2021 жылдың 1 қараша жағдайына жергілікті және республикалық бюджеттің атқарылуы туралы ақпарат
Аудан бойынша кірістер бөлігінің жылдық жоспары 4 518,1 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 3 287,6 млн. теңге, орындалысы 3 109,1 млн. теңге немесе 94,6 %-ды құрады.
3 категория бойынша түсімдер жылдық жоспар 3 886,3 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 2 897,7 млн. теңге, орындалысы 2 709,6 млн. теңге немесе 93,5 %-ды құрады.
І.Салықтық түсімдер жылдық жоспар – 3 627,6 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 2 602,8 млн. теңгенің, орындалысы 2 399,8 млн. теңге немесе 92,2 %;
ІІ.Салықтық емес түсімдер жылдық жоспар – 84,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 42,9 млн. теңгенің, орындалысы 47,3 млн. теңге немесе 110,1 %;
ІІІ.Негізгі капиталды сатудан түсетін түсімдер жылдық жоспар - 174,4 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 251,9 млн. теңгенің, орындалысы 262,5 млн. теңге немесе 104,2 %;
ІV деңгейлі бюджеттің, яғни ауыл, ауылдық округ бюджетінің кірістер бөлігінің жылдық жоспары – 631,8 млн. теңге, есепті кезеңге жоспары 389,8 млн. теңгенің, орындалысы 399,4 млн. теңге немесе 102,5 %;
Ауыл, ауылдық округтер бөлінісінде орындалысы: Басқұдық –95,6%, Дәулет – 100,6%, Маңғыстау – 101%, Батыр – 100%, Баянды – 93,9%, Атамекен – 100,8%, Қызылтөбе – 98,1%.
Шығыстар бөлігінің 2021 жылға жылдық жоспары 19 533,8 млн. теңге, 1 қараша жағдайына жоспарланған 14 315,6 млн. теңгенің орындалысы 13 930,0 млн. теңге немесе 97,3% құрайды.
Республикалық бюджеттен бөлінген бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 7 707,2 млн. теңге, 1 қараша жағдайына жоспарланған 5 233,2 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 4 946,1 млн. теңге немесе 94,5% құрап отыр.
Жергілікті бюджет бойынша 2021 жылға жылдық жоспары 11 826,7 млн. теңге 1 қараша жағдайына жоспарланған 9 082,4 млн. теңге, оның кассалық орындалысы 8 983,9 млн. теңге немесе 98,9% құрап отыр. Жете игерілмеу сомасы 385,6 млн. теңге.
Республикалық бюджеттен 287 050,7 мың теңге,олар:
-2,7 млн.теңге мәдениет саласы қызметкерлердің еңбекақысына қосымша ақы төлеуден үнемделген қаржы;
-258,5 мың теңге әлеуметтік қызметкерлердің еңбекақысына қосымша ақы төлеуден үнемделген қаржы;
- 41,6 млн. теңге Баянды ауылының Баянды-2,3 тұрғын үй массивінен №3 орта мектепке дейін 2,3 шақырым автомобиль жол құрылысынан;
- 41,9 млн. теңге Басқұдық ауылдық округіндегі (Еврострой ЖШС-нен Грант тұрғын массивіне дейін) ұзындығы 2 шақырым автокөлік жолы құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар актісі болмауына байланысты;
- 200,0 млн. теңге Басқұдық ауылдық округінде 10 шақырым автожол құрылысы бойынша атқарылған жұмыстар актісі болмауына байланысты;
- 508,8 мың теңге бюджеттік кредиттерден үнемделген қаржы;
Жергілікті бюджеттен 98 502,8 мың теңге,олар:
-914,2 мың теңге еңбекақы төлемдері бойынша үнемделген қаржы;
- 2,1 млн. теңге коммуналдық төлемдер,байланыс және көлік қызметтері, тауарлар сатып алу бойынша ауданның жергілікті қаржылық бақылау шотында қаржының тапшы болуына байланысты
- 982,1 мың теңге қоғамдық жұмыс орындары мен жастар тәжірибесінен үнемделген қаржы;
- 3,0 млн. теңге бюджеттік кредиттер бойынша сенім білдірген өкілдің қызметі бойынша ауданның жергілікті қаржылық бақылау шотында қаржының тапшы болуына байланысты;
- 8,4 млн. теңге сирена сатып алудан ауданның жергілікті қаржылық бақылау шотында қаржының тапшы болуына байланысты;
- 70,3 млн. теңге облысқа қайтарылатын ысыраптан ауданның жергілікті қаржылық бақылау шотында қаржының тапшы болуына байланысты;
- 12,8 млн. теңге басқа да ағымдағы шығындардан ауданның жергілікті қаржылық бақылау шотында қаржының тапшы болуына байланысты.