Батыр ауылдық округі тұрғындарының назарына!
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы заңының 39-3 бабының 6 тармағы негізінде, Мұнайлы ауданы маслихатының «Мұнайлы ауданында бөлек жергілікті қоғамдастық жиындарын өткізудің қағидаларын бекіту туралы» 2014 жылғы 11 сәуірдегі № 20/223 шешімімен бекітілген қағидаларға сәйкес:
Ағымдағы жылдың желтоқсан айының 29-ы күні сағат 10.00-де Батыр ауылдық округінің әкімдігінде, сайланған жергілікті қоғамдастықтың мүшелерінің қатысуымен Батыр ауылдық округінің жергілікті қоғамдастығының жиыны өтеді.
Аталған жиынның күн тәртібінде келесі мәселені талқылау жоспарланып отыр:
- Батыр ауылдық округінің 2022-2024 жылдарға арналған бюджетін келісу;
- Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.
Мұнайлы ауданы әкімдігінің «Батыр ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесі