Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №3/20 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №3/20 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

 

 

Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:

  1. Мұнайлы аудандық мәслихатының 2021 жылғы 16 сәуірдегі №3/20 «Жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы» шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4491 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:

«Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 503 бабына және 509 бабының 5 тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы    23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының                            6 бабының 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Мұнайлы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;

көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:

«1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес Мұнайлы ауданында пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері жиырма есеге арттырылсын.».

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

                                     

                                     

Лауазымы

   

Аты-жөні

 

Дата публикации
29 ноября 2021