2021 жылдың 1 желтоқсан жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 4 996,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 3 896,2 млн. теңге, орындалысы 3 667 млн. теңге немесе 94,1 %-ды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 4 353,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 3 495,3 млн. теңге, орындалысы 3 235,8 млн. теңге немесе 92,6 %-ды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар – 4 030 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 3 187,9 млн. теңгенің, орындалысы 2 875,6 млн. теңге немесе 90,2 %;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 46,7 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 46,5 млн. теңгенің, орындалысы 65,1 млн. теңге немесе 140,2 %;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 277,1 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 260,9 млн. теңгенің, орындалысы 295,1 млн. теңге немесе 113,1 %;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 642,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 400,8 млн. теңгенің, орындалысы 431,2 млн. теңге немесе 107,6 %;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –93,3%, Дәулет – 103,8%, Маңғыстау – 105,6%, Батыр – 145,3%, Баянды – 102,4%, Атамекен – 113,4%, Қызылтөбе – 105,1%.
Шығыстар бөлігінің 2021 жылға жылдық жоспары 19 044,6 млн. теңге, 1 желтоқсан жағдайына жоспарланған 16 245,5 млн. теңгенің орындалысы 15 691,8 млн. теңге немесе 96,6% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 7 198 млн. теңге, 1 желтоқсан жағдайына жоспарланған 5 914,6 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 5 735,1 млн. теңге немесе 97% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 11 846,6 млн. теңге 1 желтоқсан жағдайына жоспарланған 10 330,9 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 9 956,7 млн. теңге немесе 96,4% құрап отыр. Жете игерілмеу сомасы 1 117,9 млн. теңге ағымдағы шығындар есебінен.