Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыстың хаттамасы

Қызылтөбе ауылдық округі бойынша жергілікті қоғамдастық                   мүшелерінің қатысуымен өткен жиналыстың

                                          №  3  ХАТТАМАСЫ

        8 қараша 2021 жыл                                                      Қызылтөбе ауылы

 

 

        Жиналысты ашқан: Қызылтөбе ауылдық  округінің әкімі Е.Кайнаров

        Қатысқандар: Қызылтөбе ауылдық  округінің жергілікті қоғамдастықтың мүшелері, ауыл ақсақалдары, Ондағанов Еламан, Аманжаев Амангелді, Каратокашев Дурды, Факия Ермекова, Қолат Набат, Боқышов Қалдыбай, Колешов Жолмаганбет,Тангулов Аман,  Караев Дауылбай, Аманбаева Рысты, Суюнова Жадыра, Маденов Нурлыбек, Картбаева Саулеш және Мөлдір Абжат. Барлығы 15 адам.

 

Күн тәртібі:

  1. Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына атау беру;
  2. Жергілікті қоғамдастықтың басқа да ағымдағы мәселелерін талқылау.

 

        Қызылтөбе ауылдық  округі бойынша жергілікті қоғамдастығының жиналысын ауылдық округнің әкімі  Е.Кайнаров ашты.

        Күн тәртібіндегі бірінші мәселе «Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына атау беру туралы» екендігін айтып,  ауыл тұрғындарының пікірлерін ескере отырып, елді мекеннің  күншығыс бетінде орналасқан емдік қасиеті бар «Молжігіт» жер асты су көзінің атауын беруді ұсынды. Е.Кайнаров сөз кезегін Жергілікті қоғамдастық мүшелерінің төрағасы Еламан Оңдағановқа берді.

        Еламан Ондағанов: Қызылтөбе -2 тұрғын үй алабына атау беру мәселесі Жергілікті қоғамдастық мүшелері жиналысының күн тәртібінде осыған дейін көтерілгендігін айтып, «Молжігіт» жер асты су көзінің атауын беруді қолдайтындығын жеткізді.

        Союнова Жадыра: «Атажұрт», «Атакент», «Айрақты» деген атаулар ұсынды. 

        Ауылдық округ бойынша ардагерлер кеңесінің төрағасы  Аманжаев Амангелді  «Молжігіт» жер асты  суының өзіндік емдік қасиеті бар екендігін, «Молжігіт» атауын беруді құптайтындығын айтты.   

       

        Күн тәртібіндегі мәселені талқылай келе жергілікті қоғамдастық мүшелері ШЕШІМ ЕТТІ:

  1. Қызылтөбе-2 тұрғын үй алабына «Молжігіт тұрғын үй алабы» деген атау берілсін.
  2. Жоғарыда көрсетілген атау аудандық мәслихатқа және ономастика комиссиясына ұсынылсын.

        Жоғарыда аталған ұсыныстар ашық дауысқа салынып, бір ауыздан қабылдансын. (Қолдағандар – 11 адам, қарсы-жоқ, қалыс қалған-жоқ).

 

 

        Жиналыс төрағасы:                                                                 Е.Оңдағанов 

 

Хатшы:                                                                                             М.Абжат

 

 

 

 

 

 

Дата публикации
12 ноября 2021