңге, 1 ақпан жағдайына жоспарланған 50,3 млн. теңгенің орындалысы 47,2 млн. теңге немесе 93,8% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2022 жылға жылдық жоспары 7 561,4 млн. теңге, 1 ақпан жағдайына жоспарланған 10,0 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 10,0 млн. теңге немесе 100% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2022 жылға жылдық жоспары 11 105,3 млн. теңге 1 ақпан жағдайына жоспарланған 40,3 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 37,3 млн. теңге немесе 92,6% құрап отыр. Жете игерілмеу сомасы 3,0 млн. теңге ағымдағы шығындар есебінен.